ОПЕРАТИВТІ ЖАДТА САҚТАУ ҚҰРЫЛҒЫСЫ __ ОЖСҚ микросхемасының типтік құрылымы 6.1-суретте
келтірілген. Ақпарат жинақтағышта сақталады. Ол жолдар мен
бағандар бойында орналасқан жад элементтерінен (ЖЭ) құралған
матрицаны білдіреді. Жад элементі 1 бит ақпаратты (логикалық «0»
немесе логикалық «1») сақтай алады. Сонымен қатар ол үш
режимнің кез келгенінде: ол микросхема кірісі мен шығысында
өшетін сақтау режимі, ЖЭ-дегі ақпарат микросхема шығысына
берілетін оқу режимінде; ЭЖ-ға микросхема кірісінен жаңа түскен
ақпарат жазылатын жазу режимінде элементті орнату үшін басқару
тізбегімен жабдықталған.