Методические рекомендации Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет11/35
Дата06.02.2022
өлшемі5,14 Mb.
#80686
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35
Байланысты:
1493900839314 (1)

ППС
Участники
индивидуально направленный личностно 
ориентированный подход к обучающимся в 
образовательном процессе
коррекционная, воспитательная 
работа
психологическое изучение 
ребёнка
ребёнок
педагог
Соцпедагог. 
психолог
организация образования
Цели-задачи
Сопровождение
Классный руководитель
родитель
психолог
соцпедагог
Формы работы с 
учащимися
Результат
банк нормативно-
правовых документов
Банк педагогического опыта
банк данных мониторинговых 
исследований
обучения
воспитанности
развития
программно-методического 
обеспечения образовательного 
процесса
педсовет
Формы работы 
специалистов
Мониторинг результатов
Оформление 
материалов работы
творческая 
проблемная группа
методические 
объединения
методсовет
родитель
районные и областные 
семинары
открытые уроки и мероприятия
адаптации ребенка в 
социуме
КПК
1-
сурет. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды жеке қолдаудың кезеңдері 


24 
Білім беру мекемелеріндегі жеке сүйемелдеудің негізгі кезеңдері.
Баланың дамуын сүйемелдеудің
 
бірінші кезеңі 
ретінде бала туралы 
ақпаратты жинақтау шығады

Екінші кезең
– 
алған ақпаратты талдау. 
Үшінші кезең
– 
бала, педагог, ата-аналар, мамандар үшін ұсыныстарды 
бірлесе түзу: әрбір «қиын» білім алушы, тәрбиеленуші үшін кешенді көмектің 
жоспарын түзу. 
Төртінші кезең
– 
сүйемелдеуге қатысушылардың барлығына бала 
қиыншылықтарын шешудегі жолдар мен амалдар туралы кеңес беру. 
Бесінші кезең
– 
қиыншылықтарды шешу, яғни сүйемелдеудің әрбір 
қатысышуысымен ұсыныстардың орындалуы. 
Алтыншы кезең –
орындалған ұсыныстардың сүйемелдеудің барлық 
қатысушыларымен талдануы (Неге қол жеткізілді? Неге қол жеткізілмеді? Не 
себептен?) 
Жетінші кезең
– 
бала дамуын талдауды жалғастыру (Келешектер не 
істейміз?) 
Бұл шарттың барлығы шартты, өйткені әрбір баланың өз 
қиыншылықтары бар және оны шешуде жеке бір көзқарас қажет болады. 
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясы әзірлеген 
«Психологиялық-педагогикалық консилиум туралы ережесінің» негізінде 
психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша нақты жұмысты білім беру 
ұйымындағы психологиялық-педагогикалық консилиумның шеңберінде 
өткізуге ұсыныс беріледі. 
Қиын өмірлік жағдайға түскен балаларда әлеуметтену мәселелері өте жиі 
туындайды, оның көріністері ретінде балалардың мектеп алды және мектеп 
бағдарламасын меңгерудегі тұрақты білінетін қиыншылықтары, тәртіп 
бұзушылықтары, білім беру мекемесіне барып жүруден бас тартуы шығады. 
Оның себептері әртүрлі болуы мүмкін, атап айтсақ:

дене бітіміндегі даму бұзылыстары (денсаулық мүмкіндіктері шектеулі 
балалар), 

психологилық (зорлық-зомбылық құрбандары), 

әлеуметтік (табысы аз отбасылар, жетім балалар, қоныс аударылған 
балалар және т.б.). 
Балалардың қолайсыз жағдайда дамуының осы аталған нұсқалардың кез-
келген түрінде нақты немесе оның алдындағы жас кезеңіне сай келетін 
функциялардың жетіліп дамымауы, наразылық қылық көрсетумен немесе 
шынайы өмірден қол үзуімен көрініс беретіндей назар талап етуде лайықсыз 
қажеттілік, оқудағы және дамудағы мотивацияның әлсіз болуы, өз сезімін 
білдірудегі қиыншылықтар мен лайықты қарым-қатынас құру дағдыларының 
қалыптаспауы байқалады. 
Бала дамуына кедергі тудыратын себептердің жойылуы балаға 
бағыттаушы және басқарушы ықпал көрсету түрінде бекітілген талаптардың 
жүйесін іске асыратын маңызды ересек адамдардың көмегімен ғана жүзеге 
асыру мүмкін. Сол себептен бұл жұмыста коррециялық-дамытушылық 


25 
бағдарламаларды жүзеге асыруды ата-ана- бала-ұстаз өзара байланысты тұтас 
жүйесінде өткізуге ұсыныс берілуде. 
Ата-аналар мен педагогтер жиі жағдайда бала қиыншылықтарының 
сипатын түсіне бермейді де, олардың алдына дамуындағы шынайы деңгейге сай 
келмейтін міндеттерді қояды. Балалар оған лайықсыз мінез-құлықпен және 
әрекетсінуден бас тартуымен жауап беріп, бұл жағдай оқудағы сәтсіздіктерге 
жетелейді. Оңай жауап ретінде ересектер қорқытуға, жазалауға кірісіп, 
онысымен кінәлік сезімін тудырады, ол өз кезегінде болымды нәтижеге 
жеткізбейді. Оған қоса, ата-аналар мен мұғалімдер баланың «үстінен қарап», 
оның қиыншылықтарын түсінбейді, жиі жағдайда онымен эмоционалдық 
қатынасты орнатуға ынтасын білдірмейді. Бала жалғыздық сезіміне түсіп, 
ересектердің жағынан оның табысына деген тілектестік сезімдерін таппайды. 
Баланың қиыншылықтарына ересектер жиі теріс қарап, онымен жұмыс 
жүргізуде тек оның сәтсіздіктерін талдауға негізделеді. Егер баланың оқуы 
табысты болмаса, ол ересектердің көзінде «жаман» болып шығады, бұл 
баланың өзін-өзі төмен бағалап, оның қобалжу сезімінің артуына, онысымен 
бала дезинтеграциясының артуына себепші болады. Осылайша, «шырғалаң 
шеңбер» деп аталатын жағдай туындайды: әрекеттіліктің бұзылуы сәтсіздікке 
жетелейді, сәтсіздік қобалжуды және өзін-өзі бағалау сезімінің төмендеуін 
тудырады, бұл бала дамуындағы қолайсыз бағыттың нығаюына ықпалын 
тигізеді. 
Білім 
беру 
үдерісінің 
барлық 
қатысушылары, 
әдетте, 
фрустрацияланған, бір-бірін кінәлап, қалыптасқан жағдайда шығатын жолды 
көрмейді [20].
Дағдарыс жағдайынан шығу бала-ата-аналары (заңды өкіл) және педагог 
арасындағы өзара қатынастарды және өзара әрекеттерді барлық қатысушылар 
бір-бірінің күйіне және мінез-құлығына өзара алғы шарт бола алатындай өзара 
байланысты бірыңғай жүйе көзқарасынан қарастырғанда мүмкін. Осы жүйенің 
жағдайын өзгерту үшін баламен де, ата-аналармен де, мұғаліммен де, сонымен 
қатар олардың қатынасқа түсу амалдарымен де бір уақытта жұмыс жүргізу 
қажет. Әдетте, білім беру мекемесінде бұл жұмысты психолог жүргізеді. 
Психологиялық араласудың мақсаты: 

«қолдаушы ортаны» қалыптастырумен бала жағдайын өзгерту және 
оның дамуын жалғастыруға ықпалын тигізетін функциялардың қалыптасуын 
ұйымдастыру; 

ересектерді баланың жағдайы мен мүмкіндіктері туралы ақпарат-
тандырып, оларда баланы дағдарыс жағдайынан шығару және оның дамуын 
жалғастыру бойынша шақыру сезімдерін тудыру арқылы ересектердің балаға 
деген көзқарасын өзгерту. 
Осылайша, психолог балаға тікелей ғана емес (арнайы ұйымдастырылған 
ортада жеке және топтық жұмыс жүргізу режимінде),сонымен қатар ата-
аналары, мұғалімдері арқылы, олар арқылы баланың дамуындағы өзекті 
жағдайдағы талаптардың жүйесі мен пысықтауларын өзгерте алады [21]. 
Жеке дамыта-түзету жұмысын таңдау және оны іске асыру бойынша 
шаралар келесі кезеңдерді көздейді: 


26 

Бала дамуындағы жақын аумақты, сонымен қатар оның дамуындағы 
ресурстарды анықтау және баламен және оның ата-аналарымен қолдағы 
әлеуметтік жағдайда пайдалану мүмкіндіктері мен амалдарын анықтау; 

Баланың оң мақсаттарын түзуінде көмек көрсету, яғни оның келешектегі 
даму үлгісін жасау, сонымен қатар баланы белгіленген мақсатына өз 
қажеттіліктерін, мүмкіндіктері мен жеке ерекшеліктерін ескерумен қол 
жеткізуіне түрткі беру; 

Белгіленген мақсаттарға қол жеткізу амалдарын, соның ішінде баламен 
жасанды жағдайда жасайтын тапсырмаларының, сонымен қатар 
қалыптасқан дағдыларды бала дамуындағы өзекті жағдайға ауыстырудың 
бағдарламасы мен режимін таңдау. 
Дамыта-түзетудің жеке бағдарламасын әзірлеу механизмінде мынадай 
блоктарды ажыратуға болады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет