Білім алушыларға жиынтық жҧмыс тапсырмаларын ҧсыну тәсілдері 1) Мұғалім жауап берудің нақты күнін кӛрсетеді және білім алушыларға
жиынтық жұмыс үшін тапсырмаларды электрондық журнал жүйесі,
электрондық пошта, чат, теллеграммалар және басқа байланыс құралдары
арқылы жібереді.
2) Интернет болмаған жағдайда балалардың оқу тапсырмалары мен ӛзіндік
жұмыстары санитариялық қауіпсіздік шараларын пайдалана отырып (пошта
бӛлімшелері арқылы, қолма-қол) үйге жеткізіледі.
3) Қажет болған жағдайда мұғалім білім алушыларға қолжетімді байланыс
құралдары арқылы кеңес береді.
2-11 сыныптарда «Музыка», «Кӛркем еңбек», «Дене шынықтыру», «Ӛзін-
ӛзі тану», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздер», «Графика және жобалау»
пәндері бойынша бағалау ерекшеліктері
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18
наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген орта, техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне
ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік
қағидаларына сәйкес (ҚР БҒМ 25.09.2018 жылғы № 494 бұйрығымен енгізілген
ӛзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып) жартыжылдық және оқу
жылының соңында «Музыка», «Кӛркем еңбек», «Дене шынықтыру», «Ӛзін-ӛзі
тану», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздер», «Графика және жобалау» пәндері
бойынша «сынақ» («есептелмеген») қойылады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.02.2018 № 47
бұйрығының 15-тармағына сәйкес «Музыка», «Кӛркем еңбек», «Дене
шынықтыру», «Ӛзін-ӛзі тану», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздер», «Графика
және жобалау» пәндері бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді.
300
Оқу тапсырмасы ӛз бетінше оқу үшін беріледі, білім алушылардан міндетті
кері байланыс қажет емес.