433
Қант қызылшасы топырақтан қоректік заттарды басқа дақылдарға
қарағанда көп пайдаланады, сондықтан оның егісін өте құнарлы
топырақтарға орналастырады.
300ц тамыржеміс өніміне қызылша дақылы топырақтан гектарына
150-200 кг азот, 45-80 – фосфор, 180-240 кг калий сіңіреді, демек бұл
дақыл көп тыңайтқыш бергенді қажет етеді. Тыңайтқыштарды бірнеше
мерзімде қолданады: негізгі өңдеуде, тұқым себуде және өсіп даму
кезеңінде – үстеп қоректендіруде. Негізгі өңдеуде органикалық және
минералдық
тыңайтқыштар
пайдаланылады.
Органикалық
тыңайтқыштарды алғы дақылдар немесе жергілікті жердің жағдайына
қарай, қант қызылшасына арнап күзде (гектарына 10-30т көң) береді.
Минералдық
тыңайтқыштарды
топырақ
климат
жағдайларына
байланысты гектарына: азот 40-90кг, фосфорды – 30-90, ал калийді 45-
100 кг шамасында береді.
Әрине,
тыңайтқыштар
түрлері
мен
мөлшері
топырақ
картограммасына сәйкес бағдарламаланған өнімге есептеліп енгізіледі.
Тыңайтқыштардың қант қызылшасына қатарға берудегі қажет мөлшері:
азот пен калий – 10-15 кг, ал фосфор 15-20 кг. Топырағы сортаң
жерлерге тек қана азот пен фосфор тыңайтқыштарын берген тиімді.
Тыңайтқыштармен үстеп қоректендіруді бірнеше рет жүргізеді,
үстеп қоректендіру қатарарлықтарды өңдеумен бірге беріледі.
Өсімдіктерді сиретуден кейін бірінші үстеп қоректендіруде 1гектарға
10-15 кг азот, 15-30 кг фосфор және 15-20 кг калий қолданады. Екінші
және үшіншіде – 15-25 кг фосфор мен 20-30 кг калий, ал азотты аз
мөлшерде (7-10 кг) пайдаланады.
Қант
қызылшасын
үстеп
қоректендіруде
минералдық
тыңайтқыштармен бірге микроэлементтері де (бор, мырыш, марганец)
енгізіледі.
Суармалы жерлерде үстеп қоректендіруді суарудың алдында
жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: