Синекдоха
яки
мегзеу
–
алмастырудың бір түрі – бүтіннің
орнына бөлшекті немесе, керісінше, жалпының орнына жалқыны
немесе керісінше қолдану [141, 226]. Мұндай тілдік құралдар
публицистикалық мақала атауында қолданылғанда оның бейнелілігін
арттырып қана қоймай, оқырмандардың қызығушылығын да өзіне
еліктіреді. Өйткені «бүтіннің бөлшегіне» / «бөлшектің орнына
қолданылған бүтінге» тап болған адресат саналы (кейде санадан тыс)
түрде оның «бастау көзін» анықтауға тырысады да, сөйтіп, бар
назарын соған шоғырландырады. Сол себепті де заманауи публицистер
троптың аталмыш түрін мақала мәтіндерінде ғана емес, олардың
тақырыпатарында да көп қолданады: «
Қазақ баласы неге қазақша
сөйлемейдi?
» (ЕҚ. – 13.05.2006). Көп жағдайда синекдоха басқа троп
түрлерімен және өзге де бейнелеуіш тілдік құралдармен жымдасып,
астасып жатады: «
Сөйлешi, сөйле қызыл тiл
» (Айғ. – 14.03.2012),
«
Отаның қайда, бауырым?
» (Ақ. – 1994. №1), «
Кiшкене ауылдың
үлкен жүрегi
» (Ақ. – 1995. №5).
Кейіптеу
– «жаратылыстың жансыз нәрселерін тап жанды
нәрселердей етіп, жандылардың істейтін амалдарын істеткізіп суреттеу»
[142, 168]. Жансыз дүниелерге сөзбен жан бітірудің қаншалық бейнелі
әрі экспрессивтілік тұрғыда «салмақты» екені айтпаса да түсінікті.
Содан болар, бүгінгі мерзімді басылым беттерінен троптың осы
түрінің арқасында, сөз мағыналарының ойнақылығы негізінде, сан
түрлі «кейіпті киінген» тақырыпаттарды көптеп кездестіреміз:
«
Шаруа қожалығы қайтсе аяғынан қаз тұрады?
» (СС. – 25.12.2003),
«
Күштi мемлекеттер сiзге бiлiмiн емес, ең әуелi тiсi мен тырнағын
Достарыңызбен бөлісу: |