18
сынау, анықтау, суреттеу, әзірлеу, бағамдау, түсіндіру, мысал келтіру, жорамалдау, анықтау,
негіздеу, келіссөз жүргізу, болжау, өндіру, балама шешім ұсыну, себебін түсіндіру, пысықтау,
қайта ұйымдастыру, басқа сөзбен айту, мазмұндау, қайта қарап шығу, көшіріп алу, рөлдік
ойын ойнау, қорыту, жинақтау және жазу, түрлі мақсатта пайдалану, өз сөзімен анықтама
жазу, безендіру.
Тілдік мақсаттардың бірқатарын пән мазмұнына сай оқу мақсаты ретінде қарастыруға
болғанымен, мазмұн мен тілдің бөлінуі оқушылардың мазмұнға да, тілге де баса назар
аударуына көмектеседі. Сонымен қатар, бұл жауап/ шешімге назар аударумен қатар, сол
жауап/шешімді іздеу үшін қолданылатын үдерістерге назар аударылуын теңдестіруге
көмектесе алады. Атап айтқанда, осы үдерістерге баса назар аудара отырып, тілдің барынша
нақты қолданылуын және ойлау әрекетін жақсартуға болады.
Тілдік емес пән сабақтарында оқу мақсаттарының басым бөлігі мазмұнға
бағытталғанымен, кемінде біреуі тілді дамытуға бағытталуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: