«Ұрықтық дамуы тоқтаған» жаңа туған балалар немесе «туған мезгіліне қарағанда
төмен салмақпен туылған балалар». Олар мерзімінен бұрын, мерзімінде, мерзімінен соң
тууы мүмкін. Олардың салмағы туғанда 900–2500 г., ұзындығы 36–46 см, кеуде қуысының
шеңбері 24–29 см, бас шеңбері 26–34 см болып келеді. Бұндай балалардың анасында екі
қабат кезінде көптеген «қауіпті» жағдайлар кездеседі.
«Ірі» дене салмақты балалар. Бұл балалар салмағы туғанда 4 кг-нан артық болады. Бұл
балалардың анасында да екі қабат кезінде көптеген «қауіпті» жағдайлар кездеседі.
Мерзімінде туылған баланың алғашқы салмағы мен ұзындығына әлеуметтік-тұрмыс
факторлары, әсіресе,
әйелді қоршаған орта, оның ішінде жұмыс орны, қай мерзімінде
демалысқа шыққаны әсер етеді. Анасының денсаулығы, әсіресе аяғы ауыр мезгілде, жүкті-
ліктің түрлі ауытқулары, тамақтану ережелерін, күн тәртібін орындауы да әсерін тигізеді.
Балалардың физикалық дамуын бағалау үшін соматоскопиялық, соматометриялық
(антропометриялық), физиометриялық (функциялық) көрсеткіштер қолданылады.
Соматоскопияда
тері асты шел майының, бұлшық ет және сүйек компоненттерінің
даму дәрежесін, кеуде қуысының, аяқ-қолдарының түрлерін, эпигастральдық бұрыш
мөлшерін бағалайды. Соматископиялық тәсілмен соматиялық конституцияның түрін
бағалайды, дене пішінінің тепе-теңдігін (пропорциялығын) бағалайды.
Өмірінің бірінші жылдарында сегменттер қатынасы 1,7 : 1 - 1,5 : 1 тең болады.
Жыныстық өсу кезеңде бұл көрсеткіш бірге жақындайды. Бой ұзындығының (тікесінен
тұрған баланың дене ұзындығы) тұлға ұзындығына (отырған баланың дене ұзындығы)
қатынасы да кең қолданылады.
Дене ұзындықтарының арасындағы қатынастарының өзгеруімен қатар пропорция-ның
жасқа байланысты өзгеруі дене ұзындығы мен басқа көлденең мөлшерлерге (мысалы, бас
шеңбері мен дене ұзындығының қатынасы, кеуде шеңберінің дене ұзындығына қатынасы)
қатынасына өз әсерін тигізеді. Түрлі индекстерді қолдану арқылы баланың дене
құрылысының үйлесімділігінің дәрежесі және биологиялық жасы туралы мәліметті
анықтай түседі. Дене құрылысының үйлесімділігі және баланың қоректік жағдайы туралы
шамаланған мәліметті Эрисман және Чулицкая индекстерін қолдану арқылы алуға болады.
Эрисман индексі = кеуде шеңбері мен дененің жартылай
ұзындығының айырмасы
(см-мен өлшенеді). Бір жасқа дейін 25 см-ден 10 см-ге дейін; 2-3 жаста + 9-дан - 6 см-ге
дейін; 6-7 жаста + 4-тен + 2-ге дейін; 8-15 жаста +1-3 см-ге дейін. Индекс кеуде қуысының
өсуін және баланың толықтығын анықтайды. Бала денесінің өсуі неғұрлым жеткілікті
болса, оның кеуде шеңбері дененің жарты ұзындығына соғұрлым кеш теңеледі.
Чулицкая индексі
–
иықтың үш шеңбері + сан шеңбері + балтыр шеңбері - дене
ұзындығы (см). Бұл индекс 7 жасқа дейін анықталады. Бір жасқа дейін 25-20; 2-3 жаста 20;
6 -7 жаста 15-10. Бұл индекс баланың толықтығын сипаттайды.
1.2.4. ДЕНЕНІҢ БЕТІ
Балалық шақтың барлық, әсіресе бірінші жылы, кезеңінде баланың денесінің беті 1 кг
дене салмағына есептегенде, ересектермен салыстырғанда, үлкен болып келеді. Мысалы,
жаңа туған баланың 1 кг дене салмағына 0,06 м
2
келетін болса, ересектерде бұл көрсеткіш
тек қана 0,02 м
2
. Бұндай айырмашылық әсіресе шала және жетілмей туған балалармен
ересектерді салыстырғанда жоғары болып келеді.
Шамамен баланың денесінің бетін төмендегі формулалармен
есептеп шығаруға
болады:
1. 1,5 кг-нан 100 кг-ға дейін салмақты балалар үшін:
S
=
4M+7
M+90
S
–
дене бетінің ауданы;
М
– дене салмағы; алымындағы дене салмағы 0,25 кг-ға дейін, бөліміндегі салмағы 1
кг-ға дейін жинақталады.
2. Туғаннан 9 жасқа дейінгі бала үшін: Бір жасар баланың денесінің бетінің
ауданы 0,43м
2
; әрбір жетіспейтін айға осы көрсеткіштен 0,02м
2
шегеріледі; әрбір келесі
жасқа (жылға) 0,06м
2
қосылады.
3. 10–17 жасар бала үшін:
Sм
2
=
N -1
10
S
– денесінің бетінің ауданы,
N
– жасы (жылмен есептелінеді).
4. Дене ұзындығымен салмағы көрсетілген нормограмма бойынша да денесінің
бетінің ауданын табуға болады.
Дененің әр бөлігінің бетінің ауданының қатынасы да жасына байланысты өзгеріп
отырады. Көбіне-көп бастың салыстырмалы бетінің ауданы өзгергіш келеді. Жаңа туған
баланың басына барлық дене бетінің 21% келетін болса, ересектердің басына 7,8% қана
келеді.
Дененің басқа бөліктері үшін бұл көрсеткіш өте төмен. Мысалы, жаңа туған баланың
тұлғасына 32% келетін болса, ересектерде – 35% болады, қолдарға 17 және 19%, аяқтарға –
31 және 39% болып келеді.
Бір жастан асқан балалар үшін шамамен төмендегі қатынастардың көрсеткіштерін
(«Тоғыздық ережесі») қолдануға болады
(3 кесте ).
3 КЕСТЕ
ДЕНЕ БӨЛІКТЕРІНІҢ БЕТІНІҢ КӨЛЕМІН АНЫҚТАУ
Бас пен мойын
— 9 %
Қолдар:
әр
қайсысы
екеуі
— 9 %
— 18 %
Аяқтар:
әр қайсысы
екеуі
— 18 %
— 36 %
Тұлға:
алдыңғы беті
артқы беті
барлық беті
— 18 %
— 18 %
— 36 %
1.2.5. ДАМУ БАРЫСЫНДА ДЕНЕ БІТІМІНІҢ ӨЗГЕРУІ
Дене бітімінің өзгеруі әртүрлі әсерлерге байланысты. Ең бірінші бұндай фактор
ретінде баланың жасы әсер етсе, осы келе өзіндік жыныстық ерекшеліктер пайда болады.
Бұл жағдайда баланың конституциясының түрінің (типінің) белгілері маңызды орын алады.
Дене бітімінде кейбір науқастар нәтижесінде байқалатын қаңқа, тері асты шел
майындағы, бұл-шық еттегі өзгерістер із қалдырады. Мектеп жасындағы балалардың дене
бітіміне, мүсініне (келбетіне) қимылдық белсенділік тәртібі, спортпен шұғылданудың
деңгейі әсерін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: