«Шетел тілі» оқу пәні 10-11-сыныптарда шетел тілін оқытудың негізгі мақсаты білім
алушыларда шетел тілін мәдениет диалогында қарым-қатынас құралы ретінде
қолдануға, атап айтқанда: мектептегі білім беру, жастар туризм саласында
мәдениетаралық қарым-қатынас жасауға даярлауда, шетел тілін адами білімнің
қызықтыратын салаларында ӛз бетімен білім алу құралы ретінде, басқа
халықтардың мәдениетіне ену құралы ретінде пайдалануда, оларды Қазақстан
Республикасы
азаматтарының
ӛмірі
мен
тұрмыс
ерекшеліктерімен,
Қазақстанның әлемдік мәдениетке қосқан үлесімен таныстыру.
Қазіргі заманғы коммуникативтік әдістердің кӛмегімен шетел тілін
үйрену білім алушыларға интерактивті дағдыларды дамытуға және басқалармен
ӛзара қарым-қатынас негізінде оқуға мүмкіндік береді, осылайша жақсы
коммуникатор болып табылады. Шетел тілін меңгерген және жақсы
коммуникативтік дағдылары бар білім алушылар қазақстандық қоғамның
дамуына оң үлес қосатын болады.
Шетел тілінде сӛйлесе білу қазіргі заманғы бұқаралық жаһандық
коммуникация әлемінде шешуші мәнге ие. Білім алушылар шет тілінде оқып,
жаза және қарым-қатынас жасай білуі, сондай-ақ ӛз мұғалімдері мен
құрдастарын жоғары деңгейде түсінуі тиіс. Шетел тілі коммуникация, ғылым,
бизнес, Демалыс, Саяхат және спорт саласында жиі қолданылады. Шетел тілін
жақсы білу білім алушыларға осы салаларға қол жеткізуге мүмкіндік береді
және оларға ӛзінің білім беру, экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуын
жалғастыруға мүмкіндік береді.
Жалпы орта білім беру деңгейінің