29
әдістеме, шарттар кешені және т.б.) тәжірибелік тексеруді қажет ететін
зерттеудің эксперименталдық факторы бола алады. Ол бұл факторды
мектепке дейінгі мекемелердің, мектептің, арнайы орта білім беретін
оқу орындарының, жоғары оқу орындарының педагогикалық процесіне
енгізу жолымен (екі-үш бақылау жұмыстарын алу арқылы) жүзеге асы-
рады.
«1-бақылау» эксперименттік факторды енгізер алдында жүргізіледі.
«2-бақылау»
енгізу процесі кезінде, «3-бақылау» - тәжірибелік-
эксперименттік жұмыс аяқталғанда жүргізіледі. Эксперименттік
факторды енгізгенде және «бақылауды» жүргізгенде бақылау және
эксперименттік топтарды таңдап алу маңызды. Эксперименттік топта
зерттеуші ұсынған эксперименттік фактор енгізіледі. Бақылау тобында
эксперименттік фактор енгізілмейді. Екі топтағы «бақылау» нәтижелері
жасалған бағдарламаның (технологияның, жүйенің) тиімділік өлшемі
болады. Эксперименттік топ пен бақылау тобы негізгі көрсеткіштері
жағынан (сандық құрамы, жасы, квалификациясы, даму деңгейі
және т.б.) бірдей болуы тиіс. Тәжірибелік-эксперименттік
жұмыс
басталардың алдында оның барысы мен нәтижелерін диагностикалау
әдісі таңдалады, жаңаны енгізудің жағымды және жағымсыз жақтары
болжанады, диагностикалық материалдар дайындалады.
Мысалы, эксперименттік жұмысты ұйымдастыру және жүргізу
процесін нақты мысалмен қарастырайық. Зерттеуші эксперименттік
фактор ретінде ойын әрекетінде мектепке дейінгі жастағы ересек
балалардың коммуникативтік білігін дамыту бағдарламасын ұсынды.
Бұл жағдайда ол:
•
эксперимент бағдарламасын құрады, яғни оның мақсатын,
міндеттерін, мазмұнын, ұйымдастыру және жүргізу
әдістерін
анықтайды;
•
мектепке дейінгі жастағы ересек балалардың коммуни-кативтік
білігінің қаншалықты дамығандығын диагностикалау әдістерін
таңдайды, диагностикалық материал дайындайды, балалардың
коммуникативтік білігінің дамуын, енгізудің мүмкін болатын жағымсыз
салдарларын, эксперимент барысын түзету тәсілдерін болжайды (сту-
дент мынадай сұрақтарға жауап беруі тиіс: нені және қалай болжаймын,
қандай нәтиже болуы мүмкін, түзетулерді қалай енгіземін?);
•
эксперименттік және бақылау топтарын анықтайды (олардағы
балалардың саны бір шамалас,
жас мөлшері, педагогтың квалифи-
кациясы, ойын алаңының жабдықталуы, мектепке дейінгі мекемеде
30
болу жағдайлары, күн тәртібі және басқа да топтарды теңестіретіндей
ұйымдастыру белгілері бірдей болуы керек;
•
таңдалып алынған диагностика әдістемесінің көмегімен
эксперименттік және бақылау топтарында
жасалған бағдарламаны
енгізгенге дейін «1-Бақылау» жүргізіледі;
•
ойын әрекетінде мектепке дейінгі жастағы ересек балалардың
коммуникативтік білігін дамыту жөніндегі ұсынылған бағдарламаны
эксперименттік топқа енгізеді.
•
тәжірибелік-эксперименттік жұмысты жасалған бағдарлама
бойынша жүргізеді;
•
эксперименттік бағдарламамен жұмыс кезеңінде эксперименттік
және бақылау топтарында «2-Бақылау» жүргізіледі, алынған деректерді
салыстырады, бағдарламаның артықшылықтары мен кемшіліктерін
анықтайды, қажетті түзетулер енгізеді;
•
жасалған түзетулерді ескере отырып, эксперименттік жұмысты
ары қарай жалғастырады;
•
тәжірибелік-эксперименттік
жұмыстың аяғында қорытынды
«3-Бақылау» жүргізеді (эксперименттік және бақылау топтарында),
алынған нәтижелерге талдау жасалады;
•
«3-Бақылаудың» эксперименттік деректерін салыстырмалы
түрде талдайды, ойын әрекетінде мектепке дейінгі жастағы ересек
балалардың коммуникативтік білігін дамыту динамикасын байқайды;
•
жасалған бағдарламаның тиімділік деңгейі жөнінде қорытынды
жасалады, оның жағымды және
жағымсыз жақтары көрсетіледі;
•
зерттеудің
болашақтағы
міндеттері,
эксперименттік
жұмыстарын ары қарай жалғастырудың мүмкін болатын бағыттары
көрсетіледі.
Ұсынылған зерттеушінің жұмыс алгоритмін орындалатын кез
келген практикалық зерттеуде педагогикалық эксперимент аясында
қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: