117
Білім беру жүйесінің дамуы, оның жұмысының жекелеген
жақтарындағы жетістіктер тек инновациялық
процесс ретінде
жүзеге асырылады, яғни ескірген және тиімді емес құралдарды сол
жағдайда жаңа және тиімдіректерімен ауыстырып, жаңа идеяларды,
технологияларды қолдану.
Осыған орай, «технология», «білім беру технологиясы»
ұғымдарын қарастыру қажет.
Шет тілі сӛздігінде технологияға мынадай анықтама берілді.
Грек тілінен аударғанда
Techne
– шеберлік, іскерлік және –
логия
–
объектінің жиынтығы. Бұл термин түсіндірме сӛздікте қандай да
бір істе, шеберлікте қолданылатын тәсілдердің жиынтығы деп
анықталынады.
Т.И.Шамованың пікірінше,
білім беру технологиясы
–
қатыстырушыларға комфорттық жағдайды қамтамасыз етіп, нақты
нәтижеге жету мақсатындағы білім беру процесін жобілім
алушыудағы,
ұйымдастырудағы,
бағалаудағы
және
корреляциялаудағы педагогтар мен
білім алушылардың бірлескен
іс-әрекетінің процестік жүйесі.
Кез келген білім беру технологиясының құрылымы:
Мақсатқа бағытталуы;
Сүйенетін ғылыми идеялары;
Педагогтар мен білім алушылардың бірлескен іс-әрекетінің
жүйесі;
Нәтижені бағалаудың ӛлшемдері;
Нәтижесі;
Қолданудағы шектеуліктер.
Білім беру технологиясы мен оқыту әдістемесінің арақатынасы
қандай деген сұраққа Г.К. Селевко педагогикалық технологияда
процессуалдық, сандық және есептегіш компонент берілсе,
әдістемеде
мақсаттық, мазмұндық, сапалық және вариативтілік –
бағдарлаушылық кӛбірек берілген деп жауап береді. Технология
ӛзінің қайталанғыштығымен, нәтижесінің кӛптеген «егер» (егер
талантты Педагог, егер қабілетті білім алушылар т.б.) дегендердің
болмауымен айрықшыланады. Кейбір жағдайларда екеуі араласып,
бірде әдістеме
технология құрамына кірсе, енді берде
технологиялар оның әдістемесінің құрамына кіреді.
Білім беру практикасында «педагогикалық технология» ұғымы
ҥш ӛзара бағынышты деңгейде қолданылады:
118
1.
Жалпыпедагогикалық
(дидактикалық)
деңгей:
жалпыпедагогикалық (жалпы дидактикалық, жалпы тәрбиелік).
Технология белгілі бір аймақтағы, оқу орнындағы, оқытудың білім
деңгейіндегі тұтас білім беру үрдісін сипаттайды.
Мұнда педагогикалық технология педагогикалық жүйе
ұғымымен мағыналас: оған оқытудың мақсаты, мазмұны, құрал,ғ
әдістер
жиынтығы, үрдістің объект, субъектісінің іс-әрекеттік
алгоритмі енеді.
2.
Жеке әдістемелік (пәндік) деңгей: бұл «жеке әдістеме», яғни
бір пән, сынып, шеберхана аясында оқыту мен тәрбиенің белгілі бір
мазмұнын жүзеге асыру да қолданылатын әдіс, құралдар жиынтығы
(мысалы, оқу пәндерін оқыту әдістемесі және т.б.)
3.
Модульдік деңгей: бұл оқу-тәрбие үрдісінің кейбір
бӛліктерінің технологиясы, жеке
дидактикалық және тәрбиелік
міндеттерді шешу (іс-әрекеттің бір түрінің технологиясы,
ұғымдарды
қалыптастыру,
жеке
тұлғалық
қасиеттерді
қалыптастыру, сабақ технологиясы, жаңа білімді меңгеру
технологиясы және т.б.)
Достарыңызбен бөлісу: