4-кесте. Проблемаларды шешу тапсырмаларының мысалдары
Пән 1-сынып оқушылары... 3-сынып оқушылары... Математика
Бірдей сандар мен фигуралар
бар жұмбақтарды шешеді
Ықтималдық негіздерін біледі және
оны тапсырмаларды, проблемаларды
және әртүрлі күнделікті мәселелерді
шешу үшін пайдаланады
Жаратылыстану Адамзаттың салауатты дамуы
мен өсуі үшін талап етілетін
қажеттіліктерді анықтайды
(мысалы, тамақ, ұйқы)
Мекендеу жағдайларындағы
өзгерістер жануарлар санының
өзгеруіне қалай әсер етуі мүмкін
екендігін түсіндіреді
Дүниетану
Мектептегі арнайы
орындарды зерттейді
Қазақстандағы тұрғындардың
мәдени, жергілікті, аймақтық,
ұлттық, этностық, діни
мәнмәтініндегі сәйкестігімен
танысады.
Жаттығуларды орындаған кезде оқушылардың алдыңғы сыныптарда және басқа пәндер
бойынша алған білімдерін еске түсіруі және қолдана алуы маңызды болып табылады. Бұл
оқушыларға өздерінің қол жеткен жетістіктерін бекітуге және бастауыш сынып пәндері
арасында байланыс орнатуға көмектеседі. Бұған көмектесетін әртүрлі тәсілдер бар.
Бастауыш сыныптардың оқу жоспарындағы ортақ тақырыптар сынып бойынша барлық
пәндердің арасында пәнаралық байланыс орнатуға мүмкіндік береді: