Дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет31/105
Дата06.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#80635
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   105
Байланысты:
4 Дәрістер БОӘ-конвертирован

Эстетикалық тәрбие


Эстетика адамның өмірі, іс-əрекеті, тəжірибесімен органикалық 
байланыста болып келеді. Сондықтан тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуында 
əрбір адамның өз өмірін «əдемілік заңы» бойынша құруға тырысуы керек.
«Эстетика» грек сөзі. Сезім, түйсік деген мағынаны білдіреді. Олай болса 
эстетика - өмірді сезім арқылы танып, білудің негізгі жолы. Эстетикалық 
талғамы биік, сезімтал адам еңбектегі əдемілікті, табиғаттағы, өнердегі 
сұлулықты танып, оны сүйе, қастерлей білетін болады.
«Эстетикалық тəрбиенің 
міндеті
– жас ұрпақты өмірдің барлық 
салаларындағы: адамның өмірі мен тұрмысындағы, еңбектегі, көркемөнердегі 
жəне табиғаттағы сұлулық пен əсемдікті көре білетін, ұға білетін, бақылай 
алатын жəне оларды өзі де жасай алатын азамат етіп тəрбиелеу Эстетикалық 
тəрбие тəрбиелердің маңызды болып табылады.Ол мектеп оқушыларының 
туғанан пайда болған табиғат сұлулығын бейнелейтін өнер мен табиғат əсемдігін
қабылдап сезу қабілетіне, оның сұлулығын түсінуге жəне сол əсемдіктерді 
өздері дамытудың мұқтаждықтарын жасауға себепші болғандықтан 
оқушылардың жан – жақты даму үшін қажет.Сонымен бірге эстетикалық тəрбие 
табиғат заңдылықтарын сезімталдықпен түсінуге мүмкіндік береді 
Оқушылардың өсімдік, жануар, табиғат əлемі сұлулығын, оның суретші 
картинасындағы ақын өлеңі мен поэмасындағы жазушылардың əңгімелері, 
повесть, романдарындағы, композиторлардың музыкалық шығармаларындағы 
бейнесін тікелей қабылдауы эстетикалық тəрбиенің құралы болып 
табылады.Биологиядан сабақ беріп, эстетикалық тəрбиеге лайықты көңіл бөлетін 
мұғалімдер биологияны оқыту процесінде дұрыс нəтижеге ие болады. Олар 
оқушылардың өсімдік, жануар əлемсіндегі сұлулықты сабақ үстінде де,
сыныптан тыс жұмыс процесінде де оқу-тəжірибе учаскесіндегі еңбекте де 
қабылдап, түсіну қабілетін табандылықпен дамытады. Оқушылардың 
табиғаттың маусымдық өзгеру əсемдігін тікелей қабылдап түсінуі үшін жылдың 
əр мерзімінде биологияны оқытуға байланысты бір қатар экскурсиялар өткізу
керек. Сабантой, жасыл достарды, жануарларды қорғауға арналған əсем кеш гүл 
шоқтарынан көркем көрме ұйымдастыру эстетикалық тəрбиеде үлкен роль 
атқарады. Экскурсия барысында мұғалім оқуға арналған негізгі бөлімін орындап 
алып, балалардың гүлденген баққа сүйсіне қарап, байыпты ойындар ойнауына 
мүмкіндік береді, соңынан табиғатқа арналған оқушылардың өздері білетін 
шығармалады айтуын сұрайды. 
Гулденген бақта Некрасовтың «Орман шулы » деген тақпағы: 
«Сүт құйып өңдеп қойғандай 
Шилі бақ тұр құлпырып, 
Баяу ғана шуылдап» -
Деген шумағы күшті əсер қалдырады. Ал Тютчевтің мына тақпағы таң ғажайып 
емеспе: 
Қарашы көгерген орманға
Шыжыған күн нұры құйылып 
Әр бұтақ, жапырақ орманда 
Еркелік лебізін тұр жиып. 
Балалар осының барлығын табиғаттан тікелей қабылдап сезіне жəне көре алады. 


Биологиядан сабақ беретін мұғалімдердің билігінде өнердің алуан түрі – 
поэзия, музыка, живопись, сонымен бірге өте мөте аса күшті эмоциялық əсер 
ететін біздің отанымыздың таң ғажайып табимғаты болғандықтан эстетикалық 
тəрбиені барынша жан – жақты жүзеге асыруға болады. Сондай ақ оқушылардың 
табиғатты қорғау жөніндегі жұмысының тəрбиелік мəнінің аса зор екендігі 
туралы айта кеткен жөн. Өсімдік əлемін оқыту кезінде оқушылардың 
өсімдіктерге ықыласпен қарап сүйіспеншілік сезіміне бөлінуін дамыта білу 
қажет. Мəселен, «Сабақ» тақырыбын оқығанда оқушылар қабыққа зақым 
келтіруден ағаштың тіршілігін жоятындығын біледі. Оқушылар «Өсімдік 
əлемінің негізгі топтарын» оқыған кезде табиғат байлығын қалай дұрыс 
пайдалануды – жеміс - жидекті, саңырауқұлақтарды, дəрілік өсімдіктерді 
жинауды білетін болады.
Адамның жануарлар мен өсімдіктерге табиғаттың, тішіліктің бірлігі
ретінде қарауын ғалымдардың, қоғам кайраткерлерінің, жазушылардың
пікірлері арқылы қабылдату əсерлі болады.
Тіршіліктің мəнімен қоса адамгершілік жəне
эстетикалық тəрбиені
қалыптастыруда өнер меи əдебиет куаныш, т.б. сезім; тудырады жəне
экологиялық ой-сана калыптастырады; Мысалы, Жансүгіровтің «Жетісу жəндігі» деген 
өлеңінде жасөспірімдерді таңқаларлық етерлік мына бір көріністерін былай суреттеген: 
Қиыннын жынысында бар деседі, 
Сілеусін, ілбіс, аю, бұғы, бұлан.
Кəдімгі қасқыр, серек, қаракұлақ,
Шулайды шүйебөрі үй артынан.
Кəдімгі қарсак, сусар, бүлғын, жанат,
Сол таудың іздейді аңшы ту сыртынан 
Таутеке, арқар, құлжа, қаракұйрық 
Көруге болад бəрін жайылымнан.
Маралды мал ішінен атпен қуып,
Әкеп жүр ауылына айдап Албан.
Тазқара, балта жұтар, ақбас құмай, 
Бұлақта отырғанын көрем үдай. 
Жарғақ бас, жұртшы саржак, су бүркітгер,
Құмайдың қоғамында құрдасындай. 
Лашын, тұйғын, тұнжыр, тынар, мықи,
Ителгі, бəрпі, кырғи, кұр, тұрымтай.
Бидайық шыңда ғана болад десед, 
Бүркітпен барымталы ел ала жаздай,
деп акын тек көзге тусерлік үлкен жануарларды ғана суреттеп коймай, бұл жерлерді мекен 
ететін əнші кұстарға дейін өз ретімен адам кызығарлықтай сүйсіндіре жырлаған. Осыдан 
бала көнілінің толқып, шаттыққа бөленуі арқылы қазір осындай бай табиғат əлемі 
қандай жағдайда екенін байқауға болады. 
Жалпы эстетикалық тəрбие биология сабақтарында биология дəптерін
ұқыпты жəне сұлу жазудан басталады. Оқу тəжірибе учаскесінде жұмыс жасауда 
да эстетикалық тəрбиенің маңызы зор. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет