Хабаршысы вестник



Pdf көрінісі
бет38/164
Дата06.02.2022
өлшемі2,77 Mb.
#79413
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   164
Байланысты:
№1 (56)-2020

 
Негізгі сөздер: 
Жаратылыс құбылысы, жаратылыс заңдылықтары 
табиғат құбылысы, табиғат сұлулығы, эстетикалық қабылдау, экологиялық 
тәрбие, табиғатты қорғау, көркемдік таным, пейзаж, пейзаждық лирика, 
бейнелеу өнері түсіну, сезіну, әсемдік, эстетикалық этикалық сезім. Жыл 
мезгілдеріне(қыс, жаз, күз, көктем) қатысты өлеңдердей сөз әсері табиғат 
көріністері, сөз айшықтары, сөзбен сурет, оқыту әдістері, оқыту үрдісі, 
сөйлеу техникасы, мәтінмен жұмыс.
XXI ғасырдағы қазақ әдебиетінде табиғат өз алдына көркемдік 
бейнелеу, суреттеу нысанасы ретінде қалыптасып, табиғат лирикасы, 
поэзияның тақырыптық жеке саласы болып дами бастады. Жаратылыс 
құбылысының жанды келбетін қаз қалпында бар бояу бедерімен мейлінше 
көрнекі мүсіндеуді мұрат тұтқан көркемдік концепция қалыптасты.
«Адамның көңіл-күйін, ішкі сырын немесе сыртқы түрін, бет әлпетін 
сипаттағанда, сан алуан қиялға толы философиялық толғаныстарды 
білдіргенде, өмір, тұрмы-тіршілік жайларын жырлағанда туған жер сипаты, 
оның айрықша сурет көріністері, табиғат құбылыстары бейнелік, образдық 
қызмет атқара бастады» [1.96б]. Табиғат енді жалпы сезім бабы, көңіл-күй 
қатынасы арқылы беріле бастады. Табиғатты бейнелеу субъективті сипат 
алып, шын мағынасында жаратылыс жаны мен адам жарастығы жүзеге аса 
бастады. Бұл кезең нақты табиғат шындығына ден қойған гуманистік 


43 
мәдениеттің туу, қалыптасу кезеңі еді. Адам табиғатқа тек әлеуметтік 
өмірдің тірегі ретінде ғана қарау көзқарасын кеңейтіп, сұлулық объектісі 
ретінде қабылдап, танымдық-тәрбиелік мәнде ғана емес, эстетикалық-
этикалық тұрғыда қарастырды, сол арқылы дүние сырын көркемдік таным 
тұрғысынан игеру процесін қалыптастырды. 
«Көркемдік таным тұрғысынан дүние сырын игеру – күллі әдемілік 
әлемін, сұлулық сипатын бар табиғатыңмен беріліп, жан-жақты тану, рухани 
жан жылуыңмен егжей-тегжей сезіну». «Табиғатты сүйем, сұлулыққа бас 
иемін», – дейді Байрон. Әлем жаратылысның заңдылықтары, көркемдік 
таным мүмкіндіктері жайында Абай да ойланады: «Әуелі көзбен көрсін деп 
беріпті, егер көз жоқ болса, дүниедегі көрікті нәрселердің көркінен қайтіп 
ләззат алар еді?». [2.98б].
Ақындар әдемілік негізін әдетте тек табиғат әлемінен іздеген. Әдемілік 
– жаратылыс ғаламатына таңдана, тамашалай қарайтын адам жанына 
сырттан құйылатын, сырттан даритын ізгілік нұры. Ендеше адам сезімінен 
тыс нейтралді табиғат шын мағынасында эстетикалық сапаға ие бола 
алмайды, ол үшін әр адам сұлулықты тани және бағалай білу қажет. Бұл 
жөнінде З.Қабдолов былай дейді: «Нағыз пейзаж – поэзия! Мінез! Адам! 
Неге десеңіз, адамның қабыдауынан, сезіну- түйсінулерінен, көңіл-күйінен 
тыс табиғат суреті – пейзаж жоқ» [3.35б]. Қазақ поэзиясында табиғат пен 
адам тағдыры, айналып келгенде, ең алдымен, табиғат суретімен, өлеңдері 
пейзажбен, олардың көркемдік сипатымен ерекшеленеді.
Пейзаждық лирикада табиғатты эстетикалық тұрғыда тану мәселесі 
көтеріледі. Адамның табиғатқа деген көзқарасы, ойы, жанашырлығы, 
табиғат туралы танымы ақын шығармашылығының өзегі болып саналады. 
Автор оқырменғе табиғат әлемінің сұлулығын алдымен өз жан-дүниесінен 
өткізіп алып, өз түйсінуі, сезінуі, өзінің шығармашылық концепциясы арқылы 
жеткізеді. Сол арқылы әлеуметтік өмірдің шындығын. оған деген 
адамдардың қатынасын ашып көрсетеді. Ақын тек сұлулықты, әсемдікті ғана 
жырлап қоймайды, адамның табиғатпен тұтастығын, олардың арасындағы 
мызғымас байланысты толғайды. Автор оқырмандарын айналасына 
бағдарлай қарап, жаратылыстың демін, үнін тыңдай білуге, табиғаттың бір 
бөлшегімін деп сезіне білуге үйретеді. Сұлулықты сезіне білген адам оны 
қастерлей де біледі.
Табиғатты аялау сезімі жер жүзіндегі өмірді сақтау идеясына апарады. 
Бұл адамның ішкі деңгейін көрсетеді, осы арқылы табиғат пен адамның 
біртұтастығын сезіну келіп туындайды. Адам өмір сүріп тұрғанда бұл 
байланыс ешқашан үзілмейді.
Осы айтылғандардың барлығы табиғат лирикасына жазылған 
туындыларды бастауыш сыныптан бастап оқытудың маңызды екендігін 
көрсетеді. Табиғат лирикасы арқылы оқушылардың табиғатты аялау сезімін 
оятып, әсемдікті түсінулеріне алғашқы негіз жасауға болады. Демек табиғат 
лирикасы арқылы оқушыларға эстетикалық және экологиялық тәрбие теру 
мүмкіндіктері мол.


44 
Ана тілі әдебиеттік оқу сабағында мұғалім әдеби шығармалардың 
жәрдемімен сабақ үдерісінде бастауыш сынып оқушыларына тұрмыс 
қажетіндегі және табиғаттағы адамдар іс-әрекетіндегі сұлулық туралы 
түсініктер береді. Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі мұғалімнің 
негізгі міндеті шығарманың мазмұнын дұрыс қабылдап, сол арқылы 
оқушының бойына жан сұлулығын ұялату болып табылады. Оқушыларға 
эстетикалық тәрбие беруде әдеби шығармалардың, соның ішінде табиғат 
лирикасының маңызы зор. Көркем шығармадағы кейіпкердің ұнамдысы да, 
ұнамсызы да оқушы санасына әсер етеді. Ұнамды бейне өнеге көрсетсе, 
ұнамсыз бейненің іс-әрекеттері жирендіреді. «Ана тілі «оқулықтарында 
мұндай мысалдар көптеп табылады. Кейіпкерлерді ажырату, талдау, оның іс-
әрекетіне ой салуда оқушылардың эстетикалық талғамы артады. Сабақ 
үдерісінде оқушылардың шығарма мазмұнын толық ұғып алуы – мұғалімнің 
оқушы ықыласын сабаққа аудара білуіне байланысты. Оқушыларға әдеби 
шығарма арқылы эстетикалық тәрбие беру оқушылардың шығарма 
мазмұнын, персонаж іс-әрекетін толық түсінген жағдайда ғана нәтижелі 
болады. Бастауыш сыныпта эстетикалық тәрбие беру бірнеше салалардан 
өтіледі. Олардың алғашқы сатысында мұғалім жаңа материалды түсіндіреді. 
Ол мәтінді нақышына келтіріп оқытудан басталады. Әдеби шығарманы 
нақышына келтіріп оқу – бастауыш сыныпта ана тілі сабақтарында негізгі 
мәселелердің бірі. Өзі нақышына келтіріп оқи алмайтын мұғалім 
оқушылардың эстетикалық сезімін оятып, олардың ойын шығарма мазмұнын 
түсінугк аудара алмайды. Шығарманы нақышына келтіріп оқу үлгісін мұғалім 
өзі көрсетеді.
Мазмұнына байланысты мәтіннің кейбір жерлерін қатты, кей жерлерін 
орташа, ал кей жерлерін жай дауыспен оқу керектігін көрсетіп, шығарма 
персонаждарын дыбыс толқыны және тоны арқылы мінездеу жолдарын 
оқушыларға үйретеді. Сабақ үдерісінде мұғалімнің әр сынып оқушыларының 
шығарманы эстетикалық жағынан қабылдаудағы ерекшелігін ескерген жөн. 
Сонымен қатар экскурсияға, серуенгешығып, оқушыларды табиғат көркімен 
таныстыру, жан-жануарлар мен құстар өмірінен, табиғат құбылыстарынан 
хабардар ету – эстетикалық тәрбиенің бір құралы болса, екіншісі – бейнелеу 
өнері. Бұл өнер оқушылардың эстетикалық танымын қалыптастырып, 
әдемілікке деген құштарлығын оятады. [4.20б] 
Ана тілі сабағында қыс, көктем, жаз, күз көріністерін және мәтіннің 
мазмұнын пейзажды суреттеп қағазға түсіріп, одан өзі салған суреттерін 
әңгімелеп, мазмұндап берудің көп маңызы бар. Сонымен бірге оқулық 
мәтіндеріне берілген суреттерге бақылау жасау да оқушылардың талғамын 
арттырады. Баланың жан-жақты жетілуі үшін: адамгершілік тазалық пен 
эстетикалық көзқарасты үйлесімді ұштастыру басты шарт. [5.51б]
Сабақ ойын түрлерімен ұштастырылып, музыкалық сүйемелдеу 
жасалып және ән-күй тыңдауды кірістіру – оқу жүйесінің құрамды бөлігінің 
бірі болып қалыптасуда. Бірақ сабақ ойынмен, музыканы тыңдаумен ғана 
шектелмей, ана тілінің негізгі тақырыптарының мазмұнына сай ұштасып 


45 
жатуы керек. Балаларды музыкаға әуестендіру – эстетикалық тәрбие берудің 
маңызды саласы. Өйткені музыка адамның сезіміне әсер етіп, сол арқылы 
айнала қоршаған дүниенің құбылыстарына деген адамның қатынасын 
қалыптастырады. Сондықтан ана тілі сабағын музыкамен байланыстыру 
қажеттігі туындайды. Жаңа мәтінді музыкамен қиюластыру әдістемесі 
ойластырылады. Оны тыңдау керек екен деп кез келген жерге қиыстыра 
салудың әсері болмайды, сондықтан көп творчестволық ойланып-толғануды 
қажет етеді. [6.67б].
Өнер иесі табиғатты суреттеуге жеңіл-желпі қарамайды, ол әдемі, 
бейнелі сөздермен көрсетеді. Онда туған жерді қастерлеу, отанды сүю, 
еңбекке баулу, адамгершілік, табиғат әсемдігін сезіне білу т.б. алуан түрлі 
тақырыптарға жазылған өлеңдері ән болып төгілген, жыр болып шашылған. 
Cағи лирикасы ананың болмыс-бітімін, образын жасауда да туған 
әдебиетімізге өзгеше өрнек әкелді. [7.32б] 
Мұғалім сөзінің тартымды, әсерлі болуы оны үнінің тазалығына, 
ойының саралығына және дауыс ырғағына, интонациясына байланысты. 
Ұстаз әуенінен, дауыс ырғағынан оқушы сол объектіге қатысып, әсер 
алғандай сезінеді. Өлеңді немесе әңгімені оқығанда оның бояуы, әні мен 
сазы дауыс ырғағы арқылы тыңдаушысына жеткізіледі. 
Сәкен Сейфуллиннің «Қызыл шұнақ» өлеңі – қазақ әдебиетінде 
Абайдан соң қысқа жан бітіре, оқушының көз алдына оны адам бейнесінде 
елестететін, сезімге айрықша әсер ететін шығарма. Өлеңді 3-сынып 
оқушылары өз мәнінде түсіну үшін мұғалім кіріспе әңгімеде ондағы «қызыл 
шұнақ үскірік», «екі санын сабады», «құлақтанып қызыл күн», Абайдың 
«Қыс» өлеңіндегі «ақ киімді, денелі, ақ сақалды», «соқыр мылқау», «бұрқ-
сарқ етіп долданғанда» тәрізді образды теңеулердің мәнін ашып алуы керек. 
Сонымен бірге оқушылар қыс туралы не білетіндігін байқау да артық 
болмайды. алдын ала осындай жұмыстар жүргізілген соң, өлеңді мұғалім өзі 
мәнерлеп оқып, нақышына келтіре оқып оқушылардың назарын аударады. 
Әриен, бұл өлеңді бір рет оқығаннан оқушылар оның мазмұнын бірден түсіне 
қоймайды. Сондықтан өлеңнің әрбір жолын оқып, оны түсіндіріп отырған 
дұрыс. Алайда лирикалық өлеңді оқушыларға үнемі қара сөзбен баяндата 
берген дұрыс болмайды. Сол себепті мұғалім бұл өлеңді өзі талдап 
түсіндіргенімен, оны оқушылардан жатқа мәнерлеп айтып беру талап 
етіледі. Сонда ғана олардың сөздік қоры байи түседі. Егер оқушылар осы 
өлеңнің мазмұнын қаншалықты түсінгенін білу керек болса, оқулықта осы 
мәтіннен соң берілген сұрақтараға жауап алумен шектелген. жөн. Сабақты 
бекіту кезінде осы шумақты өлеңді үш оқушыға, соңынан оның бәрін бір 
оқушыға оқыту керек. Бұл оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыруға 
және олардың қалай оқитындығын бақылауға мүмкіндік береді [8.58б]. 
3-сыныптағы «Туған жерге қыс келді» (бұрынғы басылымдарында – 
«Қыс бейнесі» деп аталған) тарауындағы Абайдың «Қыс» атты өлеңін өтудің 
үлгісін толық келтірейік.


46 
1. Кіріспе әңгімеде балаларға жаңа жауған қардың түсі, формасы, оның 
бұрынғы жауған қардан айырмашылығы жөнінде нақты мағлұмат мұның 
алдындағы сабақты толық айтылған болатын, сондықтан бұл кезде мұғалім 
бүгінгі оқу сабағында өтетініміз Абайдың «Қыс» өлеңі деп, жаңа тақырыпты 
тақтаға жазып, оқушыларға неге көңіл аудару, нені білу қажет екенін 
айтады. Кіріспе әңгіме сұрақ-жауап әдісімен жүргізіледі. Қойылатын сұрақтар 
мынадай болғаны жөн: 
Ағаш түбіне қар аз түсіп, ағаш жоқ жерге қалың жуады. Қар үстінде әр 
түрлі хайуанаттардың іздері көрініп жатады. Ағаш бастары бас киім 
кигендей, келе жатқанда, қар аяқ астына аппақ мақта жайып тастағандай 
болып көрінеді. 
Күзде аспан сұрланып, жер қара болып, ағаштар жалаңаштанып тұрса, 
қыс түскенде жердің беті аппақ, ауа таза, аспан көбіне ашық болады. Қар 
жамылған ағаштар ертегіні еске түсіреді. Қыс сиқыршыдай өзенді мұзбен 
жабады да, Аязата қыспен бірге келеді деген сияқты бейнелі әңгімені 
пайдалану оқушылардың қар жөніндегі түсінігін кеңейтіп, тілдік қорын 
дамытады, әдемілікке деген құштарлығын арттырады. Мұғалім енді негізгі 
мәтінге көшіп, Абай атамыздың қысты суреттеуін айтады.
2. Мәнерлеп оқу. Алдымен өлеңді мәнерлеп оқып береді де, сұрақ-
жауап әдісі арқылы өлеңнің ішкі мәнін ашуға кіріседі: 
– Қыс несімен көңілді? 
4. «Сөзбен сурет салу». Ол үшін бірінші шумақ бойынша мынадай 
сұрақтарды қамтитын жоспар жасалады: 
1) Шалдың киімі қандай? (-Аппақ). 2) Денесі, түрі қандай? (-Денесі 
ұзын, ақ сақалды). 3) Мінезі қандай? (- мінезі қатал, ештеңені көрмейтін 
соқыр адам сияқты). 4) Үсті қандай? (-Үстін ақ қырау, мұз басқан, сондықтан 
жүргенде сықырлайды).
«Осы айтылғандарды көз алдарыңа келтірсеңдер, сонда қыстың немесе 
сұсты Аязата елестейді. Егер сендер суретші болсаңдар, осы көріністі қалай 
салар ідңдер?» – деп, оқушыларға ауызша «сөзбен сурет салғызады». Екінші 
шумақтағы «Бұлттай қасы жауып екі көзін» дегенде, ақын қыста аспанды 
торлаған бұлтты айтып тұр. Қыстабұлт қар болып түседі. Егер жел болып 
тұрса, ұйытқып жауады. Шумақтың екі жолын оқушылар өздерінше суреттеп 
айтып беруін талап етеді. Ал екінші шумақтың үшінші жолындағы қатты 
бораннан «Алты қанат ақ орда үй шайқалды» деген сөйлемді жете ұғындыру 
үшін киіз үйдің макетін пайдаланған тиімді. Үшінші шумақты да осылай 
бейнелеп айтқызуға болады.
5. Сөздік жұмысын жүргізу:
соқыр, мылқау – түк көрмейтін, аямайтын қаталдық 
бұрқ-сарқ – қатты дауыл, боран 
долданғанда – аяз, жел тым күшейгенде 
шидем – қалың киімнің ең сыртынан киетін жүннен тоқылған киім.
6. Шығармашылық жұмыс жүргізіледі. 


47 
«Жазық, орманды даланы, ауыл көрінісін көз алдарыңа елестетіңдер» 
деп әр қатарға жеке тапсырма беріледі: жазық даланы бірінші қатар 
әңгімелеп беруге тиіс. 
Мұғалім: «жер аппақ, теп-тегіс, ағаштар көрпе жамылғандай, бүкіл 
орман тыныштықта», – дей келіп, 1-2 минут балалардың көзін жұмғызып, 
осы айтылғандарды көз алдарфна елестетуді ұсынады. Осыдан соң 
біртіндеп, көздерін ашқызып, «әне, қоян көрінді, аю қозғалды, түлкі жүгірді, 
құатардың даусы естілді, орман жәндіктерінің тіршілігі басталды» деп, 
балаларға түрлі елестер беру арқылы оларға эмоциялық әсер бере оқытса, 
оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін, сабаққа деген ынтасын 
арттырады. Әрине, мұндай шығармашылық жұмыстың сәтті шығуы 
мұғалімдердіғ шеберлігіне байланысты. 
7. Қайталап оқыту – мәнерлеп оқуға жаттықтыру: оқи отырып, қай 
жерде аз, қай жерде ұзақ пауза жасау керек екенін аңғарту. Мсыалы, 1-3 
жолдардан кейін сәл ғана пауза (себебі ой толық аяқталмай, әрі қарай 
жалғасуды қажет етіп тұр), 3-4 жолдан кейін ұзақ пауза (себебі ой 
аяқталды) жасалады. 5-6 жолда сәл пауза (себебі ой әрі жалғасады), 7-8 
жолда ұзақ пауза (себебі ой толық аяқталды) жасалады. 9-10 жолда – сәл 
пауза (себебі ой аяқталуды қажет етіп тұр), 11-12 жолда ұзақ пауза (себебі 
ой аяқталды) жасалады. 
Қорытындылап оқыту. Бұл мұғалімнің қайта мәнерлеп оқуы немесе, ең 
жақсы оқитын оқушыға мәнерлеп оқыту арқылы іске асырылады. 
8. Үйге тапсырма: 1) өлеңді оқуға жаттығу және жаттау; 
2) қыс туралы өлең және жұмбақ жауап тауып келу; 3) әр шумақты 
оқып, соңынан бейнелеп айтуға – «сөзбен сурет салуға» машықтану.
Сабақ аяқталған соң, өтілген сабақтың талдауы ретінде мұғалім 
мынадай үлгілік қорытындыны жазып қоюға тиіс. 
«Сабақ жоспары толық орындалды: 
а) кіріспе әңгіме өткізілді; 
ә) түсініп оқу талаптары толық қойылды; 
б) мәтін бойынша «сөзбен сурет салынды»; 
в) сөздік жұмысы ойдағыдай жүргізілді; 
г) сурет бойынша жоспар жасалды; 
ғ) мәнерлеп оқуға жаттықтыру жұмыстары нәтижелі жүргізіліп, 
балалрдың сабаққа деген белсенділігі арттырылды. 
Сабақтың кемшілігі: кіріспе әңгіме ұзақтау болып кетті, балалар бірін-
бірі қайталады. 
«Қыс» өлеңі бойынша алдағы уақытта істелетін жұмыстар: 1) 
оқушылар неше жаңа сөз, неше көркем сөз үйренгендерін жинақтап, 
нақтылау; 2) әлі де меңгермеген сөздері болса, дәптерлеріне жаздыру; 3) 
«Қыс бейнесі» тарауы біткен соң, оған қорытынды жасау үшін мынадай 
қосымша жұмыстар жүргізіледі. Оқушыларды қысқы табиғатпен тереңірек 
таныстыру мақсатында серуенге шығарып, қар басқан даланы, қырау 
шалған бұталарды, егістікке қар тоқтатып жүрген тракторшылар еңбегін 


48 
бақылатып «Қыста мал неге қорада тұрады?» деген сұрақтың негізінде 
қорытынды әңгіме жүргізіледі. Қыста күн суық, жерді қар басқан, сондықтан 
мал жылы қорада тұрады. Қыста малға берілетін жем-шөп жазда әзірленеді. 
Жазғы, күзгі қауырт жұмыстарда пайдаланылатын техникалар қыста 
жөндеуден өткізіліп, жұмысқа дайын етіп қойылады. Оқуды өмірмен, 
еңбекпен ұштастыра түсіндіру оқушылардың алған білімдерінің терең де 
тиянақты болуына септігін тигізетінін байқадық. 
Өнер иесі табиғатты суреттеуге жеңіл-желпі қарамайды, ол әдемі, 
бейнелі сөздермен көрсетеді. Онда туған жерді қастерлеу, отанды сүю, 
еңбекке баулу, адамгершілік, табиғат әсемдігін сезіне білу т.б. алуан түрлі 
тақырыптарға жазылған өлеңдері ән болып төгілген, жыр болып шашылған. 
Cағи лирикасы ананың болмыс-бітімін, образын жасауда да туған 
әдебиетімізге өзгеше өрнек әкелді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет