68
даралығын сақтау сияқты бейiмделу механизмдерiн қалауы болып
табылады;
Білім беру жҥйе ретінде
педагогикалық құбылыстардың
диалектикалық табиғатына және оның тұтастық сипатына сәйкес
педагогикалық жүйелердің құрамы
қызмет етуі мен дамуына
қажетті және жеткілікті компоненттері мен олардың ӛзара
байланыстарынан тұрады. «Жүйе» – жалпы мақсаттардың
бірігуімен ӛзара байланыстан элементтер. Жүйенің негізгі
сипаттарының бірі – оның тұтастығы, сонымен қатар, тұтастық тек
жүйенің ӛзінің қасиеті ретінде ғана емес, оны ӛз элементтеріне
қосылмайтын және сыртқы ортаға
қарсы тұратын ішкі тұтастық
ретінде
зерттеу
тәсілі
болып
қарастырылады.
Сонымен
педагогикалық жҥйелер
– жас ұрпақты және ересектерді тәрбиелеу,
оқыту, білім беру мақсатында құрылған ӛзара байланысты
құрылымдық және қызметтік компоненттердің жиынтығы.
«Педагогикалық жҥйелер
» ұғымы осы Заңның «Білім беру
жүйесі» деп аталатын 3-тарауындағы 10-бапқа сүйене отырып,
«Білім беру жүйесі – Қазақстан Республикасының
білім беру
жҥйесі
ӛзара іс-қимыл жасайтын: 1) білім беру деңгейінің
сабақтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік жалпыға міндетті
білім
беру
стандарттарының
және
білім
беретін
оқу
бағдарламаларының; 2)
меншік нысандарына, үлгілері мен
түрлеріне қарамастан, білім беру бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарының; 3) білім беруді басқару органдары және
тиісті инфрақұрылымдар, оның ішінде
білім сапасы мониторингін
жүзеге асыратын ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету
ҧйымдарының жиынтығын
білдіреді» деген анықтамалары
негізінде қарастырылады.
Педагогикалық жҥйелердің компоненттері
ҚР «Білім туралы»
Заңның 3-тарауының 11-бабында «Қазақстан Республикасындағы
білім беру жүйесі білім беретін оқу бағдарламаларының үздіксіздігі
және сабақтастығы принципі негізінде
мынадай білім беру
деңгейлерін:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды;
2) бастауыш білім беруді;
3) негізгі орта білім беруді;
4) орта білім беруді (жалпы орта білім беруді, техникалық және
кәсіптік білім беруді);
5) орта білімнен кейінгі білім беруді;
69
6) жоғары білім беруді;
7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қамтиды деп
кӛрсетілген.
Білім беру адамды тәрбиелеу және оқытуға тәуелді ӛзінің
сапалық сипаттамасына
сәйкес тек процес қана емес,білім беру
мақсатының жүзеге асырылу дәрежесін кӛрсететін
нәтиже
болып
табылады. Білім берудің нәтижесі барлық «білім беру қызметін
пайдаланушылар» - мемлекет, қоғам, әрбір адамның экономикалық,
адамгершілік,
интелектуалдық
жағдайы
үшін
маңызды
құндылықтарды меңгеру дәрежесімен анықталады.
Бүгінгі білім беру
Достарыңызбен бөлісу: