Оқулық «Білім беруді дамытудың федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет54/116
Дата06.02.2022
өлшемі5,96 Mb.
#81594
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   116
Байланысты:
5ddcb76d5d423 1574745965

Есептеуіштер.
Е с е п т е у і ш — импульс санын есептеуге 
арналған құрылғы. Есептеуіштер радиотехниканың, қолданбалы 
электрониканың және есептеуіш машиналарының түрлі салаларында 
кеңінен пайдаланылады. 
5 . 1 - к е с т е
S
0
S
1
Режим
0
0
Сақтау
c
1
Оңға жылжыту
1
0
Солға жылжыту
1
1
Параллельді жазу


e(f)
Есептеуіштің негізгі сипаттамалары жылдам әрекеті мен 
ақпараттық сыйымдылығы болып табылады. Жылдам әрекеті екі 
параметрлермен:
f
— есептеудің максимальды жиілігімен (немесе 
есептеудің минимальды кезеңімен Т
с
= 1/f) және Т
уст
— импульсті 
соңғы есептеудің түсуімен және шығыс кодты орнату сәті 
арасындағы уақытша интервалға тең орнату уақытымен анықталады.
Ақпараттық 
сыйымдылық 
есептеуіш 
есептей 
алатын 
импульстердің ең жоғары санына тең есеп модулімен
m
(ц) 
анықталады. 
Есептеуіш 0, 1, 2 және т.б. мәндерін қабылдайтын кодталған 
сандық N кодты ішкі қалпы бар автоматты білдіреді. 
N
коды есеп 
нәтижесін білдіреді де есептеуіштің шығыс коды (сөзі) болып 
табылады. 
N
= 0 қалпы бастапқы деп аталады. Әдетте 
есептеуіштерде орнатқыш кірісіне басқарушы сигналды беру кезінде 
орындалатын және есептеуіштің кез келген ағымдық қалыптан 
бастапқыға ауысууына тұратын «0» орнату» микрооперациясын 
қарастырады. 
Өз қолданысы бойынша есептеуіштер қосатын, азайтатын және 
реверсивті болып бөлінеді. Қосатын есептеуіштерде кірістегі 
бірреттік сигнал код мәнін бірге арттырады, ал азайтатын 
есептеуіште – кодты бірге азайтады, реверсивті есептеуіш 
басқарушы сигналдарға байланысты қосатын да, азайтатын да болып 
жұмыс істей алады. 
Бұл қарапайым анықтамалар есептеуіш толып қалған жағдайда, 
N
коды максимальды мәнге (немесе минимальды мәнге) жеткенде және 
оң (не кері) бағыттағы одан арғы қалыпты есептеу мүмкін 
болмайтын 
жағдайда 
еептеуіш 
жұмысын 
сипаттамайды. 
Есептеуіштерде сигналдары толып кету жағдайының туындауын 
көрсететін арнайы шығыстар қарастырылған. Толып кету шығысы 
деп аталатын мұндай шығыстардың болуы есептеуіштердің 
ақпараттық сыйымдылықтарын арттыра отырып, оларды жалғауға 
мүмкіндік береді.
Реверсивті есептеуіш жұмысын қарастырайық. Бұл құрылғы 
импульстарды қосу және азайту операцияларын орындайды. 
Басқарушы сигнал сипатына қарай есептеуіштерді екі есептеу 
кірісімен және бір есептеу кірісімен, бір кіріс белгісімен деп бөледі.
Бірінші типті реверсивті есептеуіш Т
с
қосудың есептік кірісінен, 
Р
с
қосуды ауыстыру шығысынан, Т
в
азайтудың есептік кірісінен, Р
в
азайтуды ауыстыру шығысынан тұрады. Есептеуіш Т
в
= 0 кезінде 
қосатын, 
Т
с
= 0 кезінде азайтатын есептеуіш ретінде жұмыс істейді. 


Сурет 5.8. Синхронды есептеуіштердің графикалық бейнесі
Екі есептік кіріс бойынша бірлікті бір мезгілде беруге әдетте тыйым 
салынады. Тыйым болмаған кезде Т
с
Т
в
= 1 кезінде есептеуіш есептеу 
операциясын орындамағаны, яғни
P
c
= Р
в
= 0 и 
N(t +
1) = 
N(t) 
дұрыс. 
Екінші типті реверсивті есептеуіш Т есептік кірісінен
Р
ауыстыру шығысынан және есеп бағытын басқаратын S
g
белгілік 
кірістен тұрады. Есептеуіш 
S
g
= 0 кезінде қосатын, 
S
g
= 1кезінде 
азайтатын есептеуіш ретінде жұмыс жасайды.
Қарастырылған есептеуіштердің кез келгені синхронды және 
асинхронды принцип бойынша іске асырыла алады. Синхронды 
есептеуіштер синхронды (тактілейтін) триггерлерде құрылады. 
Есептеуіштің шартты белгіленуі оның ақпараттық сигналдың белгілі 
бір жиынымен функциональды спецификациясын білдіреді: Т
с
қосатын есептеуіште (5.8, а сурет), Т
в
азайтатын есептеуіште (5.8, 
б 
сурет)
Т
с
, Т
в
екі есепті кірісті реверсивті есептеуіште (5.8, 
в сурет), 
Т, S
g
басқарушы кірісті реверсивті есептеуіште (5.8, г сурет). Әр 
есептеуіш ақпараттық кірістен басқа 
С
тактілейтін кіріске ие, онда 
дискретті уақытта берілетін тактіленетін импульстердің кезектілігін 
беру керек болады.
Асинхронды есептеуіштер асинхронды триггерлерде немесе 
синхрондау кірісі ақпараттық ретінде пайдаланылатын асинхронды 
режимде жұмыс істейтін синхронды триггерде құрылады. 
Асинхронды 
есептеуіштердің 
ақпараттық 
кірістері 
мен 
шығыстарының саны, олардың пайдаланылу мақсаты синхронды 
есептеуіштердің кірістері мен шығыстарына ұқсас.


e(f)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет