30
•
психологиялық-терапевтикалық;
•
әлеуметтік.
Әр педагог білім беру әкімшілігіне балаға көрсетілген зорлықтың белгілі
болғаны туралы ақпараттың дер кезінде жеткізілмеуінің
салдары ретінде
(жағдайға байланысты, соның ішінде балаға қатысты қылмыстық әрекеттердің
орын алуы салдарынан оның өміріне және денсаулығына қауіп төнгені)
тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық шара қолданылуына жетелейтінін есте сақтау
керек. Балаларға қатал қарау жағдайларын дер кезінде анықтау және қатал
қарағаннан зардап шеккен балалар мен жасөспірімдерге көмектің шұғыл
көрсетілуі олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік беріп, олардың
оңалуы мен қорғанысын, қажетті көмекті қамтамасыз етеді.
Суицидке бейім балалардың санаты
Суицидент-балалардың жалпы белгілері болатындары:
-
мектепте оқуындағы қиыншылықтар;
-
соматикалық-вегетативтік симптоматиканың кең спектрі;
-
бейімделуге қиын баруы;
-
эмоционалдық және мінез-құлығындағы бұзылыстар;
-
мінезіндегі акцентуацияның болуы: лабильді-сензитивті, истериоидты-
қыр көрсету және шизоидты түрлері;
-
қатынас аясындағы қиыншылықтар;
-
өзіне қол жұмсаудағы жеке мәнінің бара-бара қалыптасуымен
икемсіздіктің полиморфтылығы;
Балалардағы суицидальдық мінездік ерекшеліктері:
Суицидальды мінез қатері психологиялық-әлеуметтік бейімделуінде
бұзылыстар бар балалардың басым санында анықталады. Ер
балаларда
суицидальдылық «шыңы» 9-34 жас аралығына, ал қыз балаларда 15-18 жас
аралығына түседі.
Жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерінің дамуы барысында
қалыптасатын тәрбелеу және оқытудың шарттары мәнді психологиялық
жарақат беретін жағдайларға, психикалық
бейімделуінің икемсіз
нұсқаларының клиникалық көрінісіне және күйзеліс жағдайындағы мінез-
құлығының стратегиясы алғышарт болады.
Тұқым қуалайтын қолайсыздығы және жеке тұлғаның эмоционалдық-
жігерлілік аясында бұзылыстары бар балаларда суицидальды мінез-құлықтың
дамуында едәуір жоғары қатер анықталған.
Балалардағы суицидальды ерекшеліктерді білу балалар ортасындағы
суицидальдық мінез-құлықтың алдын алудағы және оны түзетудегі негізгі
бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді.
Педагогтерге, ата-аналарға, сынып
жетекшілеріне суицидтің алдын алу үшін осыған назар аудару қажет.
31
Жасөспірімнің немесе баланың жүріс-тұрысына әсерін тигізетін кез-келген
күтпеген және қайғылы өзгерістер, баланың оқу үлгеріміндегі, мектепке барып
жүруіндегі және мінез-құлығындағы кез-келген кенеттен орын алған және елеулі
өзгерістерді қатаң назарға алу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: