Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет160/211
Дата06.02.2022
өлшемі2,14 Mb.
#82001
түріОқулық
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   211
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

3. 
Курс 
бойынша 
практикалық 
тапсырмалардың 
ӛзгешеліктері 
Дәріс кезінде деңгейлік тапсырмалар орындау барысында білім 
алушы тӛменгі деңгейді орындап қана шектелуі мүмкін немесе 
бірнеше деңгей тапсырмасын ұқыптылықпен, жауапкершілікпен 
меңгеруі мүмкін. Егер аз уақыттың ішінде білім алушы кӛп 
тапсырма орындап үлгерсе, ол білім алушының іскерлігі, шеберлігі, 
белсенділігі мен қабілеттілігі жоғары. Білім алушының осындай 
зеректігін одан әрі дамыту үшін де деңгейлік тапсырмалар қажет. 
Мұғалім деңгейлік тапсырмалар арқылы сабақ кезеңдерінде білім 
алушының танымдық ойын, белсенділігін, икемдігін арттыру 
жұмыстарын шеберлікпен жүргізе алады. Деңгейлік тапсырма 
негізінде оқу объектілерінің терең де шығармашылық ара қатынасы 
ескеріледі. Білім алушының ӛзін-ӛзі тануына, ӛз күйін ӛзі сезінуіне, 
ізденімпаздық тудыратындай әлеуметтік – мәдени кеңістік жасау 
қажет.
Деңгейлік оқыту технологиясын келесі бағытта қолданамыз. 
Білім алушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі. Деңгейлік 
тапсырмалар үш деңгейде жүргізіледі. Әр сыныпта білім 
алушылардың ӛз бетімен жүргізген жұмыстары тоқсандық 
қорытынды жұмыстары, бақылау жұмыстары есепке алынады. Әр 
білім алушының жеке дамуының кӛрсеткіші жасалады. Білім 
алушы ӛзін-ӛзі бақылайды. Жыл соңында әр білім алушының білім 
сапасы қорытындыланады. Жыл бойы құрылған әр білім алушының 
білім сапасының мониторингісінен оның білім деңгейі анықталады. 
Білім алушы жыл бойы ӛзінің қалыс қалған жақтарын есепке алып 
отырады.
Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз – білім алушылардың ойлау, 
сӛйлеу 
қабілетін 
дамытатын, 
әлеуметтік 
кӛзқарасын 
қалыптастыратын, ізденушілікке баулитын, жеңілден қиынға, 
қарапайымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын 
жұмыстар жүйесі. Мұндай жұмыстар жүйесі тӛрт деңгейлік 
тапсырмалардан тұрады. Бірінші деңгей тапсырмалары білімнің 
минималдық шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес, 
бағдарлама мӛлшерінен аспайтын, білім алушының жас 
ерекшеліктеріне сай болады.
Деңгейлік тапсырмаларды құруға қойылатын талаптар 
мынадай: Біріншіден, мұғалім деңгейлік тапсырма құрылатын 
сыныптың бағдарламасын, мемлекеттік, стандартты, базалық оқу 


267 
жоспарын толық білуі тиіс. Екіншіден, білім алушының физио –
психологиялық ерекшелігі, қабілеті, білім деңгейі назарға 
алынғаны жӛн. Үшіншіден, білім алушылардың басқа пәндерден 
алған білімдері ескеріліп, пәнаралық байланыс жүзеге асырылады. 
Әсіресе орыс оқу орынытеріндегі қазақ тілі тапсырмаларына 
әдебиет материалдарын пайдалану ӛте тиімді. Тӛртіншіден, 
деңгейлік тапсырмалар қызықты, білім алушының ойлау қабілетін 
дамытатын, кӛркемдігі жоғары, тілі түсінікті болуы қажет. 
Бесіншіден, тапсырмалар біртіндеп күрделене келіп, білім 
алушының жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру мақсатына сай 
мазмұны терең, жан-жақты болғаны жӛн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   211




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет