10.3 Мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі дамытушы ортаның негізгі сипаттары Заманауи мектепке дейін білім беру мекемесі, егер олар бұл саты-
да мамандардың жұмысын реттейтін негізгі нормативтік құжаттарға
қайшы келмесе, білім беру бағдарламаларын таңдауда, балаларды да-
мыту жағдайын жасағуда ерікті. Сонымен бірге балалардың сапалы
білімге құқығын қамтамасыз ету үшін дамытушы ортаның негізгі сипат-
тарын анықтау қажет, олар мектепке дейінгі мекеменің педагогикалық
ұжымының жеке даралығына және оны «идеалды» мектепке дейінгі
мекеме деген түсінікке қарамастан қарастырылуы керек.
М. Н. Полякова «Балалық шақ» бағдарламасын жасаушылар
тұрғысынан мынадай сипаттарды бөліп көрсетеді.