24
мысалдарды пайдаланғаны абзал. Физикалық материалдар мен шынайы өмірден алынған
мысалдарды жиі пайдалану оқу үдерісін тиімді етеді (Soylu, Y., 2010).
Бастауыш сыныптың оқу бағдарламалары оқушыларға ХХІ ғасырдағы қарқынды
дамып келе жатқан зияткерлік және техникалық ортада табысты болу үшін қажетті
дағдыларды меңгертуге бағытталған. Олар оқушыларды сын тұрғысынан ойлау, бірлесіп
жұмыс істеу, ақпаратты өңдеу, проблемаларды шешу сияқты анағұрлым жоғары деңгейдегі
көптеген дағдыларды өз бетінше меңгеруге және зерделеуге дайындайды және
ынталандырады. Осы дағдыларды жоғары дәрежеде меңгеру математика бойынша білім беру
бағдарламасында проблемаларды шешу, жаратылыстану бойынша білім беру
бағдарламасында бірлескен зерттеу және ғылыми зерттеу жүргізу дағдыларына баса назар
аударса, дүниетану пәні аясында ойлау дағдыларын дамытуды көздейді. Қазақ тілінде
оқытатын мектептердегі бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы
оқушылардың бұрын меңгерген білімдері мен дағдыларын жетілдіруге, сонымен қатар, жаңа
түсініктерді қалыптастырып, қабілеттерін дамытуға бағдарланған. ХХІ ғасырдың қарқынды
ілгерілеу ырғағына қатар ілесу үшін, өзара тығыз байланысты және көпмәдениетті әлемде
қалыптасқан қазіргі жағдайда оқушылардың өз бетінше оқу дағдыларын дамыту аса маңызды
болып табылады.
Бастауыш сынып пәндері бойынша оқу бағдарламалары оқушылардың алдыңғы
меңгерген білімдері мен дағдыларын жетілдіруге, сонымен қатар, жаңа түсініктерді
қалыптастырып, оқу қабілеттерін дамытуға бағдарланған. Пәндердің оқу бағдарламасы
оқушылардың төменде аталған мүмкіндіктерін дамытуды көздейді:
-
зерттеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік беру;
-
кез келген қабылданатын ақпаратқа сын тұрғысынан қарап, талдай білу дағдысын
белсенді дамыту;
-
өзіндік рефлексияға және тәуелсіз, өз бетінше ойлануға ынталандыру;
-
қазір және келешекте кез келген өмірлік жағдайда кездесуі мүмкін негізгі жаһандық
проблемаларды түсінуге және оларға сәйкес әрекет ете білуге ынталандыру.
Бастауыш пәндерін оқу арқылы оқушылар өз түсінігін кеңейте отырып, өзінің оқуы
үшін жауапты болуға үйренеді. Оқушылар өзіндік көзқарасы мен пайымдауын
қалыптастырып, дамытуға, мұқият зерделеуге және өз ойын сенімді айта білуге дағдыланады.
Мысалы, олар дәлелдерді талдау мен бағамдауды және ойлау дағдылары туралы ойлануды
үйренеді. Сонымен қатар, пәнаралық байланыс орнату арқылы олар ақпаратты тиімді
пайдалануды үйренетін болады.
Достарыңызбен бөлісу: