143
және профилактикалық мақсатта пробиотикалық препараттар алу үшін
ұсынылып отыр.
8. Штаммдардың жіктелуіне сәйкес (Микроорганизмдер-продуценттердің,
бактериялық препараттардың және олардың ауадағы құрамдас бөліктерінің
жұмыс аймағындағы шекті рұқсат етілген концентрациясы (ШРК) ГН
2.2.6.709-98 Гигиеналық нормативтері) in vitro жағдайында потенциальды-
патогенді белгілерін анықтау, вируленттігі, аллергендік
және сезімтал әсерін
зерттеу нәтижелері бойынша
Lactobacillus brevis 8-6М, Lactobacillus paracasei
8-2M, Lactobacillus helveticus 5-2M, Bif.crudilactis 7-1C, Lact.lactis 7-8М
штаммдары қауіптіліктің 4-класына жатқызылды.
9. Қымыз және шұбат үшін біршама оптимальды ашытқылар құрамы
анықталды.
Lb.acidophilus 015k-1, Lc.lactis 010k, T.sphaerica 034y
құрамды №1
ашытқы;
Lb.acidophilus 05ch, Lc.lactis 026 ch, T.sphaerica 034y
құрамды №2
ашытқы сиыр, түйе және бие сүтіне бейімделді.
10.Өндірістік құнды қасиеттерін зерттеу барысында
Lact.lactis 7-8 M,
Lactobacillus helveticus 5-2M, Lactobacillus brevis 8-6 M, Bif.crudilactis 7- 1C,
Lactobacillus paracasei 8-2 M, Lb.acidophilus 015k-1, Lb.acidophilus 021 ch-4,
026ch
штаммдары перспективті болып табылды.
11.
Белсенді штаммдардан лиофильді кептіру жолымен пробиотиктің 2
тәжірибелік композициясы құрастырылып, сапалық көрсеткіштері бойынша 1:1
қатынасында
Lactobacillus helveticus
5-2М
және
Lactobacillus brevis 8-6М
штаммдарының тұратын № 2 композиция
жақсы көрсеткіштер көрсетіп, оған
Экопробиотик деген атау берілді.
12. Пробиотикалық препараттардың сынама партиялары тиімділігі
бойынша Қызылорда облысы «Қарақожа-Ата» шаруа қожалығында сынақтан
өтіп, диареямен ауыратын жаңа туған төлдерде емдік және профилактикалық
тиімділігі расталды.
13. Зертханалық жағдайда құрғақ күйінде жаңа пробиотикалық
препараттарды алу технологиясы әзірленді.
14. Отандық сүт қышқылды бактериялар
негізінде құрастырылған
«Экопробиотик» препараты ауыл шаруашылық малдары төлдерінің ауруларын
алдын-алу және емдеу үшін ұсынылып, препаратқа ұйым стандарты әзірленді.
15. Зерттеу жұмыстары нәтижесінде перспекті деп танылған 15 штамм
Қазақстан Республикасынын Білім және ғылым министрлігінің Ғылым
комитетінің «Микроорганизмдердің республикалық коллекциясына» енгізілді.
Олардың түрге дейінгі идентификациясы расталып, штаммдарға коллекциялық
нөмер алынды.
16. Жүргізілген зерттеулердің ғылыми жаңалығы 4 патентпен және 5 ҚР
пайдалы модельдерімен расталды (Қосымша Е).
.
Достарыңызбен бөлісу: