15
бірлік; даму субъектінің өзі әрекеттері үшін жауапты болатын бағдарлық
аумақты құруда көмек көрсету» деп түсінеді [17].
Э. М. Александровская психологиялық-педагогикалық қолдау – бұл білім
беру процесінің жағдайында туындаған проблемаларды шешуде белгілі бір
даму кезеңінде көмек көрсетуге
бағытталған технология, балаға көек берудің
ерекше түрі деп атады. [18].
Әлеуметтік-педагогикалық қолдау анықтамасына берілген тәсілдемелерді
талдай және олардың ортақ сипаттарын бөле отырып, келесі анықтаманы
шығаруға болады: әлеуметтік-педагогикалық қолдау – бұл баланың қоғаммен
өзара әрекеттестігі жағдайында баланы психологиялық дамыту және нәтижелі
оқыту үшін әлеуметтік-педагогикалық жағдайлар
жасауға бағытталған
маманның кәсіби әрекетінің белгілі бір жүйесі.
Қазіргі қазақстандық білім беру жүйесінде қолдаудың әр түрлі модельдері
әзірленіп, оның инфрақұрылымдары қалыптастырылуда. Оған психологиялық-
педагогикалық және медициналық-әлеуметтік орталықтар, мектептегі қолдау
қызметтері, кәсіптік бағдарлау орталықтары, психологиялық-педагогикалық
қолдау, психологиялық-педагогикалық қолдаудың
ресурстық орталықтары,
психологиялық-медициналық-педагогикалық
консультациялар,
сенім
кабинеттері және т.с.с. жатады.
Қиын жағдайдағы баланың дамуын әлеуметтік-педагогикалық қолдау
қарым-қатынастарды қолдау, яғни оларды дамыту, түзету, қалпына келтіру
ретінде қарастырылуы мүмкін. Қазіргі таңда «әлеуметтік-педагогикалық
қолдау» түсінігі кеңінен қолданылады. Әлеуметтік-педагогикалық қолдау
туралы түсінік баланы психологиялық дамыту мен нәтижелі оқыту үшін
әлеуметтік-педагогикалық жағдайлар жасауға
бағытталған әлеуметтік
педагогтың кәсіптік әрекетінің жүйесі ретінде мәнге ие [19].
Бұндай әлеуметтік-педагогикалық қолдаудың мақсаты баланың жасына
сай қалыпты дамуды қамтамасыз ету болып табылады. Бұл әлеуметтік-
педагогикалық қолдау бойынша маман тек диагностика, кеңес беру, түзету
әдістерін
меңгеріп қан қоймай, проблемалы жағдайларды жүйелі талдау,
оларды шешуге бағытталған әрекеттерді бағдарламалау және жоспарлау
қабілеті болу керек
Достарыңызбен бөлісу: