Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет452/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   448   449   450   451   452   453   454   455   ...   490
Байланысты:
index (15)

Тұқымдық  қызылша  өсіру.

 

Бірінші  жылы  өсірілген  және  тұқым 

алу  үшін  сақтауға  қойылған  тамыржемістер  аналықтар  немесе 

тұқымдықтар деп аталады. 

Тұқымдық  қызылша  өсірудің  негізгі  тәсілдері  фабрикалық 

(зауыттың) қызылша өсіру технологиясына жақын. Тұқымдық қызылша 

егістерін  фабрикалық  ауыспалы  егістің  сәйкес  танаптарындағы  құнары 

жоғары учаскелерге орналастырады. 

Өсіру  жағдайлары  тамыржеміс  өнімінің  артуына  ғана  емес,  оның 

тұқымдық  өнімділігі  мен  алынатын  тұқымның  өнімдік  сапасына  үлкен 

әсер етеді. 

Тұқымдық  қызылшаны  қатараралықтары  45,30  см  етіп  оңтайлы 

агротехникалық мерзімдерде отырғызады. 

Тұқымдық  қызылша  өсірудің  басты  ерекшелігі  өсімдіктерді  өте 

жиі  -  әр  гектарға  кемінде  140-160  мың  аналық  тамыржеміс  өсімдік 

орналастырылады.  Оған  қатарда  өсімдіктерді  жақын  орналастырумен 

жетеді. 

Тұқымдық қызылшаны жинау мерзімінің маңызы зор. 

Ыстық  мерзімде  ерте  жиналған  тамырлар  тез  солып  қалады  және 

шоқалап  сақтауда  зең  басып  кетеді.  Ерте  жинауда  «қыңырлар»  саны 

көбейеді.  Сондықтан  тұқымдық  қызылшаны  мүмкүндігінше  тәуліктік 

орташа    температура  6-8°C  дейін  төмендеп  тұрақты  салқын  түскенде, 

бірақ үсік ұруға дейін жиналған дұрыс. 

 Тұқымдық    қызылшаны  жинау  үшін  пышағы  алынған  қызылша 

комбайнын  пайдаланған  дұрыс.  Онда  қызылшаны  қазу  мен  жерден 

таңдап 


алу 

толық 


механикаландырылады. 

Қазып 


алынған 

тамыржемістерді  топырақтан  тазартады  және  бүршіктерін  зақымдамай 

жапырақтарды кесіп тастайды. Тек орталық бүршікті ғана қалдырады. 

 Тазалау  кезінде  ауру,  бұтақтанған  және  зақымданған  тамырларды 

алып  тастайды.  Тазаланған    тамырларды  уақытша  жауып  қояды  да 

жалпы  өнімді  жинауды  бітірісімен  қыста  сақтайтын  жерге  алып  кетеді. 

Тамыржемістерді  шоқалап  немесе  ені  70  см  (екі  тамыр  ұзындығы), 

тереңдігі  75-90  см,  ұзындығы  өз  ыңғайына  қарай  қазылған  жерде 

сақтайды.  Шоқада  тамыржемістерді  қабатпен,  тегіс  қатарлап  қояды. 

Тамырлар өзара жанаспас үшін тамырдың әр қатарын 3-4 см қалыңдықта 

топырақпен  жабады.  Шоқаның  үстін  қатып  қалудан  сақтау  үшін 

топырақпен  жауып  тастайды;  қыста  қар  жетіспейтін  жағдайда  шоқаны 

қосымша көңмен жабады. Жақсы сақталу үшін қажет температура 3-4ºC. 

 Қызылшаның  тұқым  өнімі  топырақтың  құнарлығына  тікелей 

байланысты.  Сондықтан  тұқымдық  тамыржемісті  жақсы  алғы 

дақылдардан  кейін  орналастырады,  органикалық  және  минералдық 

тыңайтқыштар  береді.  Оған  ең  жақсы  алғы  алғы  дақыл  –  тыңайтылған 

сүрі жерден кейінгі күздіктер мен дәндібұршақ дақылдары. 




 

437 


 Көктемде  аналықтарды  отырғызғанда  жергілікті  органикалық 

минералдық  тыңайтқыштарды  әр  гектарға  мынадай  мөлшерде  береді: 

көң 5-6 т, азот – 15-20 кг, фосфор – 30-40, калий – 10-15 кг. Одан басқа 

жертаған жапырақтанғанда гүлсидам пайда болар алдында 20-30-кг-нан 

толық  минералдық  (NPK)  тыңайтқыштармен  өсімдіктерді  үстеп 

қоректендіреді. 

 Тамыржемістерді  отырғызуға  дайындауға  –алдынала  (5-6  күн 

бұрын)  шоқадан  оларды  аршып  алу,  шіріген,  ауру  және  мүрік 

тамырларды  алып  тастау,  үйіндіде  олардың  көктеуін  жеделдету 

мақсатында жылы ауамен өңдеулер жатады. 

 Тамыржемістерді 

дала  жұмыстарының  бірінші  аптасында 

отырғызады.тұқымдықтарды  отырғызуды  кешіктіруге  болмайды:  10-14 

күнге  кешігуден  тұқым  өнімі  25%  төмендейді.  Аналық  тамырларды 

алдын  ала  белгіленген  танап  жерлеріне  топырақ  бетінен  2-3  см  төменгі 

тігінен  отырғызады;  тұқымдықтың  қоректену  алаңы  4900см

2

  (70*70) 



болғанда 1  га алаңға 20,4 мың тамыржеміс орналасады. 

 Егістікті 

күтіп-баптаудағы 

бірнеше 


мәрте 

кесе-көлденең 

қопсытулардан  басқа,  гүлдену  алдында  гүлсидам  өркендердің  бас  және 

бүйір  бұтақтарын  қырқудың  топырақты  борпас  және  таза  күйде  ұстап 

тұрудың  маңызы  зор.  Жаппай  гүлдену  кезеңінде  өсімдіктерді  қосымша 

тозаңдандырудың да атқаратын рөлі ерекше. 

 Қант  қызылшасы  тұқымының  пісуі,  гүлденуі  сияқты  әркелкі.  Ал  

мұның өзі тұқымдық егісті жинауды қиындатады, онымен қоймай піскен 

тұқымдар  тез  шашылады.  Піскен  бұтақтарды  таңдап  жинау  көп  қол 

еңбегін  қажет  етеді.  Бірақ  тұқым  орылған  бұтада  да  пісіп 

жетілетіндіктен  тұқымдық  егісті  жаппай  оруды  ерте  мерзімде,  барлық 

тұқымның  үштен  бірі  піскенде  лафетті  және  аспалы  дестелегішпен 

жүргізуге  мүмкіндік  туады.  Тұқымның  піскендігінің  белгілеріне  тұқым 

тізбесінің қоңырлануы, тұқым жарнағының ұн сияқты болуы жатады. 

 Тұқымдықтың  орылған  бұталарын  30  см  қалыңдықта  бостау 

баулайды да қатарлап қойып кептіреді. 

 Соңғы  кездері  тұқымдықты  дестелеу  тәсілімен  жинау  қолданыла 

бастады. 

 Тұқымдықтарды  жинау  алдында  кейбір  химиялық  заттардың 

(магний  хлораты,  натрий  хлораты,  кальций  цианамиді)  әлсіз 

ерітінділерімен  жапырақтарды  түсіру  (дефоляция)  және  тамырмен 

тұрған өсімдікті кептіру (десикация) үшін егісті өңдейді. Бұл тұқымдық 

егісті комбайнмен жинауға мүмкіндік береді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   448   449   450   451   452   453   454   455   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет