Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет18/68
Дата06.02.2022
өлшемі0,84 Mb.
#80052
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   68
Байланысты:
pdf1537978379

 
Пәнаралық байланыс 
Мектептегі негізгі пәндерді оқу арқылы оқушылар өз түсінігін кеңейте отырып, өзінің 
оқуы үшін жауапты болуға үйренеді. Оқушылар өзіндік көзқарасы мен пайымдауын 
қалыптастырып, дамытуға, мұқият зерделеуге және өз ойын сенімді айта білуге дағдыланады. 
Мысалы, олар дәлелдерді талдау мен бағамдауды және ойлау дағдылары туралы ойлануды 
үйренеді. Сонымен қатар, пәнаралық байланыс орнату арқылы олар ақпаратты тиімді 
пайдалануды үйренетін болады. 
Оқыту үдерісінде белгілі бір нақты пәнді зерттеу маңызды болғанымен, пәнаралық 
жұмыстарды жүргізу пәнді анағұрлым сапалы меңгеруге оң ықпалын тигізеді. Кэрридің 
(Kerry, 2007) пайымдауынша пәнаралық байланыс тәсілі білімді өзара байланысты құбылыс 
деп санаған Джон Дьюидің еңбектеріне негізделеді. Оқыту мен оқудың бұл тәсілі оқытудың 
сындарлы тәсілімен тығыз байланысты, себебі оқушылар бірлесіп жұмыс істей отырып, 
пәндердің арасындағы мәселелерді талқылап пікірталас жүргізеді (Hayes, 2010). Оқушылар бір 
пәннің аясында үйренген мәселелерін екінші пәнге пайдалана алады немесе бір пәннің 
негізінде басқа пәнді оқуды жақсарта алады. Пәндер бойынша білімді ықпалдастыру 
оқушылар үшін оқу үдерісінің өзара байланыстылығы мен маңызын арттыруға бағытталған. 
Бастауыш сынып оқушылары бастауыш сынып пәндерін өзара байланыста қарастыруы тиіс, 
себебі пәнаралық байланыс олардың оқуын барынша тиімді модельдеуіне мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет