Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


субъект  практикалық  әрекет пен



Pdf көрінісі
бет42/187
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#82391
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   187
субъект 
практикалық 
әрекет пен
 
танымды жеткізуші, объектіге немесе объектілер жүйесіне 
бағытталған белсенділік көзі ретінде анықталады.
Л. И. Божовичтің көзқарасы тұрғысынан, субъект – өзін-өзі жасай-
тын адам.
М. М. Бахтин субъект – саналы белсенділікпен, бағытты 
мақсаттылығымен және шығармашылығымен сипатталатын тұлға деп 
көрсетеді.
«Субъект» және «объект» ұғымдарының мазмұнын салыстыра 
келе, В. А. Лекторский: «Объект субъект еместердің бәрін білдіреді» 
деп түсіндіреді.
Субъект және объект - философиялық категория, олардың пайда бо-
луы адамтану мәселелерін ашу теорияларымен байланысты. Адам - өте 
күрделі жүйе, ол өзінің бойына биологиялық, интеллектуалдық және 
рухани бастауларды сіңірген. Адам – бірнеше сатылы күрделілігі бар
біртұтас жүйе. Ол қоғамда тұратын, оның заңдарымен өмір сүретін, 
бірақ мәдениеттен жасалған, мәдениетті жасаушы және мәдениетке 
тәуелді биосоциомәдениетті жан.
Адамның қоғамдағы орны мен рөлінің өзгеруіне байланысты 
(құлдан тұлғаға дейін) оған феномен ретінде қатынас жүйесі де өзгереді.
Бүгін біз адамды еркіндігі, жауапкершілігі бар, өзін және 
айналасындағыларды шығармашылықпен дамытуға ынталы, жауапты 
тұлға ретінде гуманистік көзқарас тұрғысынан қарастырамыз.
Бұл идеялар білім беру саласында жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу 
мақсаттарында толығымен көрініс табады.
Мақсат - білім беру идеалын жеке тұлғаның белсенді, өз бетімен, 
жоғары адамгершілікпен, интеллектуалды дамуы деп сипаттауға бола-
ды, ол айналасын саналы және шығармашылықпен ары қарай дамытуға 
қабілетті ұлттық және әлемдік мәдениеттің жеткізушісі мен өкілі болып 
табылады. 
Білім беру жүйесінің алдына жан-жақты үйлесімді дамыған жеке 
тұлғаны қалыптастыру мақсатын қоя отырып, біз баламен іс-әрекет, та-
ным және қарым-қатынас субъектісі ретінде өзіміздің өзара байланысы-
мызды орнатамыз. Субъектіні жас кезеңдерінің барлығында ынтасыз, 
үнемі қамқорлық пен шектеушілікті қажетсінетін объект тұрғысынан 
қарастыру арқылы тәрбиелеу мүмкін емес.


38


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   187




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет