5
«
Өмірлік қиын жағдайлар» ұғымын анықтаудағы түрліше көзқарастар
мен ұстанымдарды зерттей және саралай отырып, оның нақты белгілерін
ажырату мақсатында келесі анықтаманы қарастыруға болады:
өмірлік қиын
жағдай, бұл – адамның қалыпты және қауіпсіз өмір сүруіне зардабын тигізетін
және оның бұл жағдайдан өз бетінше шығып кетуі екіталай. белгісіз
болатындай күйге түсуіне жеткізетін күйзелісі». Бұл жағдайда адамға міндетті
түрде көмек керек. Әсіресе, өмірлік қиын жағдайларға тап болған балалар
көмекке аса мұқтаж болады. Олар үшін, қиын жағдайлардан шығудың мүмкін
жолдарын табу өте күрделі мәселе болып табылады. Бұл фактілерді ескере
отырып, әлеуметтік-педагогикалық қолдау барысында өмірлік қиын жағдайда
жүрген балаларға көмек көрсетудің барынша тиімді жолдарын табу мен болжау
қажет. Мұндай қолдаудағы басты мақсат- баланың қалыпты өмір сүруі мен
тәрбиеленуі үшін барынша қолайлы жағдай жасау.
Қазіргі заманда өмір сүретін балалар үшін іс-әрекеттің екі саласы бар,
және де олар бала тәрбиесіндегі негізгі институттар болып келеді - бұл, отбасы
және білім беру жүйесі. Бала өміріндегі көптеген мәселелер де осы екі
институттың әсеріне көбірек байланысты болып келеді.
Бала үшін отбасы – бұл, оның дене бітімінің,
психикасының, мінез-
құлқының және интеллектісінің жақсы қалыптасып, дамуына ыңғайлы
жағдайлар жасайтын орта. Әлеуметтік институт ретінде, отбасының бала өмірі
мен тәрбиесі үшін қажет жағдайларды қамтамасыз ете алмауы, өмірлік қиын
жағдайда жүрген балалардың пайда болуына әкелетін басты факторлардың бірі
болып саналады.
Жалпы әлемдік тәжірибедегі инклюзивті білім беру, білім беруге ерекше
қажеттіліктері бар адамдарды оқыту мен тәрбиелеуде жекелей оқыту
ұстанымын жүзеге асыруға негізделген.
Білім беруге ерекше қажеттіліктері бар балаларға мыналар жатады:
-
мүмкіндіктері шектеулі балалар;
-
мигранттардың, оралмандардың,
босқындардың, саны аз ұлттар
отбасыларынан шыққан балалар;
-
қоғамда әлеуметтік бейімделуде қиындықтары бар балалар (жетім
балалар, виктимді балалар, девиантты мінез-құлықты балалар, әлеуметтік-
экономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәртебесі төмен отбасынан
шыққан балалар)
[
4
]
.
Өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар - қалыптасқан мән-жайлардың
салдарынан тыныс-тіршілігі бұзылған және осы мән-жайларды өз бетінше
немесе отбасының көмегімен
еңсере алмайтын балалар; арнаулы білім беру
ұйымдарындағы, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарындағы балалар
[5
].
«
Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008
жылғы 29 желтоқсандағы N 114-IV Заңына сәйкес, өмірлік қиын жағдай -
адамның тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере
алмайтын, осы Заңда көзделген негіздер бойынша танылған ахуал [6
].
Бұл заң бойынша, адам (отбасы) мынадай:
6
1) жетімдік;
2) ата-ананың қамқорлығынсыз қалу;
3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девианттық
мінез-құлық;
3-
1) кәмелетке толмағандардың ерекше режимде ұстайтын білім беру
ұйымдарында болуы;
4) үш жасқа дейінгі балалардың туғаннан бастапқы психофизикалық дамуы
мүмкіндіктерінің шектелуі;
5) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм
функцияларының тұрақты бұзылуы;
6) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп
төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;
7)
әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған
қатыгездік;
8
) баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);
9
) бас бостандығынан айыру орындарынан босау
[
6
]
.
Қазақстан Республикасындағы балаларға
қатысты мемлекеттік саясат,
бала мен ананы, отбасын жан-жақты кепілді мемлекеттік қорғауды өзінің
маңызды міндеттері ретінде анықтайды.
Әлеуметтік саладағы біртіндеп жүзеге асырылып келе жатырған
мемлекеттік саясаттың нәтижесінде демографиялық процесстердегі оң
динамика өз жалғасын таба бастады. Елдегі демографиялық ахуалдың
жақсаруымен байланысты республикадағы халық саны, сонымен қатар балалар
саны да өсіп келеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Министрлігі Статистика
комитетінің деректері бойынша 2015 жылдың 1 қаңтарында республика
тұрғындарының саны 17 417 673 адамды құрады (2014 жылдың 1 қаңтарында -
17 160 774
), халық санының өсімі 260 мың адам. Әйелдер саны 9 003 150
құрады, ал ерлер - 8 414 523, яғни ерлер саны әйелдермен салыстырғанда 588
мың адамға кем.
2015 жылдың 1 қаңтарында 0 – 17 жас аралығындағы балалар саны 5
298 488
құрады, бұл көрсеткіш 2014 жылы - 5 151 221 болды. Өсім 147 267 адам
(2014
ж .- 121 285). Ер
балалар саны, қыз балалармен салыстырғанда 141 132
адамға артық (2719810/ 2578678).
Бір жасқа дейінгі балалар саны да жыл сайын артып келеді. 2015 жылы
республикадағы бір жасқа дейінгі балалар саны 2014 жылмен салыстырғанда
13
207 адамға көбейді (2014 г.- 383507, 2013 г. -376574).
Достарыңызбен бөлісу: