Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


«Математика» пәндері бойынша оқу бағдарламасының бөлімдері



Pdf көрінісі
бет12/68
Дата06.02.2022
өлшемі0,84 Mb.
#80052
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   68
Байланысты:
pdf1537978379

«Математика» пәндері бойынша оқу бағдарламасының бөлімдері 
«Математика» оқу пәні ретінде бастауыш білім берудің маңызды мақсаттары мен 
міндеттерін жүзеге асыруда елеулі үлес қосады. Математика бойынша бастапқы білім сын 
тұрғысынан ойлау қабілетін дамытады, зерттеу және қарым-қатынастың, математикалық 
білімді өмірде қолданудың алғашқы дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Бастауыш 
сынып оқушылары математика курсын игере отырып, талдау, синтездеу, жіктеу, салыстыру, 
себеп-салдарлық қатынастар мен заңдылықтарды анықтауды үйренеді, түрлі заттар мен 
қоршаған орта құбылыстарын сипаттау үшін математикалық тілдің негіздерін игереді, білім 
мен іс-әрекет тәсілдерін меңгереді, мұның барлығы жинақтала келе оқи білуге негіз болады.
Бастауыш білім беру деңгейдегі математика курсы кезең-кезеңге бөлініп, жүйелі түрде 
берілген, қоршаған ортадағы заттардың сандық арақатынасы мен кеңістіктегі формаларын 
сипаттаудан тұратын оқу курсының негізгі мақсаты – оқушылардың математикалық таным 
негіздерін меңгеруіне және тиісті дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік жасау. 
Математика негіздерін үйрену арқылы оқушылар басқа пәндер аясында, мысалы, 
жаратылыстануды оқу кезінде қажет болатын анағұрлым күрделі математиканы түсінуге 
мүмкіндік алады. Сонымен қатар, математика әртүрлі мәселелерге қатысты қалай әрекет етіп
проблемаларды шешу жолдарын түсінуге көмектесе отырып, логикалық ойлау дағдыларын 
дамыту, арифметикалық алгоритмдерді қолдану, геометриялық құрылымдарды орындау және 
математикалық зерттеу жүргізу қабілетін жетілдіруге мүмкіндік береді. Бастауыш сынып 
математикасы бойынша оқу бағдарламасының мазмұны «Сандар және өлшемдер», «Алгебра 
элементтері», «Геометрия элементтері», «Жиын. Логика элементтері», «Математикалық 
модельдеу» бөлімдерінен тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет