Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет54/211
Дата06.02.2022
өлшемі2,14 Mb.
#82001
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   211
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

тҥрлері 
ажыратылады (В.П.Беспалько):
1 – дәстүрлі дәрістік оқыту; 
2 – аудиовизуальды техникалық құралдар кӛмегімен оқыту; 
3 – «кеңесші» жүйесі; 
4 – оқулық кӛмегімен оқыту; 
5 – «шағын топтар» жүйесі;
6 – компьютерлік оқыту. 
Оқыту технологиясын таңдап, іріктеу – білім алушының оқу-
танымдық іс-әрекетін басқарудың негізгі бір буыны. Қазіргі кезде 
әдебиеттерден осы заманғы білім берудің даму бағыты мен 
тенденцияларын қамтитын 60-тан астам білім беру технологиялары 
қолданылып жүргендігі мәлім.
Г.К.Селевконың, 
Т.Шамованың, 
т.б. 
оқу 
құралдарын 
пайдаланып мынадай оқыту технологияларын кӛрсетелік: 

дидактикалық 
бірліктерді 
ірілендіру 
технологиясы 
/П.М.Эрдниев/; 

тиімді сабақтар жүйесі негізінде технология /А.Окунев, 
Н.Палтышев/; 

дамыта оқыту технологиясы /Л.С.Выготский, В.В.Занков, 
В.Давыдов/; 

оқытудың модульдік технологиясы /В.Монахов/; 

проблемалық оқыту технологиясы /М.Махмутов/; 

тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы /В.Шаталов/; 

түсіндіре басқарып – оза оқыту технологиясы /С.Лысенкова/; 


121 

деңгейлік саралап оқыту технологиясы /Н.Гузик/; 

ойындық оқыту технологиясы; 

жекелеп оқытудың технологиялары /И.Унт, В.Шадриков/; 

түсіндірмелі-иллюстративтік оқыту технологиясы; 

дәрістік-семинарлық-сынақтық оқыту технологиясы; 

М.Монтессори технологиясы; 

еркін еңбек технологиясы /С.Френе/; 

Вальдорф педагогикасы; 

тұлғалық бағдарлы технология; 

оқытудың компьютерлік технологиясы. 
Осы педагогикалық технологиялардың ішінен қазіргі қоғам 
талабына етене жауап беретін тұлғалық бағдарлы технологияны 
атауға болады. Педагогика тарихы мен теориясында және 
практикасындағы тұлғалық бағдарлы оқытудың негізі ретіндегі 
жекелеп оқыту танылған. «Тұлғалық бағдарлы білім беру» ұғымы 
педагогика ғылымына ХХ ғасырдың 90-шы жылдары енгізілгенмен 
оның толық мағынасы нақты белгіленбеген. «Тұлғалық бағдарлы 
педагогика», «тұлғалық бағдарлы білім беру», «тұлғалық бағдарлы 
технологиялар» терминдері педагогикада ХХ ғ. 80-шы жылдардың 
аяғында пайда болған. Соңғы жылдары ғана берілген білім беру 
парадигмасын 
практикаға 
енгізу 
үшін 
педагогикалық 
технологиялар 
жасалуда. 
Білім 
беру 
жүйесінің 
барлық 
деңгейлерінде жаңа технологиялар енгізіліп, оқытудың мазмұны 
тұлғаны дамытуға, білім алушының тұлғалық ерекшеліктерін
ӛзіндік қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін жетілдіруге бағыт алып 
отыр. Сондықтан педагогика ғылымы мен практикасын дамытуда 
тұлғалық бағдарлы педагогикалық технологиясын енгізу ӛзекті 
мәселе болып табылады. 
Бұл білім берудің мазмұнына, оқыту технологиясына ӛзгеріс 
енгізу қажеттілігінің бір кӛрінісі. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін 
педагогикаға кӛптеген оқутудың түрлері енгізілуде. Солардың бірі 
– тұлғалық бағдарлы тұрғыдан оқыту (ТБТО) технологиясы. 
«Тұлғалық бағдарлы білім беру» термині қазіргі уақытта кеңінен 
қолданылады. 
Тұлғалық 
бағдарлы 
білім 
беру 
негізінен 
құндылықтарға бағытталады. Осы оқыту түрін жан-жақты зерттеп, 
оның теориялық-әдіснамалық негізін жасау - біздің міндетіміз 
болып табылады. 


122 
«Тұлғалық-бағдарлы тәрбие» тәжірибесі ерте заманнан-ақ 
басталады. 
Ежелгі 
грек 
философтары 
Сократ, 
Платон, 
Аристотельдің жан-жақты дамыған, еркін тұлғаны тәрбиелеудің 
мақсатын, мазмұны мен әдістерін анықтауға арналған жұмыстарын 
кездестіруге болады. 
Олардың айтуынша, тұлғалық тұрғыны құлықтық ӛзін-ӛзі 
жетілдіру, табиғи қабілеттерін дамыту, тұлғаны қоғамдық қызметке 
дайындау негізінде жүзеге асыруға болады. 
«Тұлғалық–бағдарлы 
педагогика» 
мәселесі 
бойынша 
жинақталған педагогикалық білімді талдай отырып, біз ұзақтығы 
әртүрлі 6 даму кезеңі белгілі. 
«Тұлғалық бағдарлы» сӛз тіркесі білім беру процесінде 
қолданылуына байланысты біздің педагогикалық сӛздікке 
ағылшынның «person-centered» («тұлға орталықты») және «pupil – 
centered» («білім алушы орталықты») сӛздерінің аудармасынан 
енгізілген. Олар Карл Роджерстің ізгіліктік педагогикасы және 
ізгіліктік психологиясындағы ұғымдардың бірі еді.
 
Тұлғалық бағдарлы білім берудің әдіснамасын И.С.Якиманская 
толық зерттеген. И.С.Якиманскаяның белгілеуінше, тұлғалық 
бағдарлы оқытуда білім алушының субъектті тәжірибесіне сүйенуі 
керек. Субъектті тәжірибе танымда айқындалатын жеке іс-әрекеттің 
негізі болып табылады. Білім беру процесінде Педагог беретін 
тәжірибесі және білім алушының субъектті тәжірибе мәдениеттілік 
сипатқа иеленеді, ӛзгереді, дамытылады, жетілдіріледі. 
И.С.Якиманскаяның тұжырымдамасында тұлғалық бағдарлы 
педагогикасының білім берудегі мақсаты – білім алушының жеке 
тұлғалық қасиеттерін мақсатты түрде анықтап, дамыту үшін 
қажетті жағдайларды (әлеуметтік, педагогикалық) тудыру, ол 
қасиеттерді «мәдениеттендіру», әлеуметтік мәнді іс-әрекеттерге 
айналдыру.
Отандық педагогикада «педагогикалық технология» ұғымы 
оқыту және тәрбиелеу үрдісінде бірдей қолданса, шетелдік 
педагогикада ол тек оқыту саласымен шектелген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   211




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет