Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


Тәрбие теориясы пәні бойынша университеттерге



Pdf көрінісі
бет190/211
Дата06.02.2022
өлшемі2,14 Mb.
#82001
түріОқулық
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   211
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

2. Тәрбие теориясы пәні бойынша университеттерге 
арналған типтік бағдарлама мазмҧны 
Философиялық тұрғыдан мазмұн тұтастың анықтаушы жағы 
болып табылады. Объектісінің құрамдас элементтерінің, оның 
қасиеттерінің, 
ішкі 
үрдістерінің, 
байланыстарының, 
қайшылықтарының және бағыттарының бірлігі. Тәрбие мазмұны 
оның жалпы мақсатын, міндеттерін және жақтарын бірлікте қамтып 
кӛрсетеді. Ол әр түрлі формалар мен әдістерді қолдану арқылы 
тұлғаның дамуын қамтамасыз етеді. Тәрбие мазмұны – тұлғаның 
білімін, іскерлігін, дағдысын, кӛзқарасы мен сенімін, сапалары мен 
белгілерін, мінез-құлықтың тұрақты әдеттер жүйесін кӛрсетеді, 
оларды меңгеру қажет және олар қойылған мақсат пен міндетке 
сәйкес болуы керек.
Тәрбие теориясын оқытуда оқытушы жалпы тәрбие 
жұмысының негізіне салынған идеалға сүйенеді: «үйлесімді 
дамыған, қоғамдық белсенді тұлғаны жан-жақты дамыту және 


318 
қалыптастыру». Осы идеяны жүзеге асыруда тәрбие теориясы 
ғылыми білімнің салаларына этикаға, эстетикаға, дене тәрбиесінің 
теориясына сүйенеді.
Қоғамдағы түбегейлі әлеуметтік-экономикалық қайта құру 
жағдайында қазіргі жалпы орта мектеп педагогінің іс-әрекеті жаңа 
мазмұнмен толықтырылуда. Жалпы орта білім беретін мектеп 
алдында тұрған күрделі міндеттерді шешу үшін болашақ 
педагогтарды кәсіби даярлауды жетілдіру қажет. Мұнда «Тәрбие 
теориясы» курсының орны ерекше. Бұл курс бакалаврларды жаңа 
педагогикалық ойлауға бағыттайды. Курстың мазмұны білім алушы 
тұлғасын жалпы орта мектептегі педагогикалық үрдістің обьекті 
және субьекті ретінде қарастыратын демократиялық және ізгіліктік 
дәстүрде құрылған. Мұнда жалпы азаматтық құндылықтар мен 
Қазақстан 
Республикасының 
ұлттық-мәдени 
ерекшеліктері 
ескерілген. 
Курстың мақсаты:
бакалаврларды тәрбиенің ғылыми 
негіздерімен қаруландыру.
Болашақ педагогтар бұл курсты: 

кәсіби ойлау мен әрекет жасауды үйрену; 

тәрбиенің теориялық негіздерін меңгеру; 

жалпы 
орта 
мектеп 
білім 
алушысы 
тұлғасын 
қалыптастырудың мәні мен негізгі жолдарымен; 

тұтас педагогикалық үрісте жалпы орта мектеп білім 
алушыларын тәрбиелеу мазмұнымен; 

тәрбиенің заңдылықтары, принциптері, әдістері, құралдары 
және формаларымен; 

жалпы орта мектепте балалар ұжымының мәні және даму 
сатыларымен танысу үшін оқиды.
«Тәрбие теориясы» курсының мазмҧны
теориялық негіздемені, 
тәрбие үрдісіне мазмұнды сипаттаманы, тәрбиенің заңдылықтары, 
принциптері, әдістері, құралдары мен формаларын, тәрбиенің жаңа 
технологияларын балалар ұжымының дамуын қамтиды. 
Курсты оқу оқытудың ақпараттық-дамытушы, проблемалық-
ізденіс, репродуктивті және шығармашылық-репродутивті әдістерін 
пайдалана отырып, дәріс, семинар, студенттің оқытушымен ӛзіндік 
жұмысы барысында жүзеге асады.
Ақпараттық-дамытушы
: дәріс, әңгіме, түсіндіру, оқу 
фильмдерін демонстрациялау, педагогикалық әдебиеттермен ӛз 
бетіндік жұмыс, білім беру бағдарламаларымен ӛз бетімен жұмыс. 


319 
Проблемалық ізденіс әдістері:
оқу материалын проблемалық 
баяндау мен әңгіме, пікірталас, зерттеу жұмысы , шағын 
топтардағы студенттердің ұжымдық ойлау іс-әрекеті, зертханалық 
ізденіс жұмыстар. 
Репродуктивті әдістер:
оқу материалын мазмұндау (ауызша 
айтып беру), үлгіге байланысты тапсырмаларды орындау. 
Шығармашылық-репродуктивті 
әдістер:
педагогикалық 
тапсырмаларға шығармашылық шығарма мен эссе жазу, кестелер 
мен сызбалар құрастыру, педагогикалық жағдайяттарды талдау
іскерлік ойындар, педагогикалық міндеттерді шешу. 
Студенттердің 
ӛзіндік 
жұмыстарының 
формалары: 
педагогикалық сӛздік жүргізу, түп деректерді конспектілеу, 
аннотациялау, рефераттар дайындау, педагогикалық әдебиеттерді 
рецензиялау. 
Тәрбие теориясын оқу тест қабылдаумен аяқталады. 
Сонымен ӛз дәрежесінде және жақсы ұйымдастырылған тәрбие 
адамды ӛмірдегі үш негізгі қызметке, яғни азаматтыққа, іскер 
қызметкер болуға және үлгілі отбасылық адам болуға дайындайды. 
Осымен байланысты бүгінде оқу орынындағы тәрбие ісінің 
мазмұнын Отандық және әлемдік ӛркениетті елдердегі психология, 
педагогика, физиология ғылым жетістіктерімен, оқытудың және 
тәрбие ісінің жаңа технологиясы талаптарына сай етіп, қайта 
ойластырудың қажеттілігі туындауда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   211




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет