709
1. Науқасқа және оның туыстарына
ауруы жөнінде мәлімет беру
- Науқастың мәлімет алуға құқығы қамтамасыз
етіледі
- Бала және оның туыстары орындалған барлық
күтім шараларының мақсатын түсінеді
2. Науқасты 9 күнге оқшаулау
- Инфекция таралуының алдын алуы қамтамасыз
етіледі
3. Науқаспен қарым- қатынас кезінде
бетперделік тәртіпті ұйымдастыру
- Эпидпаротит вирусының ауа-тамшылы жолмен
берілуіне жол берілмейді
4. Бөлменің үнемі желдетілуін, күніне
2 реттен кем емес ылғалды жинаудың
жүргізілуін қадағалау
- Сыртқы ортада қоздырғыштардың
концентрациясы азаяды
5. Хлорлы режимді ұйымдастыру
- Эпидпаротит қоздырғыштары сыртқы ортада
төзімді, сондықтан инфекция тұрмыстық заттар
және «үшінші адам» арқылы берілуі мүмкін
6. Науқастың дұрыс тамақтануын
ұйымдастыру. Тағам болуы керек:
А) механикалық аяушылықпен
Б) жеңіл қорытылатын майлы емес
В) Құрамында қышқыл
шырындардың болуымен (түтікше
арқылы ішкен дұрыс, себебі қышқыл
шырындар қабынған стенон өзегін
тітіркендіреді)
- Эпидпаротитте құлақ маңы сілекей бездерінің
қабынуына байланысты шайнау және жұтыну
кезінде ауырсыну сезімі пайда болады
- Жеңіл қорытылатын тағам ұйқы безіне салмақ
түсірмейді, сондықтан панкреатит дамуына жол
бермейді
- Сілекей бездеріндегі іркіліс процестерінің
алдын алуы жүргізіледі
7. Баланың ауыз қуысының
тазалығын мұқият қадағалау
- Эпидпаротитте стенон өзегі қабынады
(құлақмаңы сілекей безінің шығу өзегі)
- Стоматит дамуы мүмкін
8. Баланың жедел кезеңінде төсектік
режимді сақтауын қадағалау. Бала
жағдайының жақсаруына байланысты
режимді біртіндеп кеңейту
- Суспензорийді тағып жүру аурудың өту ағымы
жеңілдетеді, патологиялық просестің басқа
жағына өтуіне жол берілмейді
Достарыңызбен бөлісу: