Оқу жылында қазақстан республикасының білім беру ҧйымдарында



Pdf көрінісі
бет61/325
Дата06.02.2022
өлшемі4,42 Mb.
#81968
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   325
Байланысты:
ӘДН 2020-2021 оку жылына

8) Дене тәрбиесі
салауатты ӛмір салты, дене тәрбиесі мен спорт
физикалық жетілдіру, ӛз денсаулығына жауапкершілікпен қарау құндылығы 
қалыптастырады.
 
Жалпы білім беру ұйымдарында бұқаралық спорт түрлерінде (
футбол, 
волейбол, баскетбол, гандбол, футзал, ҧлттық спорт тҥрлері: асық ату
тоғыз қҧмалақ, қазақ кҥресі)
мектеп спорт лигаларының желісін кеңейту және 
спорт түрлері бойынша арнайы мамандандырылған сыныптар және спорттық 
секциялар ашу маңызды. Ұлттық және бұқаралық спорт түрлері бойынша 
ұлттық спорт лигаларын дамыту қажет, мектеп оқушыларының қысқы және 
жазғы спорт түрлері бойынша спартакиадасын және мектеп оқушыларын 
жаппай спорт түрлерімен қамтуды арттыру. 
Дене тәрбиесінің бірден бір міндеті республикалық кӛпдеңгейлі балалар 
мен жасӛспірімдер турнирлеріне және халықаралық жарыстарға (қысқы және 
жазғы дүниежүзілік Гимназия)
 
қатысуға білім алушыларды кеңірек тарту 
қажет. 
Жасӛспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау, нашақорлық, 
алкоголизм, темекі шегудің алдын-алу және негізінен салауатты ӛмір салты 
бойынша семинар-тренингтер ӛткізу тәрбие жұмысының ажырамас бӛлігі 
болып табылады. 
Келесі материалдар жоғарыда аталған іс-шараларды ӛткізуге арналған 
әдістемелік база болып табылады: 
1) Білім аулшылардың репродуктивті денсаулығы мен отбасылық тәрбие 
қҧндылықтарын оқу процесіне кіріктіру бойынша әдістемелік ҧсынымдар. 
2) Әдіскерлер мен мҧғалімдерге арналған, қауіпсіз білім беру ортасын 
қалыптастыру мәселелері жӛніндегі әдістемелік қҧралдар орналастырылған: 
«Қауіпсіз білім беру ортасының компоненттерін оқыту және тәрбиелеу 
процессіне кіріктіру бойынша әдістемелік ҧсынымдамалар», «Мектептегі 
зорлық-зомбылықтың алдын алу және әрекет ету бойынша әдіскерлерге 
арналған нҧсқаулық», қауіпсіз білім беру ортасының келесі компоненттері 
кіріктірілген бастауыш, негізгі орта буын оқу пәндерінен қысқа мерзімді сабақ 
жоспарларының ҥлгілері: «Мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын алу», 
«Табиғи апаттардың қаупін азайту», «Киберқауіпсіздік», «Балалардың 
жарақат алуының алдын алу», «Экологиялық қауіпсіздік». 
Тәрбие жұмысын жоспарлау кезінде 
мегапроект 
ретінде, ӛзекті 
жоспарлау формасын пайдалану ұсынылады.
 
Оның ішінде ортақ мақсат 
біріктірілген және оларды орындау уақыты бір-бірімен байланысты жобалар 
енгізілген. Жобалар шеңберіндегі іс-әрекеттің сәттілік шарттарының бірі – 
сынып жетекшісінің жүргізіліп жатқан барлық қайта құрудың маңыздылығын 
түсінуі, олардың оқу-тәрбие үрдісіндегі қызметіне ӛзіндік талдау жасай алуы. 


48 
Тәрбие жұмысының нәтижелерін бағалау кезінде үш деңгей ескерілуі 
тиіс. 
Бірінші деңгей
– оқушының әлеуметтік білімге ие болуы және әлеуметтік 
шындық пен күнделікті ӛмір туралы алғашқы түсінік қалыптастыруы. 
Екінші 
деңгей
– бұл қоғамның негізгі құндылықтарына (адам, отбасы, Отан, табиғат, 
бейбітшілік, білім, жұмыс, мәдениет) және жалпы алғанда әлеуметтік 
шындыққа құнды кӛзқараспен қарау және тәжірибе жинақтауы. 
Ҥшінші деңгей
– білім алушының әлеуметтік әрекеттерді ӛз бетінше тәжірибе жинақтауы. 
Мына әдістемелік ұсынымда критериилері кӛрсетілген: «Тәрбиелік іс-шара»: 
алға қойылған мақсатқа жету деңгейінің ӛлшеу критерийлері (бәсекелік қабілет; 
прагматизм; ұлттық бірегейлікті сақтау; білімнің салтанат құруы; Қазақстанның 
революциялық емес эволюциялық дамуы; сананың ашықтығы») әдістемелік 
ұсыным Нұр-Сұлтан: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2018. – 120 б. 
Білім беру мен тәрбиелеудің құндылықтарға негізделген тәсілі мектептің 
жалпы жүйесінің ажырамас бӛлігі болып табылады. Мектептің климатында, 
мәдениетінде, барлық қызметкерлердің мінез-құлқында кӛрініс табатын 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет