413
элементтердің ішінен калийді көп пайдаланады, екінші орында азот,
одан соң фосфор. Әрбір коректік заттың өнім түзуде өзіндік
ерекшеліктері бар.
Картоп топырақта қоректік заттардың мол болуын калайды.
Республиканың барлық топырақ аймақтарында тыңайтқыш қолдану
картоп өнімінің артуына ойдағыдай әсерін тигізеді. Оңтүстік боз
топырақты аймақта минералды тыңайтқыштарды жекелеп енгізгенде
азот орта есеппен гектарынан 46 ц, фосфор-60 ц, калий-14 ц, ал
минералдық тыңайтқыштардың толық құрамы, есептелген мөлшерде
(NPK) енгізілгенде 133 ц қосымша өнім берген (Р.Е.Елешев). Қара
топырақты егістікте тиісінше – 40, 30, 20 және 62 ц косымша өнім
алынған.
Мұнан Қазақстан жағдайында азот пен фосфор қолдану картоп
өнімділігіне күшті әсер ететінін көреміз.
Картоп өнімін молайтуда органикалық, тыңайтқыш қолданудың да
маңызы үлкен. Көңді 20-30 т мөлшерінде күзде берген дұрыс. Әсіресе,
көңді картоп-көкөніс ауыспалы егісінде минералдық тыңайткыштармен
ұштастырып пайдалану жақсы нәтиже береді.
Картоп дақылына қолданылатын тыңайтқыш мөлшері алғы
дакылға байланысты. Отамалы жөне көкөніс дақылдарынан соң картоп
отырғызылатын топыраққа азот тыңайтқышын көбірек, ал фосфор мен
калийдің жылдық мөлшерін 20-30 процентке азайтқан дұрыс. Егер
картоп бақша дакылдарынан немесе сүрлемдік жүгеріден кейін
отырғызылатын болса, қолданылатын минералдық тыңайтқыш мөлшерін
15-20% арттыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: