Метазин,
50% ұнтақ бір жылдық арам шөптеріне қарсы гектарына
5 кг препаратты суға ерітіп бүркеді.
Паторан,
50% ұнтақ (әсерлі затты-метапромурон), бір жылдық
және астық тұқымдас арамшөптерге қарсы, әр гектарына 4-5 кг
препаратты суға ерітіп, картоп көктеп
шыққанша танапқа жаппай
бүркеді.
Ситрин,
50% ұнтақ (әсерлі заты-симазин 14%, оған қоса
прометрин 30%). Мұны да жоғарыдағыдай гектарына 5 кг препарат
жұмсап бүркеді.
Топогард,
50% ұнтақ (әсерлі заты-тербутилазин, 15% + тербутрин
35%). Енгізу мөлшері 2-4 кг/га.
Прометрин,
50% ұнтақ түрінде (гезагард-50), әр
гектарына 3-5 кг
препарат 300-400л суға ерітіліп шашылады.
Талғамды әсерлі гербицидтер тек арамшөптерді ғана жойып,
мәдени өсімдікке зиян етпейтін болғандықтан, картоп көктеп жер бетіне
шыққан соң шашылады.
Гербицидтердің бұл тобына жататыны –
Зенкор.
Зенкор 70%
ұнтақ, (әсерлі заты-метребузин) картоп көктеп жері бетіне шыққанда
препарат есебімен 0,700-0,750 кг/га жұмсалады, ал картоп жер бетіне
шықпай ертерек шашылса, онда 1,4-2,1 кг препарат жұмсалады. Судың
мөлшері 300-400 л/га.
Картоп өскен танаптағы арамшөптерді гербицидтермен отаған соң
20-30 күндей тырма жүргізілмеу керек, себебі тырма тісі тиген жердегі
гербицидтің әсері әлсіреп, арамшөптер қайта өсіп кетуі мүмкін.
420
Достарыңызбен бөлісу: |