ТРИГГЕРЛЕР _____________________________ Бір тұрақты қалыптан екіншісіне ауысуы және цифрлық
ақпараттық сигналдың түсуі бойынша қалпын өзгертуі мүмкін
цифрлық құрылғы триггер деп аталады. Триггер екі тұрақты
қалыптың біреуінде ұзақ уақыт болады да кіріс ақпараттық сигнал
әсерінен оларды кезектестіреді.
Басқару тәсілі бойынша триггерлер екі класқа бөлінеді:
■
синхронды, шығыс сигналы синхросигнал (ешқандай ақпараты
жоқ) әсерінен өзгереді;
■
асинхронды, шығыс сигналы кіріс ақпараттық сигналы әсерінен
өзгереді.
Логикалық байланысты ұйымдастыру тәсілі бойынша триггерлер
мына типтерге жіктеледі:
■
R S — «1» және «0» қалыптарын бөлек орнатумен;
■
D — ақпаратты бір кірісті қабылдаумен;
■
Т (ақпараттық) — есепті кіріспен;
■
JK (әмбебап) —
D-, RS-, T-триггерлердің қасиеттерін қамтиды.
Іске қосылу тәсілі бойынша триггерлер былай жіктеледі:
■
Деңгейі бойынша, егер кірісте «1» орнатылса, онда триггер әске
қосылады да осы қалыпта болады:
■
Фронт бойынша, сигнал деңгейі өткелден асқан кезде импульс
фронтында триггер іске қосылады.
А с и н х р о н д ы
R S-тр и г г е р екі
S және
R кіріске және екі
Q және
Q шығысқа ие.
S кірісі (ағылшынша
set — орнату),
R кірісі
(ағылшынша
reset — түсіру). Триггердің тура шығысын Q-мен, ал
инверсті шығысын
Q- мен белгілейді.
4.12-сурет. RS- триггерінің шартты графикалық кескіні
4.4.
4.13-сурет. Асинхронды RS-триггерінің ЖӘНЕ-ЕМЕС
элементтеріндегі схемасы
RS-триггерінің шартты графикалық бейнесі 4.12-
суретте берілген.
Кіріс сигналдарының нұсқалары мен шығыстағы нәтижесі
S = 1 және
R = 0 кезінде
Q = 1;
S = 0 және
R = 1 кезінде
Q = 0;
S = 1 және
R = 1 (шығыста белгісіздік қалпы);
S = 0 және
R = 0 (алдыңғы қалыпты сақтайды).
ЖӘНЕ-ЕМЕС элементтеріндегі асинхронды триггер схемасы
4.13-суретте берілген. Триггер жұмысын түсіндіретін уақытша
диаграммалар 4.14-суретте берілген.
Асинхронды RS-триггерінің негізгі параметрлері:
п тр = п ЛЭ - 1 —
триггердің жүктемелік қабілеті;
т тр =
m ЛЭ — кіріс бойынша тармақталатын коэффициент;
Т ЗД = 2t CP — сигналды тежеу уақыты;
Т ЗД = 2t CP —
сигналдың ұзақтығы;
𝐹
𝑚𝑎𝑥
=
1
𝑇
И
+ 𝑡
𝑐𝑝
— импульстарды бақылаудың ең жоғары жиілігі.
Кез келген триггерді қосқан кезде логикалық мән тура шығыста
анықталмаған.
Q дәл орнатылуын (әдетте «0») қамтамасыз ететін
шараларды қарастыру керек.
4.14-сурет. Асинхронды RS-триггері жұмысының уақытша диаграммалары
4.15-сурет. Синхронды
RS
-триггерінің схемасы
Триггер шығыс деңгейінің бастапқы қалпын беру
керек. Ол үшін триггерде теріс полярлық қысқа
орнатқыш импульсын беру үшін орнатқыш кірістері
болады.