Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет61/211
Дата06.02.2022
өлшемі2,14 Mb.
#82001
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   211
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

Дәстҥрлі емес сабақ
– бұл орнатылмаған құрылымы бар 
импровизациялық оқу жұмысы.
И.П.Подласыйдың, Г.К.Селевконың т.б. еңбектерінде дәстүрлі 
емес сабақтардың 30 астам түрі келтірілген. 
Сабақтың дәстҥрлі емес технологиясына жататындар
:

пәнаралық байланысқа негізделген интегралды сабақтар; 

жарыс және ойын формасындағы сабақтар: байқау, турнир, 
іскер немесе ролдік ойындар; 

қарым-қатынастың кӛпшілік 
формаларын имитациялау 
сабақтары: пресс-конференция, аукцион, ауызша журнал т.б.; 

мемлекеттің және ұйымдардың іс-әрекетін имитациялауға 
негізделген сабақтар: сот, парламенттегі дебаттар; 

қоғамдық-мәдени шараларды имитациялаудың сабақтары: 
ӛткенге сырттай экскурсия, жорық, әдеби серуен; 

сабақтан тыс дәстүрлі формаларды сабақ шеңберіне енгізу, 
кӛңілділер, 
тапқыштар 
клубы, 
«Не? 
Қайда? 
Қашан?», 
инсценировка.
Дәстүрлі емес сабақтар қандай дидактикалық міндеттерді 
шешуде қолдануға болады деген сұраққа, іскерлікті және дағдыны 
қалыптастыруға, білімді жалпылау және жүйелеуге, қайталау және 
бекітуде, бақылау-тексеруде қолдануға болады деген қорытынды 
жасаймыз. Ал, интегралды және конференция сабақтары арқылы 
жаңа білім меңгеру міндетін де шешуге болады. Сонда дәстүрлі 


133 
емес сабақтар оқытудың басты формасы – дәстүрлі сабақтардың 
функцияларын атқарып, оның кӛмекші формасы болады.
Дәстүрлі емес сабақтың түрін таңдап алғанда тақырыптың 
мазмұнын, білім алушылардың даярланғандық дәрежесін
материалдық базаны, педагогтің мүмкіншілігін, оқулықтардың, 
кӛмекші оқу құралдарын т.б. есепке алу керектігін тәжірибе 
кӛрсетті.
Кӛптеген қазақ оқу орынытерінде жұмыстың топтық формасы 
бар сабақтарды, театрландырылған, ойын сабақтарын ӛткізуге 
жағдай жоқ. Ӛкінішке орай, біраз білім алушылардың білім 
деңгейінің тӛмендігі іскер ойындар, шығармашылық, «сот» т.б. 
сабақтарды ӛткізуге қолбайлау болып отыр. Зерттеу, түпдеректі 
талдау, бинарлық (қосарланған( сабақтарды ӛткізейін десе оқулық, 
қосымша оқу құралдары жетіспейді.
Дәстүрлі емес сабақтарға дидактикалық, тәрбиелеушілік, 
дамытушылық, 
ұйымдастырушылық, 
психологиялық, 
басқарушылық, санитарлық-гигиеналық, этикалық т.б. талаптар 
қойылады. Кейбіреулерін кӛрсете кетелік: 

білім алушылардың қызығушылығын, ықыласын т.б. ескере 
отырып дәстүрлі емес сабақты ӛткізуге қажетті жағдайды 
қамтамасыз ету; 

білім алушының барлық аясын дамытуға себептендіру және 
белсендету жұмысын жүргізу; 

дәстүрлі емес сабақта жедел кері байланысты, пәрменді 
қадағалауды және басқаруды қамтамасыз ету; 

педагогикалық әдепті сақтау, білім алушылармен қарым-
қатынасты, бірге іс-әрекет жасауды жоғары дәрежеде жүргізу; 

білім алушылардың дамуында жаңа сапалы ӛзгерістерді 
жүзеге асыруды стимулдау.
Дидактикада сабақты талдаудың әдістемесі баршылық.
Дәстүрлі емес сабақтар үшін, әрине, арнайы сабақ талдаудың 
схемасын жасаудың қажеті жоқ. Біздің пікірімізше, бар схеманың 
бӛлімдерін тереңдетіп, жан-жақты қолданса жеткілікті. Дәстүрлі 
емес сабақтарды талдағанда жалпы сұрақтармен бірге мына 
сұрақтарға жауап алудың қажеті бар сияқты: 

сабақты даярлауға білім алушылардың қатысуы, белсенділігі; 

қолданылатын жадығаттың қызығушылық, еліктеушілік 
әдеттен тыс дәрежесі; 


134 

білім алушылардың танымдық іс-әрекетін стимулдаудың 
тәсілдері, жолдары қандай болды; 

сабақ барысында білім алушыларды толықтыруға, түзетуге, 
рецензиялауға т.б. қаншалықты қатыстырылғандығы.
Осы орайда тӛмендегі мәселелер ескерілуі тиіс: 

оқу мазмұнының танымдық бағытталғандығы; 

сабақтың 
білімділік, 
дамытушылық 
және 
тәрбиелік 
мақсаттарының дұрыс қойылуы; 

сабақтың мақсатына, мазмұнына сәйкесті түрін, құрылымын, 
оқыту әдістерін талдау; 

оқытудың педагог мен білім алушылардың диалектикалық 
ӛзара байланысы екені туралы ұғымды білдіретіндігі; 

білімді меңгеру үрдісінің құрылымын, яғни қабылдау, түсіну, 
ұғыну, жинақтау, бекіту, қолдануды жүзеге асыру; 

проблемалық оқытуды сабақта іске асыру жағдайлары; 

сабақтың 
әртүрлі 
кезеңдерінде 
білім 
алушылардың 
фронтальды, топтық және жеке жұмысына қатынасы; 

сабақта оқыту мен тәрбиелеу ұстанымдарының орындалуы.
Топтармен жұмыс істеу кезіндегі сабақ оқытушылардың әбден 
үйреніп кеткен дәріс түрінде жүргізілетін сабақтардан мүлде 
ӛзгеше болады. Топтармен жұмыс істеудің қалыптасқан сабақ 
түрінен айырмашылығы: 
1. Студенттер сабаққа белсенді қатысады. Оқытушы барлық 
жұмысты жүргізіп жатқанда, олар енжар қалыпта қалмай, 
тапсырманы орындау үстінде болады. 
2. Студенттер жұмысқа ӛздерінің жолдастарымен бірлесе 
кіріседі. Сол топтың мүшесі есебінде ол да басқалардың ойы мен 
пікірлерін талқылауға құқылы болады. Олар бір-біріне сұрақ қояды, 
түрлі пікірлерін айтады, біріне-бірі қол ұшын беруге үйренеді. 
3. Кӛптеген студенттер бұл тәсілден ӛзіне қажетті пайда алады:
- талантты білім алушылар топтың кӛңілін аудармай-ақ 
ӛздерінің қабілеттерін кӛрсете алады;
- топтарда жұмыс істеген уақытта студенттер ӛздерін еркін 
сезінеді. Бұрын топта байқалмайтын студент тұйыққа тірелген 
жағдайда ӛзінің білімін кӛрсету мүмкіндігіне ие болады. Шағын 
топта студент ӛзінің ешкімнен кем емес екенін, топтағы 
студенттердің бұның да ой-пікіріне құлақ қойып бағалайтынын 
кӛреді;


135 
- топтармен жұмыс істеу жүйесі ұяң студенттерге де кӛп пайда 
береді.
Топта жұмыс істей отырып, ондай жастар сенімділікке 
тәрбиеленеді. Олар отыз адамның кӛз алдында тұрғаннан гӛрі 3-4 
студенттен құралған топта ӛздерін еркінірек сезінеді. 
Топтарда жұмыс істеуге дайындықты қалай бастау керек?
 
Топтарда жұмыс істеу әдісін сабақ барысында қолданғысы келетін 
бір не бірнеше әріптестер тауып алудан бастаңыз. Бәріңіз жинала 
отырып, сабақ жоспарын, топтарға бӛлуді және білім алушыларды 
шағын топтармен жұмыс істеуге дайындау мәселелерін 
талқылаңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   211




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет