430
Тұқым жарнағының топырақ бетіне шығуы мен оның жасылдануы
«қосқұлақтану» кезеңі деп аталады. Тұқымы өніп шыққаннан 8-10 күн
өткеннен кейін, нағыз жапырақтардың бірінші жұбы пайда болады. Әрі
қарай әр 2-3 күннен кейін үш жұпқа дейін жаңа жұп жапырақтар, сонан
соң дара жапырақтар шығады. Барлығы 60-80, кейде одан да көп
жапырақтар түзіледі.
Қант қызылшасы өсу жағдайына өте жоғары талап қояды. Қант
қызылшасы тамырында жиналатын қанттың мөлшері жарық қарқынына
тікелей байланысты болуынан, жауын шашынды бұлыңғыр ауа райында
тамыржеміс өнімділігі мен оның қанттылығы төмен болады.
Қант қызылшасы ұзақ күннің өсімдігі. Күн жарығының ұзақтығы
мен қарқыны қызылшаның өсіп-жетілуіне, сондай-ақ қант, көмірсулар
түзуіне көп әсер етеді. Жарық жақсы түскен сайын, көмірсулардың
синтезделу үрдісі жақсы өтеді. Жарықтың жетіспеуінен қант
қызылшасының өнімі мен қанттылығы күрт төмендейді.
Дақылдың жылуға талабы орташа. Вегетациялық кезеңіне қажетті
белсенді температура жиынтығы – 2400°C. Өсіп-жетілуіне оңтайлы
температура – 20-22 °C.
Қосқұлақтану кезеңіндегі өскіндер – 3-4°C үсікті көтермейді, бірақ
екі нағыз жапырақты кезеңде – 6-7°C үсікке шыдамды.
Қант
қызылшасы
ылғалды
көп
қажет
етеді.
Оның
транспирациялық коэффициенті 240-400 аралығында болғанмен,
құралатын органикалық массасының жалпы мөлшері көп болғандықтан,
жоғары өнім алу үшін топырақта ылғал жеткілікті болу керек.
Өсімдіктің ылғалды көп қажет етуі жапырақтар мен тамырларының
қарқынды өсу кезеңінде болады. Сонымен қатар, қант қызылшасы өзінің
мықты тамыр жүйесінің арқасында топырақтың терең қабатынан
өсімдіктерді ылғалмен қамтамасыз етуіне байланысты, құрғақшылыққа
да төзімді өсімдікке жатады.
Қант қызылшасы жоғары өнімді жақсы жарық пен ылғал мол
жағдайларда береді.
Бұл дақыл топырақ аэрациясына жоғары талап қояды. Ауа
тұқымның өніп-өсуі мен тамыржемістер қалыптасуының барлық
кезеңдерінде қажет. Ауыр, нашар өңделген топырақтарда ауаның
жеткіліксіз болуынан тамыржемістердің өсіп-жетілуі нашарлап, өнім
төмендеп кетеді.
Топырақ қышқылдығына қант қызылшасы сезімтал. Оған топырақ
ортасының реакциясы бейтарап және әлсіз сілтілі болуы өте қолайлы
(рН 6,5-7,5).
Қант қызылшасы қоректік заттарға бай қара, қара-қоңыр
топырақты жерлерде мол өнім береді.
Республикада қант қызылшасы негізінен Алматы және Жамбыл
облыстарында кәдімгі сұр топырақты жерлерде өсіріледі. Елімізде оның
28 сорты өсіруге рұқсат етілген және кең тарағандары – Ялтушковская
односемянная, Ялтушковская односемянная 30, Рекорд, Ризор, Роксанг,
431
Амели, Венера, Георгина, Ленора және будандардан ЦКАЗМС-44,
КазМС-19, КазСИБ-14 ж.б.
Достарыңызбен бөлісу: