115
Бағасыз оқу бір жағынан тиімді де болды, себебі білім
алушылардың біршамасында дербес, ӛз бетінше оқу қабілеттерін
дамытты. Дегенмен, мұндай оқу кӛпшілік жағдайларда білім
алушылар білімінің, тәртібінің құлдырауына алып келді. Білім
алушылар мектепте, үйде тиянақты білім игеру жұмыстарын
тоқтатты, сабақтарға қатыспайтын болды. Сондықтан да,
алғашқыда қадағалаудың әрқилы формалары біртіндеп енгізіліп, ал
1932 жылдан жеке білім алушының білімі оның даралықты
ерекшеліктерін ескерумен жүйелі бағалау принципі негізінде
орындалатын болды.
1935 жылдың қыркүйек айынан бастап, бес сӛздік (вербалды)
баға: «ӛте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық», «жаман», «ӛте
жаман» – енгізілді. Бұл жүйе 1943 жылға дейін сақталды. 1944
жылдың қаңтарынан білім алушы білімі мен тәртібін бағалаудың
сӛздік бағамен сандық баға жүйесімен ауыстыру жӛнінде шешім
қабылданды.
Реттелген тәртіпте білім есебін жүйелі жүргізу ӛзін ақтады,
білім алушылардың оқу дайындығы мен мінез құлық сапасынан
кӛтерілуіне ұнамды себін тигізді.
Оқу іс-әрекеттерінің нәтижесін балл жүйесінде бағалау
кӛптеген кемшіліктеріне қарамастан ӛз білім алушымасын таппай
отыр. Дегенмен, педагог ғалымдардың кӛбі сауаттылық дәрежесін
бағалаудың мұндай жүйесіне қарсы. Олардың дәйегі:
– білімділік іс-жүзінде үш балдық жүйеде бағаланады (―1‖, ―2‖
бағалары білімсіздік кӛрсеткіштері).
– білімділікті бағалаудың шынайылығы кем (―5‖, ―4‖, ―3‖
бағалары гимназиялық сыныптарға да, дарынды білім алушылар
топтарында да, ақыл-есі кем білім алушылар оқуында да бірдей тең
қойылады. Ал аталған оқу түрлеріндегі білім игеру нәтижесіне
қойылған талаптар әрқилы болатындықтан бағалардың мәні
біркелкілігін жояды).
– білім алушылар білімін бағалауда үш балдық ӛлшем
жеткіліксіз (сондықтан да оқытушылар қосымша ӛлшемдер
қолданып жүр: балл жанына ―плюс‖ не ―минус‖ белгілерін
қояды).Ғалымдар он балдық, он екі балдық тіпті жүз балдық та
бағалау жүйелерін ұсынуда.
Достарыңызбен бөлісу: