Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет149/211
Дата06.02.2022
өлшемі2,14 Mb.
#82001
түріОқулық
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   211
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

VI. 
«ПЕДАГОГИКАНЫҢ 
ЖАЛПЫ 
НЕГІЗДЕРІ» 
БӚЛІМІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
1. «Педагогиканың жалпы негіздері» курсының мақсат, 
міндеттері. Пән бойынша университеттерге арналған типтік 
және оқу жҧмыс бағдарламалары 
Кез келген оқу пәнінің мазмұны тәрбиенің мақсатымен 
белгіленеді, оның нақты кӛрінісі болып табылады. Қоғам дами 
отырып, білім берудің жаңа міндеттерін белгілейді, олар барлық 
оқу пәндерінің мазмұнында кӛрініс табады. Педагогика қоғамдық 
ғылым болғандықтан ол қоғам талаптарын кӛрсетеді.
Жоғарғы оқу орындағы педагогика курсының мазмұнында 
жалпы 
педагогиканың 
негізгі 
қағидалары 
берілуі 
тиіс. 
«Педагогиканың жалпы негіздері» бӛлімі бірден қалыптасқан жоқ. 
Бұл бӛлімді жоғарғы оқу орнының оқу бағдарламасына енгізу 
жайында кӛптеген талассӛздер жүргізілді. Бұл бӛлімнің маңызы, 
әсіресе, педагогика курсы үш бӛліктен тұрғанда кӛріне басталды: 
педагогикаға кіріспе, дидактика және тәрбие теориясы. Кейінірек 
дидактика және тәрбие теориясы бӛлек пән ретінде оқытыла 
бастады. Сондықтан барлық педагогикалық жоғары және орта 
арнаулы оқу орындарында болашақ мамандарды педагогика 
ғылымының теориялық негіздерімен қаруландыру басты міндет 
болып табылады.
«Педагогиканың жалпы негіздері» курсы педагогикалык пәндер 
жүйесінде басты модуль болып табылады. Жалпы педагогика адам 
дамуының заңдылықтарын, дамудың негізгі факторларын, тұлғаның 
калыптасуын зерттейтін негізгі ғылыми пән. Курсының 
мақсаты
болашақ педагог-психологтардың теориялық және әдістемелік 
біліммен қаруландыру болып табылады. Осыған орай курстың негізгі 
міндеттеріне

- педагогикалық теория мен практика саласында студенттердің 
жан-жақты терең білімін қалыптастыру; 
- болашақ педагог-психологтардың педагогикалық ойлауы мен 
кӛзқарасын қалыптастыру; 
- қазіргі педагогикалық ғылымның түсіндірмелік аппараты, 
әдіснамасы, зерттеу әдістері саласындағы жетістіктермен таныстыру; 
- педагогиканың басқа бӛлімдерін зерттеу және ұғынудың негізін 
қалау жатады. 


255 
«Педагогиканың жалпы негіздері» курсының зерттеу 
объектісі
– жалпыпедагогикалық жүйедегі басты модуль ретіндегі мазмұны.
«Педагогиканың жалпы негіздері» курсының 
мазмҧнында 
педагогиканың 
теориялық-әдіснамалық 
негіздері, 
адамтану 
жүйесіндегі педагогиканың орны, педагогиканың аксиологиялық 
негіздері; қазіргі шетел педагогикалық тұжырымдамалары; 
қоғамды демократияландыру мен ізгілендірудегі және білім берудің 
жаһандануындағы педагогиканың рӛлі мен дамуы қарастырылады.
Студенттердің 
ӛзіндік 
жұмыстарының 
формалары: 
педагогикалық сӛздік жүргізу, түпдеректерді конспектілеу, 
аннотациялау, 
педагогикалық 
әдебиеттерді 
рецензиялау, 
рефераттар мен эсселер жазу.. 
«Жалпы педагогика негіздері» курсын табысты меңгеру 
студенттердің ӛз бетімен жұмыс жасауын қажет етеді, пәнді оқу 
емтихан тапсырумен және курстық жұмысты орындаумен 
аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   211




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет