Ж. Нысамбаев, Н. С. Уалиев


 Программаларды жасағанда бетбелгілердің енуінен қорғау



Pdf көрінісі
бет79/120
Дата06.02.2022
өлшемі1,36 Mb.
#79232
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   120
Байланысты:
Akparattik kauipsizdik zhane akparattyk korgau Nysambaev

 
9.1 Программаларды жасағанда бетбелгілердің енуінен қорғау 
 
Қателер мен бетбелгілер жоқ программалық қҧралдарды жасау ҥшін, 
тӛмендегідегі шарттарды орындау қажет: 
-
программалаудың осы заманғы технологияларын пайдалану; 
-
қҧрастырудың автоматтандырылған жҥйесінің болуы; 
-
автоматтандырылған тексеру-сынау стендтерінің болуы; 
-
дайын программаларды жоғары деңгейлі тілдерде беру; 
-
бетбелгілерді анықтай алатын трансляторлардың болуы. 
Осы заманғы прграммалау технологиялары программаларды жасаудың
шыңдаудың және тестілеудің автоматты жҥйелерін іске қоса алады. Стандарт 
модульдерді пайдалану қателер мен бетбелгілерді іздеу программаларын 
жасауды жеңілдетеді. 
Жоғары дәрежедегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жасаудың негізгі бағыт-
тарының бір − қҧрылымдық программалардың орнына келе жатқан обьектіге 
бағытталған программаларды қолдану болып есептеледі. 
Обьектіге бағытталған программаларды пайдалану мәліметтердің абстрак-
тылы типтерін сипаттау фазасымен бӛле алады. Сипаттау модулінде мәлі-
меттерді ӛңдеу процедуралары болады. Мҧндай бӛлу программалаудың 
сенімділігін арттырады, себебі, ішкі мәліметтерге ену мен сипаттау модульде 
аталған процедуралар кӛмегімен ғана орындалады. Бҧл қателердің кӛп бӛлігі 
орындау кезеңінде емес, компиляция кезеңінде, абстрактілі типті мәліметтерді 
ӛңдеу кезінде табуға мҥмкіндік жасайды. 
Абстрактілі мәліметтер мен рҧқсат етілген әрекеттердің процедуралар 
денесінде емес, сипаттау модулінде болатындығынан программалық қҧрал-
дарды бетбелгілерді болуына талдау жҥргізу жеңілдетіледі. 
Обьектіге бағытталған программалардың (ОБП) ең негізгі тҥсініктерінің 
бірі “класс” тҥсінігі. Бҧл тҥсінік кӛмегімен процедуралар жиыны бар мәлімет-
тердің белгілі бір типін және осы мәліметтермен жҧмыс істейтін функция-
лармен байланыстырады. 
ОБП-дың артықшылығы жҧмыс істеуді, жаңа қасиеттерді қосуды немесе 
жоюды, келеңсіз элементтерді жоюды жазылған және реттелген нәрселерді 
ӛзгертпей тҧрып модификациялауға мҥмкіндік жасайды. Пайдаланушыға 
жасалған класқа жататын обьектілерді анықтап, оларға хабарлама жіберу 
жеткілікті. Мҧнда программалық ӛнімнің қауіпсіздігі кластардың тҥсіндір- 
мелерінің модульдерін талдауға келтіріледі. Егер класстар библиотекасынан 
алынған класс қҧрастырушыны қанағаттандырмаса, онда ол базалық кластан 
шығатын класс жасап, оған қажетті ӛзгерістерді енгізіп, сол туынды кластың 
обьектілерімен жҧмыс жасай береді. Егер базалық кластың мәліметтері мен 
әдістері туынды кластарда қолданылмайтын болса, онда оларды ішкі 
мәліметтер мен әдістер ретінде сипаттауға болады. 
ОБП-дың концепциясы программаларды қҧрастырушыларды осы мәлімет-
терді ӛңдеуге қажет болатын кластың мәліметтер қҧрылымын және әдістер 


94 
(процедуралар) жиынын ҧқыпты тҥрде ойластыруы керек. Алынатын програм-
малар оңай оқылатын, ӛздері қҧжатталатын кластар сипаттамаларының 
модульдері жиыны мен әдістер денелерінің іске асыру модульдерін береді. 
Программаларды осылайша беру олардың семантикалық талдауын жеңілдетеді 
және оларда бетбелгілердің болуын бақылайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет