Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет58/211
Дата06.02.2022
өлшемі2,14 Mb.
#82001
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   211
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

Қазіргі сабаққа қойылатын жалпы талаптар: 

ғылымның жаңа жетістіктерін, педагогикалық практиканың 
озат тәжірибесін пайдалану, сабақты оқу-тәрбие үрдісінің 
заңдылықтарының негізінде құру; 

сабақта барлық дидактикалық принциптерді және ережелерді 
тиімді арақатынаста жүзеге асыру; 

білім алушылардың қызығушылықтарын, ынталарын және 
сұраныстарын ескере отырып ӛнімді танымдық іс-әрекетке қажетті 
жағдайды қамтамасыз ету; 

білім алушылар ұғынатын пәнаралық байланысты орнату; 

бұрыннан 
оқылған 
білімдермен 
және 
іскерліктермен 
байланыс, білім алушылардың даму деңгейіне сүйену; 

тұлғаның барлық аясын дамытуды ӛзектендіру және 
белсендету; 

оқыту-тәрбиелеу іс-әрекетінің барлық кезеңдерінің логикалық 
байланысы және эмоционалдылығы; 

педагогикалық құралдарды тиімді пайдалану; 

ӛмірмен, ӛндірістік іс-әрекетпен, білім алушының жеке 
тәжірибесімен байланыс; 

практикаға қажетті білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды, 
ойлауды және іс-әрекеттің тиімді тәсілдерін қалыптастыру; 

оқи білу іскерлігін, тұрақты түрде білім кӛлемін толтыруға 
деген сұранысын қалыптастыру; 

әрбір сабақты тиянақты диагностикалау, болжау, жобалушы 
және жоспарлау. 
Қазіргі сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар: 

әрбір сабақтың білім беру мақсатын дәл анықтау; 

сабақтың ақпараттылығын реттеу, әлеуметтік және жекелік 
сұраныстарды ескере отырып тиімді мазмұнды таңдау

танымдық іс-әрекеттің жаңа технологияларын енгізу; 

оқытудың әр қилы түрлерін, формалары мен әдістерін тиімді 
ұштастыру;

сабақтың құрылымын қалыптастырудағы шығармашылық 
ыңғай; 

білім алушылардың әр түрлі ұжымдық іс-әрекетінің 
формаларын дербес іс-әрекетімен ұштастыру; 

жедел кері байланысты, әрекетті қадағалауды және басқаруды 
қамтамасыз ету; 


128 

сабақты ӛткізудегі ғылыми есеп және шеберлік. 
Сабаққа қойылатын тәрбиелеушілік талаптар: 

сабақтағы іс-әрекеттің, оқу материалының тәрбиелеушілік 
мүмкіншіліктерін анықтау; 

оқу жұмысының мақсаты мен мазмұнынан ғана шығатын 
тәрбиелік міндеттерді қою; 

білім алушыларды жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде 
тәрбиелеу, 
ұқыптылықты, 
жауапкершілікті, 
зейінділікті, 
ұжымшылығы, т.б. қалыптастыру; 

білім алушыларға зейінді және сезімталдық қатынас, олармен 
ынтымақтастықта жұмыс істеу
Сабаққа қойылатын дамытушылық талаптар: 
- оқу-танымдық іс-әрекеттің оң мотивін, қызығушылықты, 
шығармашылық 
бастамашылықты 
және 
белсенділікті 
қалыптастыру; 
- білім алушылардың даму деңгейін және психологиялық 
ерекшеліктерін зерттеу және есепке алу; 
- сабақтарды «озу» деңгейінде жүргізу; 

білім алушылардың интеллектуалдық, эмоционалдық, 
әлеуметтік дамуындағы «секірістерді» болжау; 
Осы талаптардан басқа сабаққа мынадай да талаптар қойылады: 
ұйымдастырушылық, психологиялық, басқарушылық, санитарлық-
гигиеналық, этикалық т.б.
Сабақты жіктеудің негізіне оқу мақсаты, оны ӛткізудің әдісі 
немесе оқыту үрдісінің құрамдас буындары жатады. Осыған қарай 
сабақтың әр түрлі типтері ажыратылады.
Танымдық іс-әрекеттің кезеңдеріне қарай сабақтың типтері: 

кіріспе сабақтар 

материалмен бастапқы таныстыру сабақтары 

ұғымдарды қалыптастыру, заңдарды орнату сабақтары

алған білімді практикада қолдану сабақтары

дағдылар сабағы 

жалпылау және қорытындылау сабақтары

бақылау сабақтары

аралас сабақ. 
Оқу орыны тәжірибесінде бір типті сабақтар болмайды. 
Сондықтан оқыту жұмысын жүйелі әрі нәтижелі жүргізу үшін, оны 
топтастырудың мәні орасан зор.


129 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   211




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет