Биология-география факультеті География кафедрасы «Геология»



Pdf көрінісі
бет18/54
Дата06.02.2022
өлшемі0,66 Mb.
#79752
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   54
Байланысты:
геология лекция

Жер сілкіну. 
Жер сілкінуі деп, жер қойнауындағы 
жыныстардың орнынан жылжуынан туған кенет және жойқын 
шайқалыстарды атайды. Геофизиканың жер сілкінуді зерттейтін 
саласын сейсмология (грекше «сейсмо» - сілкіну, шайқалу) дейді. 
Сейсмология нәтижесінде ғалымдар Жердің ішкі құрылысын 
анықтайды. Әлемде жыл сайын мыңдаған Жер сілкінуі ӛтеді, 
дегенмен осылардың тек 2-3-уі ғана мекендерді қиратып, он 
мыңдаған адамдарды құрбандыққа шалады: 1775 жылы – 
Лиссабон (60 мың құрбан); 1908 жылы – Мессина (100-160 мың); 
1923 жылы – Токио (150 мың); 1976 жылы – Қытайдағы Таншан 
жер сілкінуінен 650 мың адам қаза тауып, 700 мыңы жараланды, 
1556 жылы Шэньси ӛлкесіндегі жер сілкінуден 14 млн. адам қаза 
тапқан, 1887,1911 жылдары – Кебін жер сілкінуінен Алматы 
(Верный) түгел қирады; 1948 жылы – Ашхабад қаласында (110 
мың); 1988 жылы 7-желтоқсанда – Арменияда (25 мың). Мұхит 
жағалауы сілкінген шақта мұхитттарда жойқын цунами (жапонша 
«шығанақ толқыны») толқындары пайда болады. мысалы, Чили 
жер сілкінуінен туған цунами Тынық мұхитты сағатына 1000 км 
жылдамдықпен кесіп ӛтіп, 2-3 рет Жапон аралдарына соғылды. 
Жер сілкінуі жанартаулардың атқылауынан,карстың үңгір, 
қуыстарының тӛбесінің опырылуынан, адамның инженерлік 
әрекетінен пайда болатын техногендік жер сілкіну деп аталады. 
Тектоникалық ығысуға қарағанда жер сілкінудің күші де, аумағы 
да шамалы. Жанартаулардың атқылауы алдындағы магманың 
кратерге қарай кӛтерілуінен, содан пайда болған қысыммен 
байланысты да жер сілкінеді. Гипоцентр (фокусы) деп жер сілкіну 
болған жер қойнауындағы оның ошағын атайды. Эпицентр деп 
сілкіну толқынының жер бетіне шыққан тұсын айтады. Сілкіну 
күші бірдей тұстарды қосатын сызықты изосейста деп, оның 
сілкіну күші ең жоғары плейстосейстік (лат. «плейсто» - ең 
жоғарғы) аймақ деп атайды. Эпицентрдегі сілкіну күші оның 
ошағының тереңдігіне байланысты: ошағы терең болған сайын 
күші шамалы; ал неғұрлым ошағы терең, күші басым болса


25 
соғұрлым эпицентрдің аумағы кең. Мұндай жер сілкіну кӛбінесе 
тік бағытта тарайды (сейсмографпен ӛлшенеді). Жер қойнауында 
болған жер сілкінуінің 80%-ң ошағы жер қабығының ішінде (8-10 
км тереңде) орналасқан. Ошағының тереңдігіне қарап жер 
сілкінуді 3-ке бӛледі: 1) тайыз фокусты; 2) аралық; 3) терең 
фокусты. Тайыз фокустың ошағының тереңдігі 60 км-ден аз. 
Мысалы, Ташкент 5-10 км; Ашхабад 15-20 км; Спитак 10-15 км. 
Аралықта - тереңдігі:60-150 км; терең фокуста тереңдігі: 150 км-
ден жоғары. 
Ең терең ошақтар 720 км-ге , яғни жоғарғы және тӛменгі 
мантия шегіне жетеді. Жер сілкінген кездегі босаған энергия 
шамамен 10
15
- 10
18
Джоуль. Мысалы: Кебін (Алматы, 1911ж.) 
сілкінуінің энергиясы 4*10
24 
эрг. тең. Жер сілкіну ошағындағы 
энергия қуатын 1935 жылы Чарльз Рихтердің жасаған магнитуда 
(М) шкаласымен бағалайды. 
ТМД-да жер сілкіну қарқынын 12 баллды шкаламен 
кӛрсетеді. Бұл ӛлшем үй-құрылыстың бұзылуына, топырақтың 
ыдырауына негізделген. 
Негізгі әдебиет – 1-10 
Қосымша әдебиет – 11-28 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет