6.2. бойынша әрекетті бірнеше қайтара орындайтын мамандандырылған
сандық құрылғыларда бағдарламаны сақтау үшін пайдаланылады.
ҚБЖСҚ сандық құрылғылардың қызмет ету үдерісінде ТЖСҚ
ретінде қолданылады. Ол ТЖСҚ-нан бір кезде енгізілген ақпаратты
жаңалауға қол жеткізілетіндігімен ерекшеленеді, яғни онда жазу
режимі қарастырылады. Алайда ОЖСҚ-ға қарағанда ақпаратты жазу
ҚБЖСҚ-сын цифрлық құрылғыдан ажыратуды талап етеді, арнайы
жазуға
арналған
құрылғыларды
(бағдарламалағыштарды)
пайдаланып жүзеге асырылады. Қайта бағдарламаланатын ЖСҚ
ТЖСҚ-на қарағанда қымбатырақ, оларды бағдарламаны ретке
келтіру үшін қолданылады, одан кейңн оларды арзан ТЖСҚ-на
ауыстыруға болады.
ЖСҚ жылдам әрекеттері екі параметрмен сипатталады:
1)
Таңдау сигналын беру сәті мен шығыста оқылған деректердің
пайда болуы арасындағы уақыт интервалынан тұратын таңдау
уақытымен;
2)
Жазу кезінде таңдау сигналын беру сәті мен жадқа келесі кіру
мүмкін болатын сәт арасындағы ең төмен шекті уақытпен
анықталатын жазба циклімен.
Жадта сақтау құрылғылары ЖСҚ микросхемасының бірігуімен
анықталатын біртипті жиынымен құрылады. ЖСҚ әр микросхемасы
айналыс уақыты мен сыйымдылығынан басқасы тұтынатын
қуатымен, қоректік кернеу жиынымен, корпус типімен (шығыс
санымен) сипатталады. ҚБЖСҚ микросхемалары қосымша онда
жазылған ақпараттың сақталу уақытымен (ол уақыт аяқталған соң
ұяшықта сақталып тұрған ақпарат өздігімен өзгере алатын
уақытпен), қайта жазу циклінің шекті (одан кейін микросхема
жарамсыз деп танылатын) санымен сипатталады.