КЖ-ДІҢ ҚҦРЫЛЫМЫН РҦҚСАТСЫЗ ӚЗГЕРТУДЕН ҚОРҒАУ ӘДІСТЕРІ КЖ-ні жасау және пайдалану кезеңдерінде оның алгоритмдік, програм-
малық және техникалық қҧрылымдары рҧқсатсыз ӛзгертулерге ҧшырауы
мҥмкін.
КЖ-ні пайдалану кезеңінде ақпарат қауіпсіздігіне қауіп тудыратын
жҧмыстарды модернизациялау қажет.
КЖ-дің қҧрылымын рҧқсатсыз ӛзгертулерден (КЖҚРӚ) қорғау ерекшелегі
әдейі жасалатын әрекеттермен қоса, оларды жҧмысшылардың және
қызметшілер қҧрамының әдейі жіберген қателерін тауып, оларды іске қосуды
болдырмаумен бірге ақпараттық және программалық қҧралдардың істен
шығуын болдырмау. Әдетте КЖ-дің жасау мен модернизациялау кезеңіндегі
жасалған КЖҚРӚ-лер
бетбелгілер деп аталады.
Осындай кластағы қауіптерді іске асырмау ҥшін КЖ-дің ӛмір сҥру
циклының әр тҥрлі кезеңдерінде әр тҥрлі мәселелер шешіледі. КЖ-ді жасау мен
модернизациялау кезеңіндегі негізгі мәселе қателерді және бетбелгілер салуды
болдырмау. Пайдалану кезінде бетбелгілер мен қателер анықталып, оның
бҥтіндігі, қҧрылымының ӛзгермейтіндігі қамтамасыз етіледі.
Программалық және ақпараттық қҧралдарды жасаудан бҧрын алгоритмдерді
жасау орындалады. Егер бетбелгілер мен қателер дер кезінде анықталмаса және
алгоритмдерді жасау кезінде жойылмаса, олар программалар мен жабдықтарға
ауысады.
Алгоритмдер мен программаларды, ақпараттық қҧралдарды жасау кезеңінде
жалпы тҥрде тӛмендегі негізгі принциптерге сҥйену керек.
-
қҧрастыру жҧмыстарына жоғары білікті мамандарды шақыру;
-
иерархиялық қҧрылымды пайдалану;
-
стандарт блоктарды пайдалану;
-
ҧқсастықты қайталау;
-
кӛпқабатты сҥзбеден ӛткізу;
қҧрастыру жҧмыстарының процесін бақылау;
-
дайын ӛнімді сертификациялау.
Техникалық тапсырмалар мен алгоритмдерді жасауға қҧрылымдарды жасау
процесіне бақылау жасайтын және дайын ӛнімдерді сертификациялауға жҧмыл-
дырылған мамандардың біліктілігіне ерекше талаптар қойылуы тиіс. Кезкелген
жҥйені иерархиялық блоктың қҧрылымы тҥрінде қарастыру кезкелген блокты
қара жәшік ретінде қарастыруға мҥмкіндік тудырады.