Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


 Тақырыптарға әдістемелік сипаттама: «Педагогика пәні»



Pdf көрінісі
бет150/211
Дата06.02.2022
өлшемі2,14 Mb.
#82001
түріОқулық
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   211
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

2. Тақырыптарға әдістемелік сипаттама: «Педагогика пәні», 
«Жеке тҧлғаны дамыту, тәрбиелеу және қалыптастыру», 
«Педагогикадағы мақсатты анықтау»
«Педагогика пәні»
Курстың алғашқы тақырыбы оның оны тансытырудан курстың 
әрі қарай қабылдануы жүреді. Қазіргі оқу құралдарында осы 
тақырыпты баяндаудың белгілі бір жүйесі қалыптасқан. Ол жүйе 
тақырыптың нәтижелі меңгерілуін қамтамасыз етеді. 
Ең алдымен, педагогикаға тәрбие жайындағы ғылым ретінде 
анықтамасы беріліп, педагогика пәнін нақытылауға, тереңдетуге 
арналады. Педагогика тарихына шолу жасау арқылы білім 
алушыларға 
педагогиканың 
пәнін, 
әдіснамасын 
және 
педагогикалық 
зерттеудің 
әдістерін 
түсіндіру 
жүргізіледі. 
Педагогика ғылымының дамуына қазақтың белгілі философтары, 
ағартушы 
педагогтары, 
психологтары 
айтарлықтай 
үлес 
қосқандығын атйта кету керек. 
Педагогика адам тәрбиесі жайындағы ғылым. Педагогика 
теориясының дамуын әңгімелей отырып, оның практикада қалай 
жүзеге асатындығын белгілі педагогтардың еңбектері мен 
кӛқарастары арқылы саптаған жӛн. Педагог білім алушының дамуы 
мен тәрбиесін ұйымдастырушысы ретінде пәнге жалпы анықтама 
бере отырып, мектеп педагогиканың пәнін белгілеп ӛткен жӛн. 


256 
Содан соң педагогиканың негізгі ұғымдары беріліп, тәрбиенің 
мәні ашылады. Педагогиканың негізгі ұғымдарын меңгеруде кӛп 
жұмыс қажет. Педагогика оқулықтарында «тәрбие» ұғымына 
бірнеше анықтама беріледі. «Білім беру» ұғымына анықтама 
бергенде оның үрдіс, білім берудің нәтижесі екендігін атап ӛту 
керек. 
Келесі күрделі сұрақтардың бірі – бұл педагогиканың 
әдіснамасы және зерттеу әдістері. Ең алдымен, әдіснама жайында 
айтылған пікірлер кӛптігіне тоқталады. Дәріс барысында 
әдіснамаға анықтама беріліп, оның құрылымының үш бӛлімнен 
тұратының кӛрсету керек: 1) Әдіснамалық негіздемелер, бастапқы 
қағидалар, ғылымның әдіснамалық ақпараты; 2)Педагогикалық 
теория: 
идеялар, 
заңдар, 
болжамдар, 
ғылыми 
фактілер; 
3)Қолданбалы бӛлім. Онда принциптер, ережелер, зерттей әдістері 
және ғылыми ұсыныстар. 
Әдіснамалық зерттеулер педагогиканың пәнін, оның басқа 
ғылымдар жүйесіндегі орнын, мәселелерін дәлірек және тереңдете 
белгілеуге мүмкіндік береді. Әдіснаманың басты міндеті – тәрбие
жайындағы білімді табу жолдары мен принциптерін, әдістерін 
белгілеу. 
1.
Әдіснаманың маңыздылығын білім алушыларды нақты 
зерттеумен, оның ӛтуімен және нәтижесімен таныстыру арқылы 
аша түсуге болады. Нақты мысалмен зерттеудің бастапқы 
қағидаларын, болжамын, міндеттері мен кезеңдерін, әдістерін 
кӛрсетумен 
түсіндіріледі. 
Ғылыми 
әдістер 
жайында 
В.И.Загвьязинскийдің «Методология и методы педагогического 
исследования» - М., 2003., Педагогика / Дәріс курсы. Абай ат. 
ҰПУ.- Алматы: «Нұрлы әлем», 2003 оқулықтарынан алуға болады.
Педагогиканың 
дамуын 
кӛрсетуде 
кӛрнекілікті 
дұрыс 
пайдаланған жӛн. Тақырыптың «Педагогикалық ғылымдар жүйесі» 
сұрағын сызба түрінде түсіндіруге болады. Олар педагогиканың 
тәрбиемен байланысын сипттап білім алушыларға түсіндіруде 
қажет құралдар: суреттер, педагог портреттері, оқулықтар, 
фотокӛшірмелер. 
 
«Жеке тҧлғаны дамыту, тәрбиелеу және қалыптастыру» 
«Педагогиканың жалпы негіздері» курсындағы ең күрделі 
тақырыптарының бірі. Бұл тақырыпты аталмыш курс мазмұнына 
орыс педагогы П.Н. Груздев енгізіген. Тақырып мазмұнына сәйкес 


257 
негізгі ұғымдарға, жеке тұлға туралы түсінікке, тұлғаның 
тәрбиеленуі мен қалыптасуына, тұлға дамуындағы оқытудың 
орнына, 
тұлғаны 
әлеуметтендіру 
және 
қалыптастыру 
факторларына: 
тұқымқуалаушылық, 
орта 
мен 
тәрбие 
факторларының ролі туралы сипаттама беріледі. Оқытушының 
міндеті – осы факторлардың адам дамуында қандай ӛзара 
байланыста, тәуелділікте болатындығын кӛрсету. Сонымен қатар 
тұлға дамуының негізгі факторларының әртүрлі жас кезеңдерімен 
байланысын түсіндіруде дамудың негізгі заңдылқтарын (біркелкі 
еместігін, тәрбиелік ықпалға сәйкессіздігін, қарама-қайшылығын) 
кӛрсетуге негізделеді. Әдетте, бұл адам дамуының тарихи жолы 
арқылы сипатталады. Осы мақсатта түрлі құралдар: әдеби 
кейіпкерлер, кинофильмдерден мысалдар, оқытушының білім 
алушыны ұзақ бақылау нәтижелері және т.б.қолданылады. 
Бұл тақырып негізінен теориялық жағынан оқытылса да, 
практикалық тапсырмалар беруге болады. Мысалы, тұлға 
дамуындағы 
тәрбиенің 
ролі 
жайында 
айтылған 
белгілі 
педагогтардың 
пікірлерін 
талдау 
(А.С.Макаренко, 
В.А.Сухомлинский, М.Жұмабаев, А.Құнанбаев және т.б.), 
педагогикалық ситуацияларды шешу, білім алушы тұлғасының 
кейбір жақтарының дамуын, ӛзгерісін бақылау және т.б. 
Дәрістің мазмұндық негізі күтілетін нәтижелер мен міндеттерге 
жетуге бағытталауы тиіс. Сондықтанда жеке тұлғаның дамуы мен 
қалыптасуына әсер ететін факторлармен танысуды интерактивті 
әдістер мен сыни тұрғыдан жазу және ойлау технологиясының 
элементтерін пайдалану арқылы ӛткізуге болады. Тақырып 
бойынша білім беру үдерісін бұлай ұйымдастыру – педагог пен 
білім 
алушылардың 
бірлескен 
іс-әрекетінің 
сабақтастық, 
үздіксіздік, табиғатқа үйлесімділік, практикаға бағдарлану 
ұстанымдары арқылы жүзеге асуына мүмкіндік береді. Тӛменде 
осы тақырыптың үлгі жоспарын ұсынамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   211




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет