Оқулық «Білім беруді дамытудың федералдық институты»


ҚАЙТА БАҒДАРЛАМАЛАНАТЫН ТҰРАҚТЫ ЖАДТА



Pdf көрінісі
бет60/116
Дата06.02.2022
өлшемі5,96 Mb.
#81594
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   116
Байланысты:
5ddcb76d5d423 1574745965

ҚАЙТА БАҒДАРЛАМАЛАНАТЫН ТҰРАҚТЫ ЖАДТА 
САҚТАУ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ___________________ 
Қайта бағдарламаланатын ТЖСҚ онда жазылған барлық 
ақпараттарды белгісіз ұзақ уақытқа және қорек көзі ажыратылғанда 
да сақтай отырып, ТЖСҚ барлық қасиеттерін иеленеді. Сонымен 
қоса, олар жазылған ақпаратты өшіріп, жаңа ақпараттың жазылуына 
да рұқсат етеді. Алайда егер оқу микросекунд кезінде жүргізілсе, 
жазу уақыты біршама көбірек болады.


6.3-сурет. Ақпаратты электрлік жазбасы 
бар жад элементі 
Ақпаратты электрлік жазатын және 
ультракүлгін жарығымен өшіретін жад 
элементі жұмысының принципін қарастырамыз.
VT1 транзисторы жад элементін сұрыптау үшін қызмет етеді. 
Ақпаратты сақтау VT2 транзисторында жүзеге асырылады. 
VT2
транзисторының ерекшелігі оның оқшауланған қақпағының VT1 
ағынының р-л ауысуына айтарлықтай үлкен кернеу берілгенде 
ағында электрон инжекциясы орын алады, содан кейін заряд ағында 
ұзақ уақыт бойында сақталады. Ағындағы теріс заряд саңылауларды 
тарта отырып, 
VT1
бастау мен 
VT2 
ағын арасында өткізгіш р-каналын 
құрады. 
Транзистор VT1 транзисторы «0» қалпына түседі. Егер р-л 
ауысуларына жоғарылатылған кернеу қосылмаса, ағында заряд 
болмайды, транзистор өткізбейтін қалыпта болады.
Ақпаратты өшіру бір микросхемада сәйкес кернеуді берумен, 
екіншілерінде микросхема корпусындағы мөлдір кварцты қақпақ 
арқылы ультракүлгін сәулені берумен жүзеге асырылады.
Шамамен 10 минут әсер ететін кернеу не жарық сәулесінің
әсерінен транзистор ағынындағы заряд шешіледі де, жинақтауыштың 
барлық транзисторлары өзкізбейтін қалыпқа түседі. Қалыпты бөлме 
жарығы транзистор қалпына әсер етпейді.
Қайта бағдарламаланатын ТЖСҚ ТЖСҚ-нан қымбаттау, оларды 
жадта қай ақпарат сақталуы керектігін нақтылау қажет болған 
жағдайда, сандық құрылғыны ретке келтірерде пайдаланады. Ретке 
келтірген соң ҚБЖСҚ-сын арзан ТЖСҚ-ға ауыстыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет