Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ


Картоп плантациясын дұрыс орналастыру (ауыспалы егістер)



Pdf көрінісі
бет427/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   423   424   425   426   427   428   429   430   ...   490
Байланысты:
index (15)

Картоп плантациясын дұрыс орналастыру (ауыспалы егістер). 


 

409 


Ауыспалы  егісте  картоптың  алғы  дақылдарға  талаптары  топырақ 

пен  климат  жағдайларынна  байланысты  өзгереді.  Ылғал  жеткілікті 

аймақтарда  өзінен  кейін  мүмкіндігінше  көп  тамыр  мен  аңыз 

қалдықтарын  қалдыратын  танаптарды  арамшөптерден  тазартуға 

себептесетін  және  топырақта  зиянкеситер,  саңырауқұлақ  пен 

бактериялық  ауру  қоздырғыштарының  жинақталуы  мен  көбеюінің 

алдын алатын дақылдар жақсы алғы дақылдарға жатады. 

Жоғары  өнім  алудың  басты  шарттарының  бірі  –  картоппен 

қаныққан  ауыспалы  егіс  көлемінің  50-60%  дейін  сүрі  жер  –  отамалы, 

шөпті-отамалы  дақыл  және  отамалы  дақыл  сияқты  мамандандырылған 

ауыспалы  егістерді  игеру  болып  табылады.  Негізінен  картопты 

Қазақстанда суармалы жерлерде өсіреді және оны жақсы алғы дақылдан 

кейін  орналастырып  өсірген  дұрыс.  Еліміздің  солтүстік  аудандарында, 

негізінен кәдімгі оңтүстік қара топырақтарында және ылғал мол түсетін 

басқа  аймақтарда  картопты  суарылмайтын,  тәлімі  жерлерде  өсіруге 

болады.  Аталған  ерекшеліктерді  ескере  отырып 



суармалы

  жағдайда 

өсірілетін  картоп  үшін  мынадай  ауыспалы  егістер  кескіндері 

ұсынылады:  

1.  Көпжылдық шөптер (2 жыл) – картоп – тамыржемістер-картоп; 

2.  Біржылдық шөптер – картоп – жүгері – картоп; 

3.  Жүгері – картоп – тамыржемістер – картоп; 

4.    Қырыққабат(орамжапырақ)  –  картоп  –  қияр  –  картоп  –  пияз  – 

картоп.  

Тәлімі (суарылмайтын) жерлерде; 

1.  Ықтырмалы сүрі жер – картоп – бидай; 

2.    Ықтырмалы  сүрі  жер  –  картоп  –  сұлы  +  бұршақ 

тұқымдастардың қоспасы – картоп; 

3.  Ықтырмалы сүрі жер – картоп – жүгері – картоп. 

Келтірілген ауыспалы егістер кескіндерін жобалы деп қарастырған 

дұрыс.  Белгілі  бір  ауыспалы  егісті  таңдап  алу  нақты  картоп  өсірілетін 

аймақ  пен  шаруашылық  жағдайларына,  өсіру  мақсаттарына,  егістік 

алқаптардың  құрылымына,  мамандануына  және  басқаларға байланысты 

өзгереді. 

Ғылыми  мекемелер  деректері  мен  озат  шшаруашылықтар 

тәжірибелеріне  қарағанда  суармалы  жерлерде  картоп  үшін  ең  жақсы 

алғы дақылдар: көпжылдық шөптер, асбұршақ, жүгері, қант қызылшасы 

және  т.б.  Сонымен  қатар  көкөніс  дақылдары  ішінде  қияр,  пияз, 

қырыққабат  және  бақша  дақылдарынан  кейін  өсірілген  картоп 

өніміжоғары  болады.  Солтүстік  Қазақстан    жағдайында  және  басқа 

қуаңшылықты  аймақтарда  суарылмайтын  картоп  үшін  жақсы  алғы 

дақыл  ықтырмалы  сүр  танабы  болса,  Қазақстанның  Оңтүстік 

шығысында    жасыл  балаусаға  өсірілген  асбұршақ  пен  сұлы  қоспасы 

екені дәлелденген. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   423   424   425   426   427   428   429   430   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет