Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет27/211
Дата06.02.2022
өлшемі2,14 Mb.
#82001
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   211
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

пәндік дидактика
немесе 
жеке әдістеме
құрайды. Оқытудың жалпы заңдылықтарын 
білім беруде қолдану және нақты оқу пәндерін зерттеу. 
Педагогиканың басқа да ғылыми салалары бар: әскери, 
спорттық, кәсіби т.б. Әрбір бағыт педагогиканың бӛлігі болып 
табылады.


58 
Педагогика ғылым ретінде болашаққа қызмет етеді. Сондықтан 
оның алдын болжауға және практиканы белсенді қайта ӛзгертуге 
қабілеті, яғни адамды дамыту, тұтасымен алғанда адамзат қоғамын 
дамытудың мақсатты нәтижесін кӛре білу ерекше маңызды болып 
табылады.
Қазіргі кезеңде әлемдік қоғамдастық білім беруде 
ізгіліктік 
(гуманистік) идеяларды оның қоғамдағы әлеуметтік, педагогикалық 
және экономикалық рӛлін кӛтеру арқылы жүзеге асыруға ұмтылыс 
жасауда. Кезкелген қоғамның адамгершілік, интеллектуалдық, 
ғылыми-техникалық әлеуеті білімдік ортасының деңгейіне тікелей 
байланысты.
Педагогика 
білім беру туралы
ғылым ретінде бүгінгі күні 
іргелі, 
қолданбалы және практикалық зерттеулерді ҧйымдастыруға, 
ҧғымдық-категориялық аппаратын нақтылауға және одан әрі 
дамытуға, оқыту мен тәрбие мазмҧнын, ҧйымдастыру 
формалары 
мен 
әдістерін 
жетілдіруге, 
жаңа 
тиімді 
педагогикалық технологияларды жасауға, ҥздіксіз білім беру 
мәселелерін ӛңдеуге, білім беру процесінің тиімді қызмет етуіне 
бағытталған ҧсыныстар беруге ӛз кҥшін бағыттауда. 
Әлемде болып жатқан ӛзгерістер отандық білім беру жүйесін 
реформалауды, 
шығармышылықпен 
жобалауды, 
оны 
модернизациялау жолдарын жетілдіру қажеттілігін ӛзектейді. Бұл 
міндетті шешуде педагогика ғылымы, жаңа тұрғыларды, 
ұстанымдарды, реформалаудың тұжырымдамалық негіздеуге және 
осы негізде ХХ1 ғасыр талаптарына жауап беретін білім берудің 
жаңа моделін құруда шешуші рӛл атқарады.
Білім беру - әр түрлі ғылымдардың, соның ішінде 
педагогиканың объектісі болып табылады. 
Білім беру
- педагогика 
ғылымының негізгі обьектісі ретінде оның дамуы оқу пәнінің 
мазмұнына ӛз әсерін тигізеді.
 
Еліміздің білім беру саясатын 
айқындайтын «Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін 
дамытудың 2015 жылға дейінгі Тұжырымдамасы», «Қазақстан 
Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға 
дейінгі Мемлекеттік бағдарламасы» және басқа да құжаттарындағы 
білім 
беруді 
жаңарту 
талаптары 
интеллектуалды 
ұлтты 
қалыптастыру туралы нақты міндеттерінен туындап отыр. Бұл 
міндеттер әлемдегі білім беруді дамытудың негізгі факторы білім 
алушы тұлғаның құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған 
білім беруді бүгінгі күн сұраныстарына сәйкестендіру мақсатын 


59 
кӛздейді. Соған сай, елімізде білім беруді жаңарту арқылы білім 
берудің жаңа мазмұнын қалыптастыру міндеттері нақтылануда. 
Білім беру белгілі бір білім, іскерлік, дағдылар жиынтығын 
меңгертіп қана қоймай, білім алушы тұлғасын дамытуға, ӛмірлік 
проблемаларды ӛз бетімен және тиімді шешуге, тұлғаның ӛзін-ӛзі 
анықтауына, әлеуметтенуіне және ӛзін-ӛзі жүзеге асыруына 
мүмкіндік беретін әмбебап білім, тәжірибе және қабілеттердің 
жиынтығын меңгертуге бағытталған. Білімге бағытталған оқытудан 
құзыретті тұлғаға бағдарлы білім беруге кӛшу білім беру 
мазмұнында 
экономикалық, 
саяси, 
хұқықтық, 
дене, 
коммуникативтік мәдениет компоненттерінің, сонымен бірге, 
еңбек, жанұялық қарым-қатынастар, салауатты ӛмір салтын ұстану, 
ӛмір қауіпсіздігін сақтау мәдениетінің кӛрініс табуын кӛздейді [2].
Қазіргі қоғамның даму қарқыны білім берудің мақсаты мен 
міндеттерін қайта қарауды талап етеді. Тұлғаны қалыптастыру, 
оның шығармашылдық даралығын дамыту, оның бар мүмкіншілігін 
ашып, оны жүзеге асыруға мүмкіндік бере алатын білім беру 
жүйесінің басты міндеті болып табылады. Осылайша қазақстандық 
білім беру саласына белгілі бағыт берілді, бұл ізгіліктік, тұлғалық, 
тұлғалық-бағдарлы, іс-әрекеттік, құзыреттілік тұрғылыр негізінде 
білім беру. Оның басты мақсаты – білім алушының ӛз тұлғалық 
мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін барлық жағдайды тудыру. 
Дәстүрлі 
білімділік 
бағытталған 
оқыту 
жаңа 
қоғамдық 
сұраныстарды қанағаттандыра алмай отырғандықтан, ӛмірде ӛз 
орнын анықтай алатын, білімі арқылы мүмкіндіктерін жүзеге асыра 
алатын, дербес, белсенді, үнемі даму үстінде болатын шығармашыл 
тұлғаны қалыптастыру үшін инновациялық педагогикалық 
парадигма, оқыту және тәрбиелеу жүйесіне жаңа тұжырымдамалық 
тұрғылар қажет болып отыр.
Білім берудің классикалық моделі қазіргі қоғам ұсынып 
отырған талаптарға жауап бере алмайтындығы белгілі. Сондықтан 
жаңа педагогикалық әдіснамасына айналуға және дәстүрлі білім 
беру 
жүйесін 
интеллектуальдық 
қайта 
құруға 
қабілетті 
философиялық-педагогикалық идеяларға қажеттілік туындады.
Қазіргі қоғамда 
білім
адам әрекетінің ең кӛлемді саласына 
айналып отыр. Онымен дүние жүзінде миллиардтан астам оқушы, 
студент және 50 млн астам педагог айналысуда. Білімнің әлеуметтік 
ролі ӛсуде, оның бағыты мен тиімділігіне бүгінгі күні адамзат 
дамуының перспективасы тәуелді болып отыр. Соңғы он жылда 


60 
адамзат білім берудің барлық түрлеріне ӛз қатынасын ӛзгертті. 
Білім
 
әлеуметтік және экономикалық 
прогрестің жетекші 
факторы және негізгі капиталы 
ретінде қарастырылып, жаңа 
білімдерді меңгеру, оны қалыптан тыс жағдайда қолдана білуге 
деген қажеттілік ӛсуде. Бiлiм - шындықты ӛзгертудiң маңызды 
құралы бола отырып, ӛсуi жағынан қазiргi уақытта кез-келген басқа 
жүйенiң ӛсуiн басып озатын, динамикалық жүйе екендiгiн 
кӛрсетедi. 
Білім мен ақпаратқа бет алған қоғамда білім беру жүйесі 
инновациялық экономиканың негізгі бӛлігі ретінде қарастырылуда. 
Бүгінгі күні қазақстандық білім жүйесі іргелі және сапалылық 
қасиеттерін сақтай отырып, нарық заңдылықтары негізінде пайда 
болып отырған ӛзгерістерге ілкімділікпен, жауап бере алатын болу 
қажеттігі туып отыр. Білім мен ғылымды дамыту – еліміздің адам
ресурстарының сапасын арттырып, оның бәсекеге қабілетін
қамтамасыз етудің алғы шарттары болып табылады.
Педагогикалық жаңа парадигмаға сәйкес білім беруді жаңарту 
барлық білім беру деңгейлерінде бірыңғай әдіснамалық тұғырдың 
болуын талап етеді, оның басты принциптері еліміздің 
инновациялық даму бағыттарына негізделген ілім саясатынан 
айқын кӛрінеді.
Бәсекеге қабілетті демократиялық қоғамдағы еліміздің 
әлеуметтік- экономикалық, саяси және тарихи-мәдени моделдері 
мен тетіктерін жасау және жүзеге асыру, еліміздің қазіргі кезіндегі 
инновациалық даму стратегиясы мен адам ресурстарын 
қалыптастырудың стратегиялық бағыттарын анықтау, ӛзіндік білім 
алу мен ӛзін-ӛзі дамытуға, ӛзгермелі жағдайларда ӛмірден тиімді 
жол табатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру 
саясатын кӛздейтін тенденциялар білім берудің нәтижелілігін талап 
етеді.
Еліміздің білім жүйесіндегі саясаты білім беруді басты 
құндылық ретінде қалыптастыруға негізделіп, барлық білім беру 
жүйелеріне қойылатын талаптарды айқындайды. Білім беру 
мақсаты жаңа білім нәтижелерін - жаңа ӛзгерістер жағдайына 
инновациялық және жобалаушылық ойлау қабілеттері қалыптасқан, 
ӛзін-ӛзі дамыту мен ӛзін-ӛзі қамтамасыз ете алатын, әлеуметтік 
және кәсіби құзіреттілігі негізінде тиімді шешімдер қабылдай 
алатын адамның жаңа сапаларын қалыптастыру.


61 
Осыған орай соңғы жылдары еліміздің білім жүйесін жаңғырту 
мәселесі күн тәртібінен түспей келеді, орта білім жүйесінің 
құзыреттілік сипаттарға негізделген жаңа білім стандарттары мен 
жаңа бағдарламалары, жаңа оқулықтар жасалып, олар барлық 
деңгейлерде талдануда. Орта білім саласындағы осы ӛзгерістер 
кәсіби және қосымша білім беру жүйелеріне де ӛз әсерін тигізіп, 
ондағы білім нәтижелерін осы тұрғыдан қарастыруға әрекеттер 
жасалуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   211




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет