Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет35/68
Дата06.02.2022
өлшемі0,84 Mb.
#80052
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   68
Байланысты:
pdf1537978379

 
 


36 
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ 
Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын-ала белгіленген 
критерийлердің (Роберт Юджин Глейзер енгізген ұғым, Glaser, R., 1963) нақты жиынтығының 
көмегімен өлшенеді. Бұл нормаға негізделген бағалаудан өзгеше. Нормаға негізделген бағалау 
кезінде оқушылардың үлгерімі олардың сыныптастарының үлгерімімен салыстырылып 
қойылады. 
Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалау (ҚБ) мен жиынтық бағалауды 
(ЖБ) қамтиды. 
Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және 
оқушылардың дағдыларының қалыптасу және білімді меңгеру деңгейін көрсетеді, оқудағы 
қиындықтарды анықтап, оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарыны қол жеткізуге 
көмектеседі. Бағалаудың бұл түрі оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты 
қамтамасыз етеді, балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалау мұғалімдерге, оқушылар мен ата-аналарға оқушылардың оқу 
жетістіктері туралы ақпарат ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар 
және белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда 
балл, баға қою арқылы өткізіледі. 
Қалыптастырушы және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады, алайда 
бағалау тәсілдері пәннің мазмұны мен ерекшеліктеріне байланысты ерекшеленуі мүмкін. 
Оқушылардың оқу жетістігін қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың нәтижелері оқу 
үдерісі барысында ата-аналарға ұсынылады. Қалыптастырушы және жиынтық бағалау пәннің 
оқу бағдарламасының мазмұнына негізделеді. 
Бағалау тақырыбы бойынша мұғалімдер үшін «Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған 
критериалды бағалау бойынша нұсқаулық», «Негізгі орта және жалпы орта білім беретін 
мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық», «Өңірлік және 
мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық», «Жиынтық 
бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар», «Қалыптастырушы бағалауға арналған 
тапсырмалар жинағы» әдістемелік құралдары дайындалған. Бұл әдістемелік құралдарды 
критериалды бағалауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі бойынша дайындалған 
материалдармен 
бірге 
«Жүйелі-әдістемелік 
кешен» 
порталынан 
алуға 
болады 
(http://smk.edu.kz.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет