51
пайдаланады. Автотрофты қоректенуге дейінгі осы кезеңді Н.Н.
Кулешов өскіннің
жетілген
немесе
толған
кезеңі деп атаған. Бұл кезең
де экологиялық ортаға (ылғал, температура ж.б.) белгілі бар
талаптарымен ерекшеленеді.
Сонымен, әуелі түп тамыр, соңынан өскін өседі, одан әрі қарай
сабақ өркені өсе бастайды, ал ол жоғарыда атап өткеніміздей,
«колеоптилемен» қапталған болады (ол түр өзгерісіне ұшыраған
өсімдіктің алғашқы жапырағы болып табылады). Оның жоғарғы ұшы
сүйірленген, топырақты жеңіл жарып шығады. Топырақ бетіне
шықсымен «колеоптиле» өзінің тіршілігін тоқтатады да бірінші
жапырақтың қысымымен жарылады да жапырақ пайда болады. Міне осы
кезең егін көгінің пайда болу немесе көктеу кезеңі деп есептеледі. Егер
дәнді дақылдарда егін көгі өркеннің (өскіннің) ұзаруы есебінен жүрсе,
көпшілік қос жарнақты өсімдіктерде тұқым жарнақтың астыңғы қалтасы
жайыла өседі де жарнақтарды топырақ бетіне шығарады, басқаша
айтқанда егін көгі нағыз жапырақтар емес, жарнақты жапырақтар түзеді
(қарақұмық, астра, асқабақ т. б. туыстар).
Егін көгі кезеңінің басталуы деп алқаптағы өсімдіктердің 10 пайыз
бірінші жапырақтар пайда болған күнді, ал толық көктеуі деп 75 пайыз
бірінші жапырақтар пайда болған кезеңді есептейді.
Өну-көктеу кезеңінің ұзақтығы (сонымен қатар себу-көктеу)
топырақ пен ауаның температурасына, тұқым ірілігі мен себу сапасына,
топырақтың механикалық құрамы мен ылғалдылығына, тұқым себу
тереңдігіне т. б. факторларға байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: