ЦИФРЛЫҚ-АНАЛОГТЫ ТҮРЛЕНДІРГІШТЕР (ЦАТ) ЦАТ ТИПТЕРІ САТ шығысында оның кірісіндегі кодқа сәйкес аналогты кернеу
қалыптастырады (7.1-сурет). Қосарланған кіріс коды параллельді
немесе кезекті болуы мүмкін. ЦАТ түрлі дәрежедегі ауытқуы бар
кодты түрлендіреді, кейін бұл ауытқуларды жою аса қиын болады.
ЦАТ аналогты сигнал дәрежесімен басқарылатын құрылғылы
цифрлық басқару жүйесін байланыстыру үшін пайдаланылады.
Сонымен бірге, ЦАТ аналогты-цифрлық құрылғылар мен
түрлендіргіштердің көптеген құрылымдарының құрамдас бөлігі
болып табылады.
ЦАТ типтері:
■
Резисторлы матрицалы ЦАТ разрядты тізбектерінде параллельді
резистор қосылған. Олардың номиналдары қосарланған заң
бойынша орнатылады (сұрыпталады) (бұл құрылымы бойынша ең
төмен жиілікті, ең бірінші ЦАТ);
■
R —
2R матрицалары базасындағы күрделі кернеулі ЦАТ
(айтарлықтай кең таралған). Оның шығысында масштабталған
инверттелмеген күшейткіші бар. ЦАТ артықшылығы – үлкен кең
жолақтылығы; кемшілігі – ОҚ пайдалану өз шектеулерін
тудырады (ток дрейфтері, өткізу жолағының шектелуі);
R — 2R матрицалы және инверттейтін ОҚ кірісіндегі ток жиыны бар
САТ. Артықшылығы: алдыңғы ЦАТ-қа қарағанда айтарлықтай
кең жолақты; кемшілігі: ОҚ пайдалану мұнда да өз шектеулерін
орнатады. ОҚ әсерін жою үшін кең жолақты ЦАТ-та
R — 2R
матрицасы мен әр разрядта токтың дискретті генераторларын
пайдаланады. Сөйтіп, жиынтықтау шығыста жалғанатын кабель
алдында емес, ОҚ кірісінде жүзеге асырылады;