28
Зорлық,
сонымен қатар, бала бойында басқа адамдармен қатынас құру
аясындағы беймаздығының (әлеуметтік үрейліктің) өсуіне жетелейді. Бұл
зорлықтың антропогендік жарақат – қатынаспен байланысты жарақат болып
табылатынымен байланысты. Зорлықты басынан кешкен бала,
бір жағынан,
адамдар арасындағы ерік берілген және берілмегені туралы анық түсініктерін
жоғалтады, екінші жағынан, өзінің теріс тәжірибесіне негізделіп, ол не басқа
адамдардың тиіскенін күтеді, не өзі агрессор жағдайына өтеді. Зорлықтан өткен
бала, жарақат алған соң, едәуір реактивті, ашулы, қозғыш болып шығып, өзінің
аффективтік ашуын бақылауда ұстай алмай, нәтижесінде өзінің жүріс-тұрысын
болжамдай алмай, өзіне өзі сенімсіз болып қалады.
Одан былай, орын алған оқиғада өзге адам кінәлі болады –
ата-анасы
немесе балаға басқа да жақын адам. Зорлықты басынан өткізген бала қоршаған
адамдар оған зиян келтіретінін жорамал етіп, адамдарға қатысты сенімсіз және
сақ болады. Басқа балалардың ортасында ол жиі өзін «бөтенсініп», жалғыз
сезінеді.
Зорлықты басынан кешу баланың үйреншікті дүниесінің қирауына
жетелейді. Ол енді ешқашан өзін өз үйінің
қабырғасында қаупсіздікте
сезінбейді, өзін жақын адамдары сатып кеткеніндей сезінеді.
Орын алған жағдайды зорлық құрбаны болған балалар суреттерінде
көрсетуі мүмкін: олардың суреттерінде жыныстық легі болады немесе агрессия
мен зорлық көріністері көрсетіледі. Сонымен қатар, олар өзге балалардан жиі өз
отбасы суретін салудан бас тартады. Ондай суреттер мамандар үшін дабыл
белгісі ретінде шығып, балаға оған жасалып отырған зорлықтың мүмкін болуын
анықтау үшін қосымша диагностика шараларын өткізу қажеттілігі туралы
түрткі ретінде қарастырылуы керек [22].
Осылайша, балаға жасалатын зорлық ең ауыр психологиялық жарақат түрі
болып табылады, оның салдары баланың жеке тұлғасының барлық қырларына
қатысты. Бұл жағдайда зорлықтан өткен балалар психологиялық көмектің дер
кезінде және лайықты көрсетілуін аса қажетсінетінін ескеру керек.
Ересектер, сонымен қатар құрдастары жағынан
көрсетілетін зорлықтың
құрбаны ретінде жиі шығатын балалар:
-
қадағалаусыз, тастанды және эмоционалдық шеттетілген жағдайда
тәрбиеленетін балалар, сонымен қатар психологиялық-физиологиялық
тұрғысында артта қалған,
жеңіл иланғыш, қауіп дәрежесін бағалай алмайтын,
зорлыққа төтеп бере алмайтын балалар;
-
сөзсіз бағыну жағдайында тәрбиеленіп жүрген, «жоқ» дей алмайтын,
зорлыққа төтеп беруге қабілетсіз, қорқақ, беймаза балалар;
-
психологиялық-жүйке бұзылыстары бар балалар (олигофрения, жеке
тұлға бұзылыстары бар – есалаң, бас миының органикалық зақымдалуы
салдары бар және т.б.);
-
жас болғандықтан дәрменсіз балалар;
-
шала туылған немесе туылғанында кем
салмағымен туылған балалар
(әдетте олар едәуір ызақор болып, көбірек жылап, ата-аналарына көбірек
қиындық көрсетеді).